Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ Уразалинов.А.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
244.22 Кб
Скачать

2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы

Атқарушы билік бұл - әмбебап, ұйымдастырушылық сипатқа ие, заңдардың және заң шығарушы биліктің өзге де актілерінің орындалуының қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік биліктің заңға бағынышты органы.

Атқарушы билік «Әкімшілік» түсінігінің этимологиясынан шыққан («administrare» - біреу үшін қызмет ету, «ministrare» жалғауы «қызмет етуші» дегенді білдіреді). Атқарушы билік кеңістікте болады, яғни адамдар ұжымды қымет еткен жердің жузеге асырылады.

Атқарушы биліктің бірден бір белгісі болып мыналар шығады: құқықтық, ақпараттық, экономикалық, техникалық, идеологиялық, ұйымдастырушылық ресурстар. Бұларда дәйекті мемлекеттік күш шоғырланған. Мемлекеттік биліктің бұл тармағы заңдық сипатқа ие. Оның іс-әрекеттері мен актілері заңға негізделеді және өзге де заңдық актілердің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Атқарушы биліктің қолында ұлы күш шоғырланған, яғни оның шенеуліктері. Бұл күштің ішінде үлкен орынға әскерлер, қауыпсіздік органдары, полициялар ие.

Атқарушы билік мемлекеттік биліктің бірлігінің көрінісі ретінде мемлекеттік биліктің бірлігінің көрінісі ретінде мемлекеттік аппараттың қызметінде шынайы сипатқа ие, мәні бойынша мемлекеттік басқару органы болып табылатын, қазіргі уақытта аткарушы орган деп аталатын жүйе.

Атқарушы билік тікелей мемлекеттік қызмет болып мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға органдардағы қызметі.

Атқарушы билік құрамына Укімет, министрлік, Республиканың мемлекеттік комитеттері мен ведомоствалары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшіліктері енетін мемлекеттік басқару органдарының жүйесі.

Атқарушы билік органдары өз мазмұны бойынша атқарушы және етуші болып табылатын қызметті жүзеге асырады. Зияндылыққа сәйкес мемлекеттік – биліктік өкілеттерге ие. Бұл органдар дербес құқық шығармашылық, құқық қолдану және оларды іске асырудың кең өкілеттіліктерін иеленген. Атқарушы билік органының қызметінің заңға бағыныштылығы - олардың құқықтық, жағдайының маңызды сәті. Олар өзінің барлық қызметінде Конституцияның және заңдардың талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің өзіндік жүйесі бар:

  1. Мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы органы – Укімет;

  2. Мемлекеттік биліктің орталық атқарушы органы - Министрліктер,

комитеттер мен ведомствалар, агенттіктер;

3. Жергілікті атқарушы органдар - әкімдер, комитеттер, бөлімдер, комиссиялар.

2.3.1 Үкімет

Қазақстан Республикасының Конституциясының, 64–бабына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесің басқарады жене олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет кез-келген мемлекетте атқарушы биліктің жоғарғы алқалы органы болып табылады.

«Үкімет туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығымен Үкіметтің өкілеттілік мерзімі, құрамы, қалыптасу тәртібі, оның Президентпен, Парламентпен, жергілті өкілді және атқарушы органдармен өзара қарым-қатынасы анықталады.

Үкімет Республика Президентімен Президент өкілеттігі мерзімі шегінде әрекет етеді және жаңа Президенттің алдында өз өкілетілігін доғарады. Алайда Үкімет өз өкілеттігін Үкіметтің жаңа құрамы белгіленгенше жалғастыра береді.

Президент Үкіметі Парламенттің қатысуымен құрады. Яғни, Премьер - Министр Парламенттің келісімімен тағайындалады. Егер Парламент Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған кандидатурасы екі рет қабылдамай тастаса, Президент Парламент тарата алады және жаңа сайлау тағайындалады. Үкіметтің құрамы және құрылымы туралы ұсыныс Республика Премьер - Министрімен қызметіне тағайындалғаннан кейінгі он күн ішінде ұсынады.[10]

Үкімет мынадай құрамда құрылады: Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі, Премьер-Министрдің орынбасарлары, Республика Үкіметі Аппаратының жетекшілері, министрлер, мемлекеттік комитеттердің жетекшілері. Үкіметтің барлық мүшелері қызметіне Республика Президентімен тағайындалып, босатылады.

Премьер-Министр тағайындалғаннан кейінгі бір ай ішінде Үкімет Бағдарламасы туралы баяндаманы Парламентке ұсынады. Бағдарлама қабылданбай тасталған жағдайда Премьер -Министр екі ай ішінде Парламентке Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады.

Заңдылық Үкіметтің толық құрамымен немесе жекелеген мүшелерінің қызметінен кету мүмкіндіктерін қарастырады.

Қазақстан Республикасының Үкімет:

1. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының оның қорғаныс қабілетің, қауыпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.

2. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің, атқарылуын қамтамасыз етеді.

3. Мәжіліске заң жобаларын енгізу және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді.

4. Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады.

5. Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді.

6. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және кызметтен босатады.

7. Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктеген өзге де қызметтерді орындайды.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі:

1. Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.

2. Өзі тағайындалған кейінгі бір ай ішінде Парламентке Үкімет бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған жағдайда екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады.

3. Үкімет қаулыларына қол қояды.

4. Үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да міндеттерді атқарады.