- •Курстық жұмыстың обьектісі – мемлекеттік жалпы әлеуметтік категорияны және биліктің түсінігі мен бөлу теориясы оған деген көзқарастар болып табылады.
- •І. Мемлекеттік биліктің құқықтық табиғаты
- •1.1 Билік – жалпы әлеуметтік категория
- •1.2 Мемлекеттік биліктің түсінігі
- •1.3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы
- •Іі. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік билік органдары
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары
- •2.2.1 Парламент
- •2.2.2 Жергілікті өкілді органдар
- •2.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің атқарушы органы
- •2.3.2 Орталық атқарушы органдар
- •2.3.3 Жергілікті атқарушы органдар
- •2.4 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сот билігі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған Әдебиеттер
- •Саяси реформалар кезеңдері
Қорытынды
Мен осы еңбегіміді жаза отырып, көптеген саналы пікірлермен қоса салиқалы ойларды көкірегіме түйіп өзімше белгілі бір тұжырымдамаларға тоқтадым.
Атап айтар болсақ, менің пікірім билік иесі болу деген - әр кез иненің ұшында, қылыштың қырында отырумен бірдей қиын шаруа. Кейде бір шаңырақтың астында түтін түтетіп отырған ағайындылардың өзі тіл табыса алмай, жағы жыртысып жатады. Біз қанша жерден мемлекеттік билік органдарында отырған үлкендерімізді жер-жебіріне жетіп даттасақ та, біз үшін, яғни қалың халық үшін олардан артық жанашыр адамдар жоқ. Себебі қырық рулы елдің басын қосып ортақ мәмілесін табу, бірлігін сақтау, ішкі сыртқы саясатын, мәдениетін орнықтыру қуатын арттыру қолдан келе бермес машақатты да мәртебелі іс. Біз осыны бағалауға тиіспіз.
Қазақтың біртуар ақыны М. Шаханов айтпақшы:
«Алмас қылыш секілді халық деген
Ұстайтындар аз оны парықпенен
Қайрай білу – бір өнер
Жұмсай білу - бір өнер
Құрай білу – бір өнер».
Ендеше біз осындай «саяси үлестірушілердің» барлығына тәубе келтіруіміз керек. Соттар пара алады дейміз, мейлі. Егер парақор болсын, жалақор болсын қоғамымызда әділетті «ішінара» болса да қалпына келтіріп отырар соттар болмаса, адамдар бірін-бірі түтіп, жұлып тастамас па еді ?!
Қорыта айтқанда, біз биліксіз, басқарусыз өмір сүре алмаймыз. Өйткені билік – алғашқы қауымдық құрылыстан бастап қазіргі өркениетті заманға дейінгі даму сатысында қоғамдық қажеттілік.
Тіршіліктің өзі жалқы мен жалпыдан, билеуші мен халықтан тұрған. Бұл екі таптың арасындағы қарым-қатынас, жоғарыда өзіміз айтқандай, қай дәуірде де тарих сахнасынан түспей келген.
Ал билік иесі дегеніміз - өз елінің тұтқасы, тәрбиешісі. Ел соған қарап бой түзейді, іс істейді, сөз саптайды. Олай болса, мемлекеттік билік органдарындағы лауазымды тұлғаларымыз әмбебап болуы тиіс. Әйтпесе, қалың халықтың сиқы қашып, сыйластықтарын кір шалады.
Арабтың атақты жиһангезі әл-Идрисиі «Әміршінің әйелі билікке араласса, құлдың қатынының да аузы қышып тұрады», - деген екен, Орта-Азияны аралаған сапарында.
Иә, билік жүрген жерде қызғаныштың қызыл оты өшпейді, билік лауазымға жетер жол, кейде тым жақын көрінгенімен, аса жауапты, әрі қатерлі. Жауаптысы – соңында қалың халық. Олардың бары мен жоғы, бағы мен соры сенің қолыңда. Қатерлісі - әр басқан адымыңды, әрбір ауыз сөзіңді аңдыған дұшпаның да аз емес. Сондықтан да болар, небір аламан-асырды бастан кешіп, саясаттың ойы мен қырын тегіс кезген билердің бірі:
«Әмірші қашанда ел арасынан шыққан айбатты әрі ақылды адамдарды жанына жинаса, абыройға бөлінеді. Олардан сақтанып, қорқып, сыртқа тепсе, өзіне бітпес жау әзірлейді. Ондай адамдардың бірі мыңға татиды», - деп кейінгіге ұлағат тастап кеткен. Ал, біз қазіргі билік иелеріне қарамағына ақымақ жүз туысыңды топтастырғанша, жаныңа ақылды бір бейтаныс адамды ал, - деп неге айтпаймыз. Міне, сонда ғана ел жайында көкейлерінде жүрген қадау-қадау ойлардың бұлағын ағытып, халықтың болашағын көздеп, қабырғалары қайысар мемлекеттік билік органдары қалыптасар еді.
Халқымыз бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүріп, ауздарынан ақ арылмауы үшін ел басшымыз, Президентіміз мемлекеттік билік органдары өзара ықпалдастық пен мүдделестікке болуына жағдай жасауы тиіс. Бұл туралы осы еңбек барысында талай рет айтқан болатынбыз.
Перзиденттік лауазым – ілуде біреудің маңдайына бұрар тағдырдың ұлы сыйы. Олар осы заңғар биіктікке өзінің сұңғыла саясаткерлігімен, ақыл парасатымен жетіп жатады. Ел басшысы мәңгілік үш өлшем – кешегі мен бүгінгіні және болашақты таразы басына тең ұстап, ақылмен сарапшы ғып отыруы керек.
Міне, біз осылайша талғам – түсінігіміздің шеңберінде мемлекеттік билік органдары жайында әңгіме өрбіттік. Осы еңбегіміз өзгелердің көңіліне қонып, өзінше бағаланып жатса, оны мақсатымыздың орындалғаны деп білейік.
Сөзіміздің соңын билік туралы әр дәуірде үн қатқан ұлылардың пікірімен аяқтасақ:
Пифагор: «Ақымаққа – қылышты, ұятсызға – билікті сеніп тапсырудың қауіпі бірдей».
Ш. Монтескье: «Зорлықпен іргетасы қаланған билік зорлықтың құрбандығына айналады».
Ж. Лабрюнер: «Аса мәртебелі орын адамның қадір-парқын арттыра түседі, ал уақ адамдарды тіптен уақтандырып жібереді».
Иә, тағдыр біздің жолымызды рухани байлықтан іргесін аулақ салған билік иелерімен түйістіре көрмегей !
