Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оку-танысу тәжирибеси адист нускай Каржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
123.9 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі

«Қаржы және есеп» кафедрасы

Н.Қ. ШАМИШЕВА

5В050900-«Қаржы» мамандығы студенттері үшін

ОҚУ-ТАНЫСУ ТӘЖІРИБИЕСІНЕН ӨТУ БОЙЫНША

Әдістемелік нұсқау

Астана 2013 ж.

5В050900-«Қаржы» мамандығы студенттері үшін оқу-танысу тәжірибиесінен өту бойынша әдістемелік нұсқау /Шамишева Н.К./ – Астана: ҚазГЗУ, 2013 ж. –15 бет.

5В050900-«Қаржы» мамандығы студенттері үшін оқу-танысу тәжірибиесінен өту бойынша әдістемелік нұсқау ҚР МЖМБС 6.08.008-2008. Жоғары білім. Бакалавриат. 050509-Қаржы. және ҚР МЖМБС 5.03.005 - 2006. ҚР білім беру жүйесі. Кәсіптік тәжірибе. Негізгі ережелер. талаптарына сәйкес әзірленді. Әдістемелік нұсқау мазмұны оқу-танысу тәжірибиесінен өту талаптарынан, бағдарламасынан және нұсқаулардан тұрады.

Сын пікір берушілер:

М.М.Мухамбеков, э.ғ.д., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры

А.М. Токтабаева, доктор PhD , доцент

«Қаржы және есеп» кафедрасының отырысында талқыланды, №7 хаттама, «19» қаңтар 2013 ж.

Кафедра меңгерушісі:___________Омашева А.Б.

ЭБжәнеӘҒМ оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды, №__хаттама, «__» ___________2013 ж.

Төраға:___________А.С.Сабыров

Мазмұны

1. Жалпы ережелер ......................................................................................

4

2. Оқу-танысу тәжірибесінің мазмұны ......................................................

5

3. Тәжірибе бойынша есепті рәсімдеуге қойылатын талаптар ...............

5

4. Есепті қорғау тәртібі ...............................................................................

6

5. Қосымшалар .............................................................................................

6

1. Жалпы ережелер

Оқу-танысу тәжірибесінің мақсаты кәсіпорындағы (ұйымдағы) ұйымдастыруды, басқарумен танысу болып табылады.

Оқу-танысу тәжірибесінің базасы ретінде кәсіпқой қызметке сәйкес өнеркәсіптік немесе басқа ұйымдар (жетекші шешімі бойынша) болады. Тәжірибе ұзақтығы 5В050900 – «Қаржы» мамандығы студенттерінің академиялық күнтізбесімен анықталады. Тәжірибеге жетекшілікті кәсіпорындағы бас маман және университеттен кафедра оқытушысы жүзеге асырады.

Оқу-танысу тәжірибесі кезеңінде студент тәжірибе бойынша есепті жазу үшін қажетті ақпаратты жинауы тиіс. Оқу-танысу тәжірибесін күнтізбелік жоспарға сәйкес өтеді. Оқу-танысу тәжірибесінен өту кезінде орындалатын жұмыстардың сипаты мен мазмұны, студенттің ұйым, кәсіпорынның қоғамдық өміріне қатысуы көрсетілетін күнделік толтырылуы керек. Күнделіктегі жазбалар күнделікті жүргізілуі қажет. Күнделік ұйымдағы жетекшімен үнемі тексеріледі және қол қойылады, және тәжірибе аяқталған соң кәсіпорын басшысының қолымен және мөрмен бекітіледі.

Оқу-танысу тәжірибесінен өту кезінде студент ұйымда белгіленген ішкі тәртіп ережелерін қадағалауы тиіс, ваканттық қызметте жұмыс істей алады немесе стажер болып, ұйым, кәсіпорын бөлімдеріндегі жұмыс процесіне тікелей қатыса алады.

Оқу-танысу тәжірибесі 1-2 курстарда ұйымдастырылады. Ол бойынша бағдарлама жалпы немесе мамандықты шығарушы кафедрамен әзірленеді.

Оқу-танысу тәжірибесінен өтуде студент тиіс:

  • Тәжірибе бағдарламасын толық орындауы, жоғары оқу орнымен бекітілген нысанда тәжірибе күндегілін жүргізуі;

  • Тәжірибе базасындағы ішкі тәртіп ережелеріне бағынуы;

  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін білуі және қатаң қадағалауы;

  • Кафедра тапсырмасы бойынша оперативті жұмыстарға қатсыуы;

  • Кафедрадан тәжірибе жетекшісіне бекітілген нысанда барлық тапсырмалардың орындалғандығы туралы тәжірибе базасы жетекшісімен қол қойылған жазбаша есеп, күнделік тапсыруы.

Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша студент тәжірибе жетекшісімен тексерілген есепті кафедраға тапсырады және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижесі белгіленген бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша дифференциалдық сынақпен бағаланады.