Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
474.62 Кб
Скачать

1 Сынып. Сырлы да сазды әуен.

Нәрестеге арналған әндер. Тұрмыс-салт әндері. Төрт-түлік малға арналған әндер. Қазақ аулына саяхат. Лирикалық (сазды) әндер. Табиғат туралы әндер. Арқаның асқақ әншілері. (Біржан сал мен Ақан сері). Әнші атаның базарлығы.

Күмбірлеген күміс күй

Домбыраға арналған күйлер (төкпе, шертпе). Қобызға арналған күйлер. Қорқыт – күй атасы. Ықылас күйлері. Ән мен күйді не жақындатады? Сыбызғыға арналған күйлер. Ұрып ойнайтын аспаптар: тұяқ, мүйіз, дабыл. Оркестр т.с.

Музыка сабағындағы іс-әрекет.

Ән орындау. Балаларды әнді орындау ережелерімен таныстыру. Әншілер ұжымын тәрбиелеу – біркелкі дауыстардың ұласуын, мәнерлілікті қалыптастыру (унисон, фразировка, ансамбль). Дирижердың негізгі қол қимылын түсіне білу: зейін, тыныс алу, әннің басы, аяғы. Дыбысты таза, күш салмай жеңіл меццо-пиано және меццо-форте аралығында орындау. Ортаңғы дауыс диапазонын (ми-ля 1-октава) қалыптастырып, біртіндеп кеңейту. Жыл аяғында (до, ре 1-октава: до 2-октава) жеткізу. Дауыс аппаратымен дұрыс жұмыс жасау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды мәнерлі орындау, әннің мазмұны мен сипатын түсіну негізінде шығарманы мәнерлеп орындау (көңілді, нәзік, көңілсіз, ойнақы, т.б.). Үйретілетін әндерді және дауыс жаттығуларын сүйемелсіз орындауға дағдыландыру (капелла).

Орындауға арналған әндер

«Бала уату»- Қазақтың халық әні.

«Бесік жыры» - Қазақтың халық әні.

«Жұмбақ саусақ» - Қазақтың халық әні.

«Он саусақ» - Қазақтың халық әні.

«Төлдер» - Б.Ғизатов. Ж.Өмірбеков.

«Қой мен ешкім өсе бер» - Қазақтың халық әні.

«Малдын төлін емізуге шақыру» - Қазақтың халық әні.

«Бөрте лақ» - Ө.Бәйділдаев. Ә.Тәжібаев.

«Әліппе» - Б.Ғизатов. Ж.Нәжімеденов.

«Менің Отаным» - Ө.Бәйділдаев. Б.Ысқақов.

«Сурет сабағы» - Қ.Қуатбаев. О.Әубәкіров.

«Есеп сабағы» - Қ.Қуатбаев. О.Әубәкіров.

«Ән сабағы» - Қ.Қуатбаев. О.Әубәкіров.

«Зырлайды шанамыз» - Д.Мацуцин. Қ.Ыдырысов.

«Құлыншақ» - А.Еспаев. Ә.Тәжібаев.

«Домбырасыз сән қайда» - И.Нүсіпбаев. Х.Талғаров.

«Биші балам өскенде» - Б.Тайбеков.

«Болайықшы осындай» - А.Меңжанова.

«Ана» - К.Дүсекеев. Ш.Сариев.

«Наурыз» - Қ.Адамбалинов. Ж.Нұрқанов.

«Әукешім» - Ө.Бәйділдаев. Ә.Тәжібаев.

«Жаз келеді, алақай» - Қазақтың халық әні.

«Моншақтар» - Қ.Қуатбаев. Қ.Толыбеков.

Музыка тыңдау. Музыка мазмұнының әр түрлілігі жөнінде қарапайым ұғым беру: табиғат көрінісі, қоршаған орта, тұрмыс-салт, төрт-түлік мал, аңыз-ертегі, балалардың халық ойындары. Музыканы сүйемелдейтін музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын ажырату (домбыра, қобыз, фортепиано, жетіген, баян және т.б.) музыкалық шығарманы басынан аяғына дейін толығымен тыңдай білу.

Тыңдауға арналған шығармалар

«Әй, әй, бөпем» - Қазақтың халық әні.

«Малдың төлдеуін былай айтады» - Қазақтың халық әні.

«Малды суға шақыру» - Қазақтың халық әні.

«Кім қалай дауыстай біледі» - Қазақтың халық әні.

«Киіз үй» - Ж.Тұрсынбаев. Қ.Баянбаев.

«Қараторғай» - Ш.Жанболатқызы.

«Алатау» - Қазақтың халық әні.

«Аралым» - Н.Алғашбаев.

«Айтбай» - Біржан сал.

«Көкек» - Біржан сал.

«Маңмаңгер» - Ақан сері.

«Сарыарқа» - Құрманғазы.

«Балбырауын» - Құрманғазы.

«Ақсақ құлан» - Қазақтың халық аңыз күйі.

«Терісқақпай» - Әлшекей.

«Алтын көкем» - Нартай.

«Әуіппай» - Қорқыт.

«Жез киік» - Ықылас.

«Ұшардың ұлуы» - Қорқыт.

«Бұлбұл» - Дина.

«Бұлбұл» - Л.Хамиди.

«Домалатпай» - Қазанғап

«Учитель» - Қазанғап

«Наридірген» - Сармалаи.

«Бір бала» - Қазақтың халық әні.

«Ата толғау» - Н. Тілендиев.

Музыкалық сауаттылық..

Музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ,оинақы,жай, т.б. Музыкалық қарапаиым көркемдеуші құралдарды ажырата алу; дыбыс күші – динамика (қатты, жай); дыбыс қозғалысы (бір қалыпты, секірмелі). Ән, күй, би жанрларын ажырата алу. Шығарма құрылымын білу: ән – шумақ, қайырма; музыкалық сөйлем – фраза; күйлердің төкпе және шертпеге бөлінуі. Дыбыс биіктігі – жоғары, орташа, төмен. Ұзақтығы – қысқа, ұзақ. Түрлі әуендік қозғалыс – төмен, жоғары, бір биіктікте. Ер және әйел дауыстарының дыбыс бояуын ажырата алу. Ұғымдар: халық әні, композиторлық әні, сал, сері, композитор, әнші, ақын, күйші, күйші-композитор, қазақтың халық аспаптары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]