
- •1 Дипломатиялық қатынастар
- •6 Сыртқы қатынастардың мемлекеттік органдары
- •7 Дипломатиялық өкілділік және халықаралық ұйымдар жанындағы миссиялар
- •9 Дипломатиялық хаттама (протокол)
- •Мемлекеттік церемониялар
- •1) Қарсы алу және кездесу (кездесу өткізу)
- •2) Келіссөздер, сұхбаттасулар, құжаттарға қол қою.
- •7) Театрға, концертке бару.
- •8) Елді аралау.
- •9) Естелік сыйлықтар.
- •10 Қонақжайлық ережелері және дипломатиялық қабылдаулар
- •11 Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер
- •12 Дипломатиялық кадрлар, олардың жеке басының қасиеттері мен өнері
- •13 Біріккен ұлттар ұйымының дипломатиялық қызметі
- •13.2 Бұұ дипломатиясы және оның ерекшеліктері
- •13.4 Бұұ аясындағы дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер
- •Бас Ассамблея
- •14 Көпжақты дипломатия және қазіргі кездегі дипломатияның конференциалды формасы
- •15 Келіссөздер дипломатияның құралы ретінде
2) Келіссөздер, сұхбаттасулар, құжаттарға қол қою.
Шет мемлекет Басшысымен келіссөздерді Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді. Келіссөздер мен сұхбаттасуға қатысатындардың құрамы бойынша ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалынып, қалыптасқан тәртіпке сәйкес бекітіліп, қарама-қарсы тарапқа дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізетін келіссөздер мен сұхбаттасулардың тәртібі Президенттің Хаттамасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің уағдаластығы бойынша сапарға дейін 25 жұмыс күн бұрын белгіленіп, Президент Әкімшілігіне жолданады.
Шағын топтағы келіссөздер (алдын-ала уағдаластық бойынша екі мемлекет басшылары кездесуі мүмкін) әрбір тараптан 2-3 ресми тұлғаның қатысуымен өткізіледі (әдетте, екі мемлекеттің сыртқы істер министрлері, мемлекет басшыларының көмекшілері, екі елдің елшілері кіреді). Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге Президентпен бірге 10 ресми тұлға қатысады.
Қорытынды құжаттарға қол қою кезінде Сыртқы істер министрлігінің қызметкері қол қойылатын құжаттардың атауларын оқиды және құжаттарға қол қоятын ресми тұлғаларды қазақ тілінде жариялайды. Қажет болған жағдайда аудармашы оны ағылшын тіліне немесе мейман елінің тіліне аударады. Президент пен басқа лауазымды тұлғалар (делегация мүшелері) құжаттарға қол қойған кезде, оларға Сыртқы істер министрлігінің қызметкері көмектеседі.
Бағдарламаға сәйкес сапар аясында Жоғары мәртебелі мейман мен делегация мүшелерінің Премьер-министрмен, Парламент Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларымен, Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғаларымен арада кездесулер мен сұхбаттар өткізілуі мүмкін.
3) Баспасөз-конференциясы.
Сапардың бағдарламасы бойынша келіссөздер аяқталғаннан кейін біріккен баспасөз-конференциясын өткізу қарастырылады. Баспасөз-конференцияны Президент ашады. Ол журналистерге өткізілген кездесулер мен келіссөздер туралы қысқаша хабарлайды. Осыдан соң сөз мәртебелі мейманға беріледі. Журналистер мемлекет басшыларын сұрақтар қояды.
4) Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Мемориалға гүл шоқтарын қою церемониясы.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Мемориалға гүл шоқтарын қою церемониясына Қонақтың ресми делегациясының өкілдері қатысады. Қазақстан жағынан оған Мемлекеттік хатшы (Үкімет мүшесі), астана әкімі, Сыртқы істер вице-министрі, Республикалық гавардияның басшысы қатысады.
5) Мемлекет басшыларының Аллеясына ағаш (тал) отырғызу церемониясы.
Мемлекет басшыларының Аллеясына ағаш (тал) отырғызу церемониясына Қонақ жақтан ресми делегациясының өкілдері, ал Қазақстан жағынан Мемлекеттік хатшы (Үкімет мүшесі), астана әкімі, Сыртқы істер вице-министрі қатысады
Аллеяда Жоғары мәртебелі қонақты қала әкімі қарсы алады. Қонаққа Мемлекеттік хатшы, астана әкімі көмектеседі. Естелік тақтасы орнатылады.
6) Ресми қабылдау.
Шет мемлекет басшысының сапары бағдарламасы аясында Президент атынан ресми қабылдауды (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) ұйымдастыру көзделеді. Қонақтар тарапы мен қазақ жағынан қабылдауға қатысатын құрам бойынша тізімді Сыртқы істер министрлігі ұсынады. Өз кезегінде тізім жоғарғы басшылықтың келісім бойынша Президент Әкімшілігі бекітеді. Ресми қабылдауға қатысушыларды отырғызу тәртібін, концерттік бағдарламаны да Президент Әкімшілігі жасайды.
Жоғары мәртебелі мейман жұбайымен бірге келген жағдайда, ресми қабылдауға Қазақстан Республикасының Президентінің жұбайы да қатысады. Қабылдау барысында тілектер мен тостар айтылып, делегация мүшелеріне естелік сыйлықтар тапсырылады.