- •6 Дәріс. Операциялық жүйенің стандартты қосымшалары. Операциялық жүйенің командалары мен утилиттері.
- •1. Компьютерлер қай операциялық жүйеде жұмыс істейді?
- •2.Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?
- •3.Электрондық кестелер қандай қызмет атқарады?
- •4. Драйвер дегеніміз не?
- •5. Утилиттер дегеніміз не?
- •6. Excel-ді іске косу командасы қандай?
- •9. Ағымдық ұяшық дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
3.Электрондық кестелер қандай қызмет атқарады?
Электрондық кестелер (немесе кестелік процессорлар) деп кесте түрінде берілген мәліметтер жиынын компьютер көмегімен автоматты түрде жылдам өңдеуге арналған программалар тобын айтады. Басқаша айтсақ, электрондық кестелер – кесте ішінде есеп-қисап жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу, т.б. мүмкіндіктер беретін арнайы программалық дестелер.
Электрондық кесте – ұяшықтарында деректер (мәтіндер, сандар, формулалар) жазылған кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі. Электрондық кестенің ұяшығына алғашқы деректерді, яғни мәндерін енгізуге болады.Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар (ұялар) болады, олар пернелермен ақпаратты енгізу арқылы немесе формулалар өрнегін есептеу нәтижесі бойынша компьютерге жазылады. Мұнда кестелік мәліметтерді түзету, оларды дискілерде жазып сақтау, түрлендіру, қағазға басып алу сияқты көптеген өрнектер өте жылдам орындалады. Кең тараған электрондық кесте жүйелеріне Lotus 1-2-3, SuреrСаlс, QuatroРго, Ехсеl сияқты программалар жатады.
Электрондық кесте ұяшықтарына деректерді ғана емес, құрамдас функцияларды және формулаларды да енгізуге болады.Формулаларда математикалық және салыстыру операторларын қолдануға болады.Формулаларда қолданылатын операторлардың математикадағыдай келесі басымдықтары бар:
( ) – дөңгелек жақша ішіндегі амалдар.
% – процент.
^ – дәрежеге шығару.
. немесе / – көбейту немесе бөлу.
+ немесе – - қосу мен азайту.
< > = – салыстыру операторлары.
Электрондық кестелер
- мәліметтердің үлкен жиынтықтарымен бір типті есептеулер жүргізу үшін;
- қорытынды есептеулерді автоматтандыру үшін;
- есептеулерді параметрлердің мәндерін таңдау және формулаларды табуляциялау арқылы шешу үшін;
- тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу үшін;
- параметрлердің тиімді мәндерін іздеуді ұйымдастыру үшін;
- кестелік құжаттар дайындау үшін;
- берілген (немесе алынған) мәліметтер бойынша графиктер және диаграммалар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын кестелік процессор Microsoft Excel-де жұмыс істеу негіздерін қарастырайық.
Microsoft Excel – мәліметтердің екі өлшемді кестелерімен жұмыс істеуге арналған. Электрондық кестелер құруда келесі қадамдар орындалады:
- мәліметтерді (мәтіндік, сандық, формула) енгізу;
- редакциялау;
- пішімдеулер жүргізу;
- қағазға басу (жариялау).
4. Драйвер дегеніміз не?
Драйвер - (ағылш. drіver — жүргізуші) — компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер, пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік, т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады. Компьютердің кеңейтілген жедел жадын басқару бағдарламасы да драйвер болып есептеледі. Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері бар. Мысалы, принтер драйвері компьютер процессорынан келіп түскен сигналдарды саралап, қағазға басу процесін басқарады. Драйверлер жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әр түрлі ұлттық әліпби әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару, қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, компьютерде басқа бір жұмыс атқарылып жатқанда, драйвердің көмегімен бір мезгілде әуен тыңдауға, факс қабылдауға, алдын-ала дайындалған мәліметтерді қағазға шығаруға болады. Драйверлер стандартты (ішкі) және жүктемелі (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Ішкі драйверлер операциялық жүйе құрамында орналасып, компьютердің стандартты құрылғыларын басқарады. Сыртқы драйверлер немесе утилиттер магниттік дискіде орналасып, компьютердің стандартынан тыс ерекшеліктері бар құрылғыларды басқарады. Драйверлерді әрбір елдің бағдарлама жасаушы мамандары да жасай береді. Олар тексерістен өткізілгеннен кейін сол елдің стандартты бағдарламалар қорына қосылады. Қазақстанда Алси, Глотур, Ізет фирмалары жасаған драйверлер түрі кең қолданыс табуда.
