Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-daris.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
16.01.2020
Размер:
44.75 Кб
Скачать

1. Компьютерлер қай операциялық жүйеде жұмыс істейді?

Операциялық жүйе (Операционная система; operating system) — компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Операциялық жүйе дегеніміз – компьютерді қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. Операциялық жүйе – бір сөзбен айтқанда терезе деген ұғымды білдіреді.

Операциялық жүйе- программаларды іске қосар алдында жүзеге асады, яғни барлық мүмкін деректерді оларға беруге, олардан алуға программа жұмысын басқаруға өзгертуге мүмкіндік береді.

Д.К операциялық жүйесін – дүние жүзінде жүздеген миллион адам қолданады.

Қазіргі кездегі өмірде телефон соғу, теледидар қосу, банк қызметін почта қызметін пайдалана білу қандай қажет болса, дәл солай операциялық жүйеде қажеттілік болып табылады. Қазіргі операциялық жүйелер – жылдар бойы, жүздеген, мыңдаған күрделі программалардан тұрады. Дербес компьютер бір кісіге арналған компьютер.

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланышының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір – бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекетін ұйымдастыру, оперативті жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезіндеқате жіберілу сияқты түрлі оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының программасын іске қосып, оны орындау т.б..

Дербес компьютерлер үшін кең тараган оиерациялық жүйелерге МS (РС) DOS, Windows 95, Windows NT,OS/2, UNIX жатады,Дербес компьютерлерлерге арналған операциялық жүйелердің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетге бір компьютерде жұмыс істеуін елестету қиын ғой. WINDOWS 95, WINDOWS NT, OS/2, UNIX көп мақсатты жүйелер болып саналады. Көп мақсаттылық — бір компьютерде бір уақытта қатарласа бірнеше есепті шығару мүмкіндігі немесе бірнеше әрекеттің қатар атқарылып жатуы.

2.Мәтін редакторлары мен графикалық редакторлар не үшін қажет?

Қолданбалы программалар пакеті - белгілі бір мақсатта пайдаланатын программалық жабдық және әмбебап болып екіге бөлінеді. Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдық әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша маман программалаушылар жасап береді.Әмбебап программалық жабдық тек бір есепті шығарып қана қоймай, белгілі бір мамандық саласында есеп жұмыстарын түгел автоматтандыруды, немесе ақпараттың белгілі бір түрлерін өңдеуді түгел қамти алады. Әртүрлі ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін әмбебап программалық жасақтың негізгі түрлері мыналар:

- мәтін редакторлары;

- графикалық редакторлар;

- электрондық кестелер;

- оқыту және ойнау программалары;

- ақпараттық жүйелер және т.б.

Мәтін редакторлары экранда мәтіндерді түзетуге, қателерін уақытында табуға, абзацтардың сол жақ, оң жақ шеттерін туралауға, мәтіндерді дискілерде ұзақ уақыт сақтап, қажет болғанда бірден тауып алуға, бірнеше алфавитті (латын, орыс, қазақ) қатар пайдалануға, құжаттарды қағазға бірнеше дана етіп басып шығаруға мүмкіндік береді. Кең тараған мәтін редакторларына Місrosoft Word, РаgеМаkег, Word Реrfect т.б. жатады.

Графикалық редакторлар – компьютер экранында суреттерді редакциялау және

құруды орындайды. Қолданушы сызықтар, қисықтар сала алады, экран аймағын бояйды,

әртүрлі шрифтар арқылы жаза құрады және т.б. Көптеген редакторлар көмегімен бейнені

өңдеуге, документке қосылған суреттерді сол күйінге шығаруға болады. Кейбір

объектілер үштік объектілердің бейнесі алу мүмкіншілігін, түсте проффесионалды түрде

өңдеуді қамтамасыз етеді Автоматты жобалау жүйесі (АЖЖ) – компьютер көмегімен

әртүрлі механизмдерді құрастыруды және сызуды қолдайды

Графиктік редакторлар графиктік ақпаратты дайындау мен өңдеуге арналған программа болып табылады. Олар өмірде жиі кездесетін есептеу нәтижелерін график түрінде шығаруда өте ыңғайлы. Оның үстіне графикалық редакторлар бейнелерді әртүрлі етіп - схемалар, сызбалар, суреттер және т.б. түрлерде бере алады.Күрделі графикалық бейнелер тұрғызу кезінде түрлі-түрлі фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әртүрлі түстерге бояуға да болады. Осындай мүмкіндіктері бар графиктік редакторларға Ms Раіnt, СоrеlDrаw, Grаf-іn-thе-Вох, PhotoShop, AutoCad, РС Illustrator т.б. жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]