Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билеты - казахский язык, 2011 г..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.19 Кб
Скачать
  1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Iс тiгетiн ине. Ине бұдан он мың жыл бұрын пайда болған. Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, темiрден жасалады. Бай адамдар иненi күмiстен де жасаған. Ал болаттан жасалған тұңғыш иненi Еуропаға арабтар әкелген.

ХI ғасырда Францияда ине, түйреуiш жасайтын машина пайда болды. Қазiр ине сапалы болаттан жасалады.

  1. Мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде фонетикалық және құрамына қарай талдау жасаңыз.

  2. Сүйікті пәніңіз туралы айтып беріңіз.

11-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Алғашқы қар еркелей жапалақтап жауып, айналаны ақ мамыққа орады. Жұрттың көбі далада жүр. Ал, мектептің маңы тіптен қызық. Балалар бірін-бір қуысып, қар атысып, мәз-мәйрам. Айналаңа қарасаң, барша дүние ақ көрпеге көміліп жатқандай. Қар басқан қыбырсыз даланы тек суыққа тоңған торғайлар ғана тіршілікке шақырады. Мұржадан шыққан түтін көзге жылы ұшырып, көңіліңді ашады. Ал қыстың саф ауасына не жетсін! Үйлердің терезелеріне үңілсең, қырау салған суреттер. Кенет мектептен қайтқан балалардың шуы мүлгіп тұрған даланы селт еткізеді.

  1. Мәтінде асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Қазақстан табиғаты туралы айтып беріңіз. Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

12-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Міне, шуақты көктем де келді. Күн арайланып шуағын төккен сайын жер де жібіп жатыр. Жыл құстары алыс жақтан шаршап келсе де, өз туған жеріне мақтанғандай. Әсем дауыстарымен көктемнің сәнін келтіруде. Үлкен сайға жиналған қар суы бейне бір айдын көл секілді. Оның маңына құстар балапан басып, мекен  етуге дайындалуда. Көктемнің тағы бір көркі, қуанышы – бәйшешек. Бәйшешек сұп-суық, қатты қарды нәзік болса да бұза-жара өсіп шығады. Ал ағаштар бүршік жарып, қылтиған жапырақтардың төбесі көрінуде. Көктем өзінің мерекелерінің көптігімен де көзге түседі.

  1. Мәтінде асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Елбасы туралы айтып беріңіз. Батырлық, достық туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

13-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Бата (дәстүр) – ақ тілеудің белгісі. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлейді. Батаның бірнеше түрлері бар. Жас талапкерге бата, дастарқанға бата, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы. Батаны жасы келген, ақсақалды адамдар береді.

  1. Мәтінде асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. Өзіңізге ұнайтын спорттың түрі туралы айтып беріңіз. Денсаулық туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

14-билет

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?

Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан, ел билеу жүйесін өз тәртібіне көндіре бастаған кез. Құнанбай ел билеу ісіне балаларының ішінде Абайды баулып, араластырды. Абайды оқудан шығарып алуы да сол билікке қалдыру мақсатында еді. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан да ерте айырылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік өнеріне құлақ салып, өзінің ерекше талантымен бойына сіңіре білді.

  1. Мәтінде асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  2. «Кімге ұқсағым келеді...» тақырыбында ойыңызды айтыңыз.

15-билет