
- •Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:
- •Әкімшілік жазаның түрлері:
- •Қорытынды:
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Қорытынды:
- •VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Қорытынды:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары.
- •Құқықтық норма құрылымы
- •Мемлекет
- •Әкімшілік жазалар
- •Түрлері
- •Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.
- •Құқық саласы ретінде
- •Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар
- •Қоғамдық қатынастар
- •Мемлекеттің
- •Мемлекеттің
- •Монархия
- •Унитарлық
- •Мемлекетті саяси басқаруының нысаны
- •Демократиялық басқару
- •Тоталитарлық басқару
Демократиялық басқару билігінің белгілері:
экономика саласындағы адамның бостандығы,
адамның бостандығы мен құқығының толық қамтамасыз етілуі,
халықтың мемлекетті толық бақылауы,
аз ұлттардың құқығын, бостандығын, теңдігін сақтау,
мемлекетті, қоғамды басқаруда демократиялық принциптерді
бұзбау,
барлық бірлестіктерге, одақтарға бостандық беру,
қатаң заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтау,
мемлекеттік аппараттың жұмысын құқылық бағытта жүргізу
Тоталитарлық мемлекеттерде коммунистік немесе нацистік партия сая-сатының бағытымен басқарылады.Мұнда халықтың құқықтары мен бостан-дықтары шектеледі,қоғамның тіршілік әрекетінің негізгі салаларын мемлекет қарауына айналдырады.(Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» оқулы-ғын қараңыз).
Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- мемлекеттің бірлестіктерді толық бақылауға алуы,
- адамның бостандығына, құқығына шектеу қою,
- партияның диктатурасын орнату,
- қоғамдық, өмірді милитаризациялау,
- азшылық ұлттарды қанаушылыққа алу,
- жеке адамдарды, бірлестіктерді қуғынға алу,
- бір адамға табынушылықты орнату,
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті жою,
- ұлтшылдықты, шовинистікті, расизмді дамытып, күшейту
Қорытынды
Сонымен, мемлекеттің сыртқы нысанын анықтау үшін біз үш элемент-теріне қорытынды түсінік беруге тиіспіз: мемлекетті басқару нысаны, мемле-кеттік құрылымның нысаны және саяси режим. Мысалы: Қазақстан прези-денттік тұтас республика, демократиялық жүйесі қалыптасып жатқан дәре-жеде. Германия (1933) президенттік республика, федерация, фашистік жүйе. Англия – тұтас парламенттік монархия, либералдық- демократиялық жүйе. АҚШ – федеративтік президенттік республика, демократиялық жүйе.
Методикалық ұсыныстар:
Мемлекеттің нысанының түсінігін анықтап білгеннен кейін оның құры-лымына мән беру қажет. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы мемлекеті-нің нысанын анықтап оны басқа елдермен салыстыру арқылы сараптама жа-саңыз.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Мемлекет нысанының түсінігі?
Мемлекеттің басқару нысанының түрлерін атаңыз? Парламенттік
және Президенттік республиканың айырмашылығын атаңыз?
Мемлекеттің құрылымдық нысаның түрлерін көрсетіп олардың
айырмашылығын айтып беріңіз?
Мемлекеттің саяси режимін түсіндіріп олардың түрлерін айтып
беріңіз?
Қолданылған әдебиеттер:
В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.
Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы».
Алматы, 1999 ж.
Н.Дулатбеков «Мемлекет және құқық негіздері». Астана, 2001 ж.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: гипотеза, диспозиция, санкция,құқықтық норма, құқықтық қатынас,абсолютті айқын санкция, салыстырмалы айқын санкция, альтернативтік санкция.
Негізгі мазмұны:
Құқықтық норма – мемлекетпен рұқсат етілген немесе белгіленген, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыру барысындағы міндетті немесе мүмкін құрал реттінде шартты түрде бекітілген жалпыға бірдей міндетті мінез-құ-лықтардың ережелері.
Құқықтық норманың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптас-тырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Құқықтық нормалардың элементері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектінің құқығы мен міндетте-рін көрсетеді. Диспозицияның үш түрі болады:
а) жалпылама түрі –нормада субъектінің құқығы мен міндеттері ай-қын көрсетілмейді, мысалы жұмыссыздық туралы Заңда республикалық об-лыстық аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
ә) айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы қылмыстық кодексінің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
б) сілтеу түрі- диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы,азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолда-нылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Гипотезаның үш түрі бар:
а) егерде норманың іс -әрекеті бір жағдайдың болуы мен болмауымен байланысты болса ,мұндай гипотезаны жалпылама -гипотеза деп аталады.
ә) егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмау-ымен байланысты болса, ондай гипотезаны - күрделі гипотеза деп аталады.
б) егерде норманың ,іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқы-лы басталса мұндай гипотезаны альтернативті гипотеза деп аталады.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі бар:
а) абсолютті айқын санкция- жұмыстан шығару,айып төлеу, қызмет-тен төмендету т.б.
ә) салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның ара-сындағы жауапкершіік (қылмыстық кодекстік баптар)
б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады.
Құқықтық норманың элементтерін ашып білу үшін В.Н. Хропанюк «Теория государства и права» оқулығын қараңыз.
Құқықтық қатынас дегеніміз мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құ-қықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынас. Құқытық қатынастардың ны-шан белгілері:
Бірінші – құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтің актілерде қатынастын мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқық қатынастар арқы-лы нормативтік актілер іске асады, орындалады;
Екінші – қатынастың субъектінің екі жақты құқықтары мен міндеттері-нің толық көрсетілуі. Бір жағының құқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады;
Үшінші – субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды;
Төртінші – егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.