
- •Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:
- •Әкімшілік жазаның түрлері:
- •Қорытынды:
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Қорытынды:
- •VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Қорытынды:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары.
- •Құқықтық норма құрылымы
- •Мемлекет
- •Әкімшілік жазалар
- •Түрлері
- •Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.
- •Құқық саласы ретінде
- •Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар
- •Қоғамдық қатынастар
- •Мемлекеттің
- •Мемлекеттің
- •Монархия
- •Унитарлық
- •Мемлекетті саяси басқаруының нысаны
- •Демократиялық басқару
- •Тоталитарлық басқару
І- Тақырып:
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мақсаты: Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын анықтап және құқықтың қайнар көздерін көрсету.
Жоспар:
Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары.
Мемлекеттің пайда болу, даму себептері.
Құқықтың қайнар көздері.
4.Құқық нормасының түсінігі түрлері.
5.Құқықтық-қатынас түсінігі және белгілері.
6.Құқытық қатынас түрлері және маңызы.
Қолданылған әдебиеттер:
Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, 1999 ж.
В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.
Т.Т. Ағдарбеков «Құқық және мемлекет теориясы», Қарағанды, 2002 ж.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: теология, нормативтік құқықтық акт, күштеу теориясы, құқықтық дәстүр, сот прецеденті.
Негізгі мазмұны:
Мемлекет және құқық теориясының пәні арнайы қоғамдық өңдірістік қатынастар мен тарихи дәстүрге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың негізгі категорияларынының пайда болып танылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз. Яғни, Мемлекет және құқық теориясының пәні-бұл мемлекет пен құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылықтары, олардың мәні, құрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институтары болып танылады.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде мақсатын орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен шұғылданып, ғылы-ми зерттеу жасап келді.
Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теорияларын атап кетейік:
1. Теологиялық теория-бұл теория мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан,бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша,құдай адамдарды жаратты,оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді;осы теорияны ұстағандардың ойы бойынша , құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері,дін қызметкерлері) арқылы да,тікелей де көрінеді.
2. Патриархалдық теория-бұл теория Антикалық дәуірде пайда болды. Мұнда отбасы басшысы-әке, ал мемлекет басшысы монарх болып келеді.
3. Органикалық теория- бұл теория мемлекеттің құрылымы, ал екінші жағынан –тірі организмнің (атап айтқанда-адамның) арасындағы ұқсас бай-ланысын байқап көруімізге болады. Адамның басы, денесі, қолы және тағы басқа мүшелері бар болатыны болса, және олардың әрқайсысының орындай-тын түрлі функциялары болады. Сол сияқты мемлекеттің де белгілі бір мақ-сатқа жету үшін мемлекет арнайы құрылысын ұйымдастырып қызметін жү-зеге асырады десек болады.
4. Қоғамдық келісім теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факто-ры жатыр.Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша ,адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайы қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғылушықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдіктерін бе-ріп, мемлекетке бірігуді шешті.
5. Психологиялық теория –мемлекеттің пайда болуы ,бұл адамдардың психикасына байланысты болды. Яғни адамдардың жүріс-тұрысы, санасы-ның дамуымен байланысты болды, сонымен біз мемлекеттің дамуын осыдан байқап көрсек те деуге болады. Адамдардың санасы жоғары болған сайын мемлекеттің де беделі жоғары болады.
6. Материалистік теория- мемлекеттің пайда болуы,өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен,қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсізді-гімен,таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді.
7. Күштеу теориясы- күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап алудын нәтижесі.
Құқықтың теориялары:
1.Табиғи теория-адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя ал-майды-деп түсіндірген. Цицерон –табиғи бостандыққа,құқыққа қарсы ке-летін мемлекеттік заң болуға тиіс емес-деген.
2.Тарихи теория-бұл теория адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп қалыптасады деп түсіндіреді. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесін қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалар-дың шығуын тездету керек деп түсінген.
3.Реалистік теория-құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгертіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдай-лардың әсері мол болады –деп уағыздаған.
4.Әлеуметтік теория- құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық
тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.
5.Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-
қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде мақсатын орындау деп түсінеді.
6.Психологиялық теория- құқық адамдардың психикасының ішкі
құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекеті-нің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды.
7.Материалистік теория- құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларының мазмұнын толық түсіну үшін Қ.Д. Жоламан авторының «Мемлекет және құқық теориясы» оқулығын қараңыз.