
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
- •Түсініктеме хат
- •Тәжірибе базалары
- •Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
- •Бухгалтер-ревизордың міндеттері
- •Студенттің міндеттері
- •Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (студенттер үшін)
- •Есеп мазмұны және оны қорғау
- •Есепке тігілетін құжаттар:
- •Тақырыптық жоспар
- •Өндірістік тәжірибе бойынша мазмұны
- •Кәсіптік тәжірибе бойынша білім, іскерлік пен дағды туралы негізі ұғымдар
- •0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студент тәжірибелік дағдыны игеруі керек:
- •Бақылау тапсырмалары
- •Өндірістік тәжірибе есебін рәсімдеу тәртібі
- •Есеп келесідей рәсімделген болуы керек:
- •Бағыттама
- •Келуі және кетуі туралы мәлімет
- •Рецензия
Есеп мазмұны және оны қорғау
Кәсіптік тәжірибенің аяқталуы кезінде студент тәжірибе жетекшісіне тәжірибе бағдарламасының орындалғаны туралы есебін ұсынуы қажет. Онда тәжірибешінің атқарған жұмысы көрсетіледі.
Есепте үлгілі күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес курстың барлық тақырыптары бойынша барлық тәжірибелік материалдар болуы керек.
Есепке тәжірибешінің тәжірибе барысындағы атқарған жұмыс құжаттарының көшірмелері тігіледі. Көшірме болмаған жағдайда студент өз қолымен жазылған құжаттарын тігеді, бұл жағдайда тәжірибе жетекшісі құжатты дұрыс жазу іскерлігін қадағалауы қажет.
Есепке тігілетін құжаттар:
• аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісінің жетекшісімен бекітілген, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы қойылған (ұйым мөрімен куәландырылған аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісі жетекшісінің немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарының, тәжірибе жетекшісінің және тәжірибешінің қолы) тәжірибенің күнтізбелік жоспар;
• тәжірибенің әр күніне жетекшінің қолы қойылған күнделік;
• қолмен және мөрмен куәландырылған (міндетті түрде) мінездеме.
Аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісіндегі тәжірибе жетекшісі есепті тексеріп бес баллдық жүйемен бағалайды. Тәжірибешілер аттестациясын жүргізу ұсынылады.
Тәжірибені аяқталуы кезінде студент колледждегі тәжірибе жетекшісіне есебін тексертеді. Тәжірибенің жалпы бағасы есеп қорғалғаннан кейін қойылады. Есепті қорғау кезінде тәжірибе өту деңгейі, студенттің теориялық білімі және алған тәжірибелік дағдыны бекіту дәрежесі анықталады. Тәжірибе бағасы студенттің сынақ кітапшасына қойылады.
Тақырыптық жоспар
№ р/с |
Тақырыптар атауы |
Сағат саны |
Күн саны |
|
«Қаржылық есеп» пәні бойынша |
|
|
1. |
Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы |
12 |
2 |
2. |
Қаражаттар есебі және есептесу (есеп беретін тұлғалармен) |
30 |
6 |
3. |
Негізгі құрал-жабдықтар мен материалды емес активтер есебі |
24 |
4 |
4. |
Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі |
30 |
5 |
5. |
Еңбек пен оның төлем есебі |
30 |
5 |
6. |
Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау |
12 |
2 |
7. |
Дайын өнімнің есебі, оны жөнелту мен сату |
6 |
1 |
8. |
Қаржылық нәтиже мен меншікті капитал есебі |
12 |
2 |
9. |
Қаржылық есеп |
18 |
3 |
10. |
Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты |
6 |
1 |
|
Барлығы |
180 |
31 |
|
«Аудит және ревизия» пәні бойынша |
|
|
1. |
Аудиторлық фирма жұмысының құрылымы және ұйымдастырылуы. Аудитордың қызмет міндеттері |
12 |
2 |
2. |
Ұзақ мерзімді активтер аудиті мен ревизиясы |
36 |
5 |
|
• Материалды емес активтер аудиті мен ревизиясы |
|
|
|
• Негізгі құрал-жабдықтар аудиті мен ревизиясы |
|
|
3. |
Ағымды активтер аудиті мен ревизиясы |
36 |
5 |
|
• Тауарлы-материалдық запастар аудиті мен ревизиясы |
|
|
|
• Дебиторлық берешек аудиті мен ревизиясы |
|
|
|
• Есеп беретін адамдармен есептесу аудиті мен ревизиясы |
|
|
4. |
Қаражаттар аудиті мен ревизиясы |
36 |
5 |
|
• Кассалық операциялар аудиті мен ревизиясы |
|
|
|
• Есеп айырысу, валюталық шоттағы қаражаттар аудиті мен ревизиясы |
|
|
5. |
Міндеттемелер аудиті мен ревизиясы |
36 |
5 |
|
• Қысқа мерзімді несие аудиті мен ревизиясы |
|
|
|
• Бюджетпен есептесу аудиті мен ревизиясы |
|
|
6 |
Еңбекақы бойынша есептесу аудиті мен ревизиясы |
24 |
4 |
|
Барлығы |
180 |
26 |
|
«Экономикалық талдау және қаржылық есебін талдау» пәні бойынша |
|
|
|
Ұйым экономикасын талдау |
36 |
5 |
1 |
Негізгі қорды пайдалану тиімділігін талдау |
6 |
1 |
2 |
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдау |
6 |
1 |
3 |
Еңбек өнімділігін талдау |
8 |
1 |
4 |
Динамикадағы өнімнің өзіндік құнын талдау және жоспарды орындау бойынша шығындарды төмендету. |
8 |
1 |
5 |
Өнімді өндіру динамикасы мен көлемін талдау. Өнім өткізу ассортиментті мен сапасын талдау. |
8 |
1 |
|
Қаржылық есепті талдау |
36 |
5 |
1 |
Қаржылық есептілік және оны талдау |
8 |
1 |
2 |
Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын талдау |
6 |
1 |
3 |
Шаруашылық субъектісінің табыстылығын талдау |
6 |
1 |
4
|
Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау |
8 |
1 |
5 |
Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдіктің потенциалды (әлуетті) банкроттылығын талдау |
8 |
1 |
|
Барлығы |
72 |
10 |
|
БАРЛЫҒЫ |
432 |
67 |