
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
- •Түсініктеме хат
- •Тәжірибе базалары
- •Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
- •Бухгалтер-ревизордың міндеттері
- •Студенттің міндеттері
- •Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (студенттер үшін)
- •Есеп мазмұны және оны қорғау
- •Есепке тігілетін құжаттар:
- •Тақырыптық жоспар
- •Өндірістік тәжірибе бойынша мазмұны
- •Кәсіптік тәжірибе бойынша білім, іскерлік пен дағды туралы негізі ұғымдар
- •0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студент тәжірибелік дағдыны игеруі керек:
- •Бақылау тапсырмалары
- •Өндірістік тәжірибе есебін рәсімдеу тәртібі
- •Есеп келесідей рәсімделген болуы керек:
- •Бағыттама
- •Келуі және кетуі туралы мәлімет
- •Рецензия
Тәжірибе базалары
Мамандық бойынша тәжірибе базасын тандауда есепке алу керек:
- тәжірибе бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігінің болуын;
- тәжірибелік дағды алуда көмек көрсететін білікті мамандардың болуын.
Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
Мамандық бойынша тәжірибе аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда, шаруашылық субъектілерінде жүргізіледі. Тәжірибе бағдарламасын ұйымдастыру және орындау жауапкершілігін тәжірибе жетекшісі артады. Бағдарламаның жеке курсы мен бөлімдері бойынша студент тәжірибесіне жетекшілік ету бөлім бастықтарымен, жетекші мамандармен жүзеге асырылады. Тәжірибенің бірінші күні студент ұжыммен, тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып тәжірибе өтудің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын құрастырады, бөліммен атқарылатын барлық жұмыс түрлерімен танысады.
Жоспарда жұмыс орындары, жұмыс мазмұны мен орындалу мерзімі көрсетіледі.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар бекітілгеннен кейін екі данадан шығарылып, бір данасы - байланыс каналдары бойынша колледжге, екіншісі - тәжірибеші жұмысы үшін қалдырылады.
Бухгалтер-аудитор жұмысының мазмұны туралы толық мағлұмат алу үшін тәжірибе аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда, шаруашылық субъектілерінде өткізілуі керек.
Бухгалтер-ревизордың міндеттері
Аудиторлық ұйымдар, фирмалар, шаруашылық субъектілері тәжірибешілерді жұмыс орындарымен және қажетті тәжірибелік материалдармен қамтамасыз етеді. Бұйрықпен тәжірибе жетекшісі тағайындалады. Оның міндеті тәжірибеге жалпы жетекшілік ету:
- әр жұмыс орнында білікті мамандар арасынан жетекшілерді тандау және олардың тәжірибешілермен жұмыс істеуін қадағалау;
- студентті жұмыс орындары бойынша бөлу;
- студенттің жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау: оларды орналастыру, тәжірибелік материал алуына көмектесу, консультациялар ұйымдастыру;
- студент-тәжірибешінің қызмет тәртібіне, өндірістік тәжірибе жоспарын орындау қатынасына қойылатын талаптарды орындау;
- тәжірибеші жұмысы туралы қысқаша сын-пікір құрастыру. Сын-пікірде студенттің тәжірибе бағдарламасын орындауы, оның жұмысқа қатынасы, еңбек тәртібі, өндірістік дағдыны игеруі белгіленеді.
Тәжірибе жетекшісі жұмыс орындарында студент инструктажын, жүргізеді, тәжірибешілердің жұмысты орындауы мен тәртіп сақтауына тікелей жетекшілік етіп, үнемі бақылау жасайды.
Студенттің міндеттері
Студент міндетті:
- аудиторлық ұйымның, фирманың, шаруашылық субъектісінің жұмыс тәртібін сақтауға;
- жұмыс орындарында берілген жұмысты өздігінен орындауға, оның нәтижесі үшін жауап беруге;
- белгілі тәртіппен күнделік жүргізуге, оны тәжірибе жетекшісіне күн сайын тексеріске және қол қоюға беруге;
- тәжірибе нәтижесі туралы белгілі қосымшаларымен колледжге жазбаша түрде есеп беруге;
Тәжірибе бағдарламасы дәлелді себептермен орындалмаған жағдайда, студент сабақтан бос уақытында тәжірибеге қайтадан жіберіледі.
Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (студенттер үшін)
Бағдарламада көрсетілген пән бойынша тақырыптық жоспар және жұмыс мазмұны үлгілі болып келеді. Сондықтан тәжірибе өтетін аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда және шаруашылық субъектілеріндегі ерекшеліктер есебінде тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құрастыру қажет. Егер тәжірибе бағдарламасының жеке пунктері остудентпен орындалмаса, бұл мәселелер жұмыс бағдарламасынан алынып тасталады. Осы мәселелерге жұмсалған уақытгы басқа тақырыптарды терең меңгеруге мақсатты пайдаланған жөн. Бұл жағдай есепте жазбаша дәлелденуі қажет.
Жұмыс бағдарламасында студент орындайтын тәжірибелік жұмыс түрлерін аудиторлық ұйыммен, фирмамен немесе шаруашылық субъектісімен жүзеге асырылып жатқан операциялар сипатына сәйкес түзеткен жөн.
Аудиторлық ұйым, фирма немесе шаруашылық субъектісі жұмысында өзгерістер пайда болған жағдайда, ол тәжірибе бағдарламасында белгіленуі қажет.
Жұмыс бағдарламасында әр тақырып бойынша жұмысты орындаудың күнтізбелік мерзімі, орны - аудиторлық ұйым, фирма, шаруашылық субъектісі белгіленуі қажет.
Жұмыс бағдарламасы кафедра отырысында қаралып (циклдік комиссия), аудиторлық ұйым, фирма, шаруашылық субъектісінің тәжірибе жетекшілерімен келісіліп (мақұлданып), колледж директорымен немесе оның оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарымен бекітіледі.