
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
- •Түсініктеме хат
- •Тәжірибе базалары
- •Мамандық бойынша тәжірибенің ұйымдастырылуы
- •Бухгалтер-ревизордың міндеттері
- •Студенттің міндеттері
- •Мамандық бойынша жұмыс бағдарламасын құрастыру бойынша нұсқаулар (студенттер үшін)
- •Есеп мазмұны және оны қорғау
- •Есепке тігілетін құжаттар:
- •Тақырыптық жоспар
- •Өндірістік тәжірибе бойынша мазмұны
- •Кәсіптік тәжірибе бойынша білім, іскерлік пен дағды туралы негізі ұғымдар
- •0518000 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студент тәжірибелік дағдыны игеруі керек:
- •Бақылау тапсырмалары
- •Өндірістік тәжірибе есебін рәсімдеу тәртібі
- •Есеп келесідей рәсімделген болуы керек:
- •Бағыттама
- •Келуі және кетуі туралы мәлімет
- •Рецензия
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Т.РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚазЭУ-дің ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
|
Ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысында қаралды №__хаттама «___» _______ 20___ ж. |
|
БЕКІТЕМІН Бас директор ___________ Абиров Ж.А. «____» __________ 20__ж. |
Өндірістік тәжірибе бойынша жұмыс оқу бағдарламасы
Мамандық: 0518000 – «Есеп және аудит (салалар бойынша)»
Біліктілік: 0518023 Бухгалтер-ревизор (аудитор)
Кафедра: «Экономикалық пәндер»
Курс: __үшінші______________
Семестр:___алтыншы_________
Жалпы сағат саны :__432________
Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырғандар
Тойлыбаева Ж.И., экономикалық пәндер оқытушысы__________________
Кыдырбаева Ф.Т., экономикалық пәндер оқытушысы _________________
(оқытушының аты-жөні, фамилиясы)
Жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекетттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, кәсіптік тәжірибенің типтік оқу бағдарламасына сәйкес
____________________Есеп және аудит (салалар бойынша)_________________
мамандығы бойынша құрастырылған
Экономикалық пәндер кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілген
«____» ___________ 20__ж., хаттама №___
Экономикалық пәндер кафедра меңгерушілері ______________ Баталова А.А.
_____________ Кыдырбаева Ф.Т.
Келісілді:
Бас директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары _____________ Аппакова М.Н.
ӨТҰЖОжТБ орталығының директоры ____________________ Садуова С.С.
Әдістемелік кабинет меңгерушісі _________________________ Жакупова З.М.
Түсініктеме хат
1. Өндірістік тәжірибе – теориялық оқытуды аяқтау кезеңінің бірі. Өндірістік тәжірибенің мақсаты - студент білімін бекіту, тереңдету және жүйелеу.
2. Өндірістік тәжірибенің жалпы көлемі күндізгі оқу бөлімі бойынша 432 сағат және сырттай оқу бөлімі бойынша 130 сағат.
Тәжірибе міндеттері болып:
• теориялық білімді бекіту, толықтыру және тереңдету;
• практикалық тәжірибеге ие болу;
• біліктілік мінездемесіне сәйкес негізгі кәсіптік іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
051800 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша студент өндірістік тәжірибені үш пәннен өтеді:
1) «Қаржылық есеп»;
2) «Аудит және ревизия»;
3) «Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау».
Өндірістік тәжірибені аудиторлық ұйымдарда, фирмаларда, шаруашылық субъектілерінде ұйымдастыру қажет.
Өндірістік тәжірибені өту нәтижесінде бухгалтер-аудитор мамандығының біліктілігін алған студент-тәжірибешінің мынадай тәжірибелік дағдысы болуы қажет:
• шаруашылық субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметі бойынша нормативтік құжаттармен, анықтамалық әдебиеттермен және басқа да ақпараттық көздермен жұмыс істеу және оларды өз құзырлығы төңірегіндегі шаруашылық мәселелерін шешуде пайдалану;
• шаруашылық субъектілердің қаржылық және экономикалық қызметінің жұмыстарын ұйымдастыру;
• ақпаратты өндеу үшін дербес компьютерде жұмыс істеу;
• бухгалтерлік, басқару, салық есебін жүргізу;
• бухгалтерлік, қаржылық және статистикалық есептілікті құрастыру;
• салық төлемдері бойынша декларациялар құрастыру;
• аудиторлық тексеріс жүргізу;
• аудиторлық тұжырым құрастыру;
• шаруашылық субъектілері жұмысының негізгі экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
• экономикалық талдау жүргізу.