Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫК ЖУМЫС РЭТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу реті

  1. Кедергісі айнымалы R резисторды – кедергінің ең аз (сағат тіліне қарама-қарсы) шамасына қойыңыз. R резисторды сәйкесті ұясына орналастырыңыз. Өлшеуіш аспаптарды қосыңыз. Амперметрдің ауыстырып қосқышын “DCА 200mА” орнына қойыңыз. Вольтметрдің ауыстырып қосқышын “DCV 20” орнына қойыңыз.

  2. Е1 ұясына ток көзін(блок питания) қосыңыз.

  3. Ток көзін айнымалы 220 В розеткасына қосыңыз.

  4. Мультиметрлерді қосыңыз.

  5. Айнымалы резистор арқылы кернеуді 1В÷3В интервалында алып аспаптардың көрсетуін 1 кестеге жазыңыз.

  6. Табылған мәндер бойынша R резистордың мәнің (3) формула көмегімен есептеңіз.

  7. Мультиметрлерді өшіріңіз.

  8. R резисторды алыңыз. Оның кедергісін мультиметр көмегімен есептеңіз.

  9. Табылған мәндерді салыстырыңыз.

  10. Мультиметрлерді қосыңыз. Айнымалы резистор арқылы кернеуді 5В÷7В интервалында алып аспаптардың көрсетуін 2 кестеге жазыңыз.

  11. Кедергісі айнымалы R резисторды – кедергінің ең жоғары (сағат тіліне сәйкес) шамасына қойыңыз.

  12. Өлшеуді қайталаңыз. Аспаптардың көрсетуін 3 кестеге жазыңыз.

  13. Мультиметрлерді өшіріңіз.

  14. Қорытынды жасаңыз.

1 кестесі

А көрсетуі

V көрсетуі

№2 кестесі

А көрсетуі

V көрсетуі

№3 кестесі

А көрсетуі

V көрсетуі

Бақылау сұрақтары:

  1. Қарапайым электр тізбегі дегеніміз не?

  2. Жүктеменің кедергісі өскенде ток күші қалай өзгереді?

  3. Қысқаша тұйықталу кезіне тізбекте қандай құбылыс жүреді?

  4. Тізбек үзілген жағыдайда қандай құбылыс жүреді?

  5. Ом заңын түсіндіріңіз

6 зертханалық жұмысы

Кирхгоф ережелерін оқып үйрену

Жұмыстың мақсаты: Тармақталған электр тізбегіндегі токтардың жүру заңдылығын тәжірибеде оқып үйрену. Кирхгоф ережелері бойынша алынған теориялық білімді бекіту.

Құрал-жабдықтар: Оқу-лабораториялық стенді, R1, R2, R3 резисторлар.

Жалпы теориялық мәліметтер

Тармақталған электр тізбегіндегі ток, кернеу, электрқозғаушы күштерді есептеу Кирхгоф ережелері негізінде жүргізіледі.

Кирхгофтың бірінші ережесі.

Түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы нөлге тең болады. Электр тізбегінің түйініне I1, I2, I3 келеді де I4 ток шығады. Осы токтардың алгебралық қосындысы

I1+I2+I3 -I4 = 0 (1)

Түйіндегі токтардың алгебралық қосындысы бір өлшем уақыт ішіндегі оған келетін және одан шығатын зарядтар шамасын береді.

Тұрақты ток үшін түйінге келген зарядтар мен түйіннен шыққан зарядтар мөлшері бір-біріне тең болады, олар түйінде жинақталмайды. Осы шарт орындалмаған жағыдайда қарастырып отырған нүктенің потенциалы өзгеріп, тізбек арқылы жүретін ток өзгерер еді.

Кирхгофтың екінші ережесі.

Кезкелген тұйық контур элементтеріндегі кернеудің төмендеуі сол контурдағы электрқозғаушы күштердің алгебралық қосындысына тең болады.

Тармақталған тізбектен бөліп алынған тұйық контурды қарастырайық.

Тізбектен жүретін токтарды I1, I2, I3 деп белгілейік. Токтардың оң бағыты ретінде контурды таңдап алған айналу бағытты алайық. ЭҚК оң бағыты ретіне айналу бағытында (яғни айналу бағыты ретінде ток көзінің теріс ұшынан таңдап алынады) потенциал өсетін бағыты алынады. Жоғарыда келтірілген 2 суреттен, яғни элементтердегі кернеулердің төмендеуі, әсер етуші ЭҚК алгебралық қосындысына тең болады.

I1RI + I2R2- I3R3= Е1 + Е2- Е3 (2)