
- •Өлшеу қателіктері
- •Жанама өлшеу нәтижелерінің қателіктерін бағалау
- •Графиктерді салу және өңдеу ережесі
- •Сызықтық өлшемдерді өлшеу Штангенциркуль, микрометр.
- •Дұрыс пішінді дененің тығыздығын өлшеу
- •Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.
- •Обербек маятнигі арқылы айналмалы қозғалыс заңын байқау.
- •Қондырғы мен өлшеу әдісінің сипаттамасы
- •Резисторлардың кедергілерін өлшеу
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кирхгоф ережелерін оқып үйрену
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тұздар ертінділерінің электр өткізгіштігін оқып үйрену
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыс орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыс орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Транзисторды зерттеу
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыс орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •Трансформатордың жұмысын оқып үйрену
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •Жұмыстың орындалу реті.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Айнымалы ток түзеткішін оқып үйрені
- •Жалпы теориялық мәліметтер
- •1 Сурет
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары:
- •1. Геометриялық оптика
- •12.1 Жарық шоғының линзалар арқылы түрленуі
- •12.2 Пластинаның сыну көрсеткіші
- •12.3. Сұйықтың сыну көрсеткіші
- •12.4. Жұқа сынадағы шағылу және сыну
- •12.5 Линзалардың тоғыс қашықтығы және ұлғайтуы
- •12.6 Микроскоптың моделі
- •13.1 Лазер шоғының қарқындылығы
- •13.2 Фототіркегішті үлгілеу
- •13.3 Лазердің жарық күші
- •13.4 Сфералық толқын қарқындылығы
- •3.1 Юнг тәжірибесі
- •14.1.1 Интерференцияны оқып-үйрену
- •14.1.2 Толқын ұзындығын өлшеу
- •Интерференциялық жолақтың енін өлшеу
- •Саңылаулар арасындағы қашықтықты өлшеу
- •Лазер сәулесінің толқын ұзындығы
Резисторлардың кедергілерін өлшеу
Жұмыстың мақсаты: Резисторлардың кедергілерін мультиметрдің көмегімен өлше отырып практикалық турғыда қарастыру. Резисторларды тізбектей, параллель және аралас қосқандағы қасиеттерін зерттеу.
Қурал-жабдықтар: Оқу-лабораториялық стенді, мультиметр.
Жалпы теориялық мәліметтер
Жартылайөткізгіш резистор электрлік тізбектің қарапайым элементі болып саналады. Ол тізбектегі токты шектеу үшін және тізбектің кез-келген бөлігінде потенциалды тудыруға қолданылады. Резисторлар турақты және айнымалы болып классификацияланады. Сонымен бірге, ол материалының түрі бойынша және қолдану аймағы бойынша ерекшеленеді. Резистордың кедергісінің өлшем бірлігі Ом. Өлшем бірліктері: КОм= 103 Ом, МОм=106 Ом, ГОм=109 Ом, т.б. Кейбір жағдайларда резисторларда параллель және тізбектей қосу қолданылады. Резисторларды тізбектей қосқанда, тізбектің жалпы кедергісі резисторлардың кедергілерінің қосындысына тең және мына формула бойынша анықталады:
Rж = R1+ R2+ R3+...+ Rn.
Резисторларды параллель қосқанда, жалпы кедергі мына формула бойынша анықталады:
Rж= (R1* R2) / (R1+ R2)
Резисторларды аралас қосқанда, жалпы кедергі схемадағы қосылуды ескере отырып, жоғарыда келтірілген формулалар бойынша табылады.
Резистордың кедергісін өлшеу кезінде, тізбекті токтан айыру керек, яғни схеманы ток көзінен өшіру.
Жұмыстың орындалу реті
Мультиметрді кедергіні өлшеу қалпына қосу.
Тізбектің ашық қалпына сәйкес келетіндей етіп, К кілтін төменгі бөлінке орнату керек.
R1 – R6 резисторлардың кедергілерін кезектей өлшеп, алынған мәндерді №1 кестесіне жазу керек.
R1 және R2 резисторларының жалпы кедергісін өлшеп, Rж = R1+ R2 теңдігін тексеру.
Сол сияқты тағы бірнеше өлшеу тәжірибелерін жасап, теңдіктерді тексеру.
Тізбектің жабық қалпына сәйкес келетіндей етіп, К кілтін жоғарғы бөлікке орнатып өлшеуді қайталау.
№1 кестесі.
R1 |
R2 |
R3 |
R4 |
R5 |
R6 |
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
Резистордың қолданылуы.
Резистор кедергісінің өлшем бірлігі.
Резистордың түрлері.
Тізбектей қосқандағы резистордың жалпы кедергісін қалай табамыз.
Параллель қосқандағы резистордың жалпы кедергісін қалай табамыз.
Аралас қосқандағы резистордың жалпы кедергісін қалай табамыз.
Мультиметрдің көмегімен резистордың кедергісін қалай өлшейміз.
№5 зертханалық жұмысы
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы
Жұмыстың мақсаты: Электр тізбегіндегі электр токтың жүру заңдылығын тәжірибе жүзінде оқып үйрену. Ом заңы бойынша теориялық білімдерін бекіту.
Құрал-жабдықтар: Оқу-лабораториялық стенді, резисторлар.
Жалпы теориялық мәліметтер
Ең қарапайым электр тізбегі ток көзінен (ЭҚК) және өзара қосылған жүктемелерден амперметр (А), вольтметр (V), кілттен (К) тұрады. Энергия ток көзінен ЭҚК жүктемеге беріледі. Тұйық тізбек құрағанда ол арқылы ток жүреді. Электр тізбегінің дұрыс жұмыс жасауы үшін тізбектегі ток күші мен кернеудің төмендеуін білу қажет. Осы шамалардың арасындағы байланысты Ом заңы көрсетеді (1):
U = I * R (1)
мұндағы I – жүктеме арқылы жүретін ток, А;
R – жүктеме резистордың кедергісі, Ом;
U- жүктеме кедергідегі кернеудің төмендеуі, В.
Осы (1) теңдеуге сүйене отырып, ток күші I мен, резисторлардың кедергілерің R есептеуге арналған өрнектерді шығаруға болады
I = U / R (2)
R= U / I (3)
Сонымен Ом заңына сүйене отырып, электр тізбегінің қалыпты жұмыс жасауына қажетті параметрлерін есептеуге болады. Электр тізбегінің қалыпты жұмысы деп, жүктемедегі тоқтың шамасы шындық мәнге ие болмайтын кедергінің мәнін айтады.
Электр желісінің істен шығуына мынадай екі себеп жауапты болып табылады.
Қысқаша тұйықталу-жүктеменің кедергісі нөлге жуықтайды. Бұл жағдайда ток өзінің ең үлкен мәніне жетеді.
Тізбектегі жүктемелерде үзіліс болған жағдайда, яғни жүктеменің кедергісі шексіз үлкен болғанда тізбектен ток жүрмейді.