Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫК ЖУМЫС РЭТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

12.6 Микроскоптың моделі

Бізде бір микроскоп бар. Ол микропроектор (модуль 3). Оның ұлғайтуы жеткілікті болмаса, екісатылы ұлғайтуды қолдануға болады. Тәжірибе сұлбасы сурет 28-де келтірілген.

Сурет 28

Объект А, ұлғайтуы болатын модуль 3-тің объекттік жазықтығында қосымша линза арқылы кескінделеді. Содан соң белгілі ұлғайтуы бойынша фотоқабылдағыштың Э қалқасында кескінделеді. Жалпы ұлғайтуды есептеуге болады, сонымен қатар үлгілеу торы көмегімен экспериментті түрде өлшеуге болады.

Л1 орнына объект 13-ті қолдана отырып, өз шашыңыздың диаметрін өлшеңіз (шаш пластилин арқылы бос экранға №45 бекітіледі).

13 зертханалық жұмыс

ФОТОМЕТРИЯ

КІРІСПЕ

Қандай да бір беттен өткен сәуле энергиясының ағыны – осы беттен өтетін сәуленің қуаты болып табылады:

(22)

Мұндағы - аз уақыт аралығында беттен тасымалданатын энергия.

Сәуленің қарқындылығы

(23)

Мұндағы - ағыны тасымалданатын сәуленің таралу бағытына перпендикуляр болатын шағын бет.

Ваттпен өлшенетін энергия ағыны және люменмен өлшенетін жарық ағыны мына қатынас арқылы байланысқан:

(24)

Мұндағы A=1,6 мВт/Лм - тұрақты, - әр түрлі толқын ұзындықтағы сәулелерге адам көзінің сезгіштігімен анықталатын, көрімділік функциясы.

болғанда тең максимал мәнге жетеді.

Қолданылатын лазер сәулесінің комплексінде:

Жарық күші (канделламен өлшенеді):

(25)

Мұндағы - шағын бұрыш көлемінде таралатын сәуленің жарық ағыны.

Жарықталу (люкспен өлшенеді):

(26)

Мұндағы - ауданы болатын шағын бетке түсетін жарық ағыны.

Жарықталу мен сәуле қарқындылығы арасындағы қатынасты өз бетіңізбен анықтаңыз.

13.1 Лазер шоғының қарқындылығы

Оптикалық скамьяға модуль 2 және модуль 3-ті орнатып, қондырғыны дәлдеңіз. Модуль 3-ті жылжыта отырып, лазер шоғының диаметрі өзгеретініне көз жеткізіңіз: жарық көзінен алыс болған сайын, диаметр үлкейеді.

Фотоқабылдағышты қосыңыз. Бөлік координатасы 650 мм болатын орынға модуль 3-ті және фотоқабылдағыштың терезесіне жарық дағының центрін орнатыңыз.

0,1 мм болатын (микропроектор барабанының шкаласы бойынша) дақты ығыстыра отырып, қарқындылықтың үлестірілуін өлшеңіз және осы үлестірілудің графигін құрыңыз. Бөгде жарықтың әсерінен және электроника қателігінен вольтметр лазер шоғы жоқ кезде де нөлдік санақ бермейді (бұл көрсеткішті ая деп атайды).Сондықтан екі өлшеу жүргізуге тура келед: лазер шоғы ашық болғанда және жабық болғанда (аяны өлшеу). Осы көрсеткіштердің айырымы ізделінетін қарқындылықты береді және әрі қарай талдау үшін қолданылады. Егер өзгеру сипаты қажет болса, орнына вольтметрдің көрсеткішін 2.2 пунктке сәйкес абсолют мән ретінде алуға болады.

Гаусс қисығы Сіз алған үлестірілуді жақсы бейнелейтіндігін тексеріңіз.

(27)

- функциясының максимумына сәйкес келетін, координатасы болатын нүктедегі қарқындылық, параметрі - -мен салыстырғанда -дің е есе азаятын координатасының мәні. Лазер сәулесі шоғының диаметрін бағалаңыз. Лазер сәулесі шоғының орташа қарқындылығын дөрекі түрде бағалау үшін, дей отырып, сәуленің белгілі қуат мәнін және өлшеп алынған мәнін қолданыңыз. Алынған нәтижені Жер бетіндегі Күн сәулесінің қарқындылығымен салыстырыңыз: .