Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫК ЖУМЫС РЭТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

12.5 Линзалардың тоғыс қашықтығы және ұлғайтуы

Егер жинаушы линза заттың шын кескінін беретін болса (сурет 21), онда оның тоғыс қашықтығын линзаның (6) формуласы бойынша анықтауға немесе (7) формула бойынша көлденең ұлғайтуын өлшеу арқылы анықтауға болады.

Сурет 26

Егер линза, қондырғының шегі көлемінде кескін бермейтін болса, онда оның тоғыс қашықтығын, жинақты сәулелердің тоғысталатын нүктесінің ығысуы бойынша анықтауға болады (сурет 26). Бұрынғы тоғыстау нүктесінде А және жаңа тоғыстау нүктесінде В линзаның координаталарын өлшеп, линзаның формуласы бойынша тоғыс қашықтығын анықтаймыз. Тек линзаның формуласында «а»-ның таңбасын өзгертеміз:

(20)

Жинаушы линзалар үшін , ал шашыратушы линзалар үшін болады.

ЭКСПЕРИМЕНТ

МИКРОПРОЕКТОР

«Қондырғыны баптау» бөліміндегі «Микропроекторды үлгілеу» пунктін орындаңыз және микропроектордың ұлғайтуын анықтаңыз.

Микропроектордың линзасынан қалқаға дейінгі сәуле жүрісінің жалпы ұзындығы қондырғының конструкциясына байланысты және өзгермейді. Біздің қондырғымызда . Онда линзаның тоғыс қашықтығы:

(21)

ОБЪЕКТИВ

Сурет 27

Тәжірибенің сұлбасы сурет 27-де көрсетілген. Объективтің жұқа линзасының орны О модуль 6-ның рейтеріндегі бөлікпен анықталады. Нүктелік жарық көзін қалыптастырыңыз S және объективтің көмегімен микропроектордың Э2 объекттік жазықтығында оның кескінін алыңыз. Кескінді дұрыс алудың көрсеткіші ретінде қондырғының Э3 шептік қалқасында сәуленің тоғысталуы болып табылады. Сурет 27-де және келесі басқа да сұлбаларда пунктирмен көрестілген Э3/ қалқаның нақты орны ретінде Э3 қалқаның орнын көрсетеміз. Себебі, бұл жағдайда сәуленің микропроектордың айнасынан шағылған кездегі бұрылуы ескерілмейді.

және қашықтықтарын, объективтің тоғыс қашықтығын анықтаңыз. Объективің басқа да орындарында кескінді ала отырып, жаңа мәндерін анықтаңыз. Оларды алдыңғы мәндермен салыстырыңыз. Мына қатынастар орындалатынын тексеріңіз.

Орындаған жұмысыңыздың сапасын тексеріңіз. Объективті, жарық көзінен қашықтықта орналастырыңыз. Қағаз парақтың көмегімен, объективтен параллель сәуле шоғы шығып жатқанын тексеріңіз.

Нүктелік жарық көзінінң орнына созылғанпротяженный затты қолданып, экспериментті қайталаңыз. Созылмалы зат ретінде, жарық көзінен 20-40мм қашықтықта орналасқан (сурет 27, Э1 жазықтығы) екі координаттық тұтқаның (модуль 8) үлгілеу торын қолданамыз.

тоғыс қашықтығынан басқа, тордың айқын кескінін беретін, объективтің екі орнында және ұлғайтуларды анықтаңыз. Фотоқабылдағыштың шкаласы бойынша, модуль 3-тің кассетасына орнатылған тор кескінінің қадамын және біздің тәжірибесіздегі «заттың» - тор кескінінің қадамдарын анықтаймыз. Сонда:

және арасындағы қатынасты талдаңыз.

ШАШЫРАТУШЫ ЛИНЗА

Объективтің көмегімен О (сурет 27) сәуле шоғын, координатасы 500-600 мм болатын нүктеде тоғыстаңыз. Модуль 3-ті жылжыта отырып, айқындылыққа туралау арқылы, тоғыстау нүктесінің дәлірек координатасын анықтаңыз. Шоқтың жолына шашыратушы линзаны орнатып (объектив 14), жаңа тоғыстау нүктесін анықтаңыз. Линзаның тоғыс қашықтығын анықтаңыз.