Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЗЕРТХАНАЛЫК ЖУМЫС РЭТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
9.63 Mб
Скачать

Жұмыс орындалу реті

  1. Ұштарын (эмиттер, коллектор және база) сақтай отырып, сәйкесті ұяларға зерттелетін транзисторларды орналастырыңыз.

  2. Өлшегіш аспаптарды қосыңыз. Амперметрді А1 ұясына қосыңыз. Амперметрдің ауыстырып қосқышын «DCma20» орнына қойыңыз. Вольтметрді V1 ұясына қосыңыз. Вольтметрдің ауыстырып қосқышын «DCV20» орнына қойыңыз. Тұйықтағышты А2 ұясына орналастырыңыз. V2 ұясын бос қалдырыңыз (оларды тұйықтағышпен қосуға болмайды). R1 және R2 реттегіштерін ең аз орындарына (сағат тіліне қарсы бағытта бұрай отырып) қойыңыз.

  3. Аспаптардың көрсетуін №1 кестеге жазыңыз.

  4. R1 реттегіштің байыппен бұрау арқылы кернеуді 0,1 В жеткізіңіз. Осы кезде амперметрдің көрсеткіші ауысу керек. Аспаптардың көрсетуін №1 кестеге толтырыңыз.

  5. R1 реттегіштің байыппен бұрау арқылы кернеуді 0,3 В жеткізіңіз. Осы кезде амперметрдің көрсеткіші ауысу керек. Аспаптардың көрсетуін №1 кестеге толтырыңыз.

  6. R1 реттегіштің байыппен бұрау арқылы кернеуді 0,6 В жеткізіңіз. Осы кезде амперметрдің көрсеткіші ауысу керек. Аспаптардың көрсетуін №1 кестеге толтырыңыз.

  7. R1 реттегіштің байыппен бұрау арқылы кернеуді 1 В жеткізіңіз. Осы кезде амперметрдің көрсеткіші ауысу керек. Аспаптардың көрсетуін №1 кестеге толтырыңыз.

  8. Вольтметрді V2 ұясына қосып, R2 реттегіштің байыппен бұрау арқылы кернеуді 5В жеткізіңіз.

  9. Вольтметрді V1 ұясына қосыңыз.

  10. 4-7 пунктілерді қайталаңыз. Аспаптардың көрсетуін №2 кестеге толтырыңыз

  11. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, транзистордың кіріс вольт-амперлік характеристикасының сызбасын салыңыз.

№1 кесте

V2=0, V 1 көрсетуі

0,1

0,3

0,6

1

А1 көрсетуі

№2 кесте

V2=5, V 1 көрсетуі

0,1

0,3

0,6

1

А1 көрсетуі

Бақылау сұрақтары:

  1. Транзистордың жұмыс жасау принципі?

  2. Транзистордың коллектордағы кернеуді өсірген кезде кіріс характеристикасының ығысу себебін түсіндіріңіз?

  3. База тоғының берілу коэффициенті дегеніміз не?

  4. Транзистор қайда қолданылады?

  5. Транзистордың негізгі параметрлеріне не жатады?

10 зертханалық жұмысы

Трансформатордың жұмысын оқып үйрену

Жұмыстың мақсаты: Айнымалы ток трансформаторының жұмысын оқып үйрену. Жүктеме кедергінің шығыс кернеу шамасына әсерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар. Оқу-демонстрациялық стенді, жүктемені айырып-қосқыш.

Жалпы теориялық мәліметтер

Трансформатор айнымалы ток кернеулігінің шамасын өзгерту көбейту немесе азайту үшін қолданылатын құрылым. Егер ток пен кернеу төмендейтін болса, төмендеткіш, ал кері жағыдайда ол жоғарлатқыш трансформатор деп аталады. Көпшілік жағыдайда төмендеткіш трансформатор қолданылады. Өйткені электртізбектегі 220 В кернеу адам өміріне өте қауіпті. Сондықтан зертханалық стендлермен электронды техникалық бұйымдарда оның шамасы 20 В дейін төмендетіледі. Трансформатор екі және де одан да көп орамдардан тұрады. Оның біреуі бірінші деп оған 220 В кернеу беріледі. Ал басқа орамы екінші немесе төмендеткіш деп аталады. Одан төмендетілген кернеу алынады. Екінші орамдағы кернеудің шамасын трансформациялау (тасымалдау) коэффициенті анықтайды. Ол кезкелген мәнді қабылай алады. Трансформатор қуатын оның орамдарының диаметрі анықтайды.