Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146.72 Кб
Скачать

2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын

айналымдар

222-бап. Тауарлар экспорты

1. Экспортқа тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.

Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету тауарлар экспорты болып табылады.

2. Осы Кодекстiң 223-бабына сәйкес тауарлар экспорты расталмаған жағдайда аталған тауарларды өткiзу бойынша айналымға осы Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында көрсетiлген ставка бойынша қосылған құн салығы салынуға тиiс.

Ескерту. 222-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

223-бап. Тауарлар экспортын растау

1. Мыналар:

1) экспортталатын тауарларды беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);

2) тауарлар шығаруды экспорт режимiнде жүзеге асыратын кеден органының белгiсi соғылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы бекетте орналасқан кеден органының белгiсi соғылған кедендiк жүк декларациясы тауарлар экспортын растайтын құжат болып табылады.

Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы экспортты растаушы болып қызмет етедi;

Тауарларды мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып экспорт режимiнде шығарған жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiсi бар толық кедендiк жүк декларациясы да экспортты растаушы болып табылады.

3) тауардың iлеспе құжаттарының көшiрмелерi тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

Тауарларды магистральдық құбырлар жүйесi бойынша немесе электр тарату желiлерi бойынша экспорт режимiнде шығарған жағдайда тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-өткiзу актiсi табыс етiледi;

4) зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның магнит жеткiзгiште тауардың және оған авторлық құқықтардың болуы туралы, сондай-ақ зияткерлiк меншiк объектiсiн экспорттаған жағдайда оның құны туралы растамасы тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.

2. (алып тасталды)

3. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге бұдан бұрын кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiнде әкетiлген тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн одан әрi экспорттау жүзеге асырылған жағдайда экспортты растау осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ мынадай құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi:

1) ұқсату режимi экспорт режимiне өзгертiлетiн кедендiк жүк декларациясы;

2) тауарларды кеден аумағынан тыс ұқсату режиммен ресiмделген кедендiк жүк декларациясы;

3) тауарларды шет мемлекет аумағына әкелу кезiнде оларды кеден аумағында ұқсату (тауарларды кеден бақылауымен ұқсату) режимiнен ресiмделген, осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi;

4) тауарларды немесе олардың ұқсатылған өнiмдерiн өңдеген мемлекеттiң аумағынан әкету кезiнде экспорт режимiнде ресiмделген және осындай ресiмдеудi жүзеге асырған кеден органы куәландырған кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi.

Ескерту. 223-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу

1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетудi iске асыру жөнiндегi айналымға:

1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның iшiнде поштаны тасымалдауға;

2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерiн тасымалдауға;

3) халықаралық қатынаста жолаушылармен жолжүктерiн тасымалдауға нөлдiк ставкамен салық салынады.

2. Егер тасымалдауды ресiмдеу бiрыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желiсiнiң жүйесi бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендiк режимiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрi жеткiзудi жүзеге асыратын басқа тұлғаларға берудi растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшiн тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледi.

Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейiн жүзеге асыратын көлiк ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауы басталатын жер танылады.

Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүктi) тасымалдауды бiрнеше көлiк ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүктi) көлiк ұйымының көлiгiмен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.

Ескерту. 224-бабының күшi 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын - Қазақстан Республикасының 2001.06.12. N 210 Заңымен, бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

224-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында

өткiзiлетiн тауарларға салық салу

1. Осы Кодекстiң 140-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызмет түрлерiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыруға арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу және пайдалануға беру процесiнде толық тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағында өткiзуге қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

Электр энергиясын, бензиндi, дизель отыны мен суды қоспағанда, осы тармақтың мақсаттары үшiн әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi тұрғызу процесiне тiкелей тартылған тауарлар құрылыс процесiнде толық тұтынылатын тауарлар деп түсiнiледi.

2. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының осы баптың 1-тармағында аталған айналымдар бойынша есеп беру кезеңi iшiнде есептелген салық сомасынан асып түскен сомалар арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органынан растау алғаннан кейiн әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде нақты тұтынылу бөлiгiнде белгiленген мерзiмдерде салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша оған қайтарылады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылған атқарушы орган арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салық органының сұрау салуы бойынша беретiн, әкелiнген тауарлардың әкiмшiлiк және өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi салу процесiнде пайдаланылғаны туралы құжат растау үшiн негiздеме болып табылады.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығы бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшiн:

1) арнайы экономикалық аймақтың аумағында осы баптың 1-тармағында аталған объектiлердi салуды жүзеге асыратын ұйымдармен тауарлар беруге жасалған шарт (келiсiм-шарт);

2) тауарлар шығаруды еркiн кеден аймағының кеден режимiнде жүзеге асыратын кеден органы белгi қойған кедендiк жүк декларациясының көшiрмелерi;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдарға тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған ұйымдардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.

Ескерту. 224-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

224-2-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу

1. Нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығы:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан салық төлеушiге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымға салынады. Осы тармақша жаңа объектiлердi салу кезеңiнде қолданылады;

2) Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлерге өткiзiлетiн, өзi өндiрген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға салынады.

Егер, жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартында қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлар тiзбесi айқындалған болса, онда осы тiзбеде көрсетiлген тауарларды сату жөнiндегi айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.

Осы баптың мақсатына орай, қосылған құн салығын төлеушiнiң өзi өндiрген, өндiрiс процесiнде пайдаланылған және өндiрiлген өнiмнiң (тауардың) құрамына кiрген шикiзаттар мен материалдар кодының алғашқы төрт таңбасының кез келгенiнiң деңгейiнен ерекшеленетiн сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының коды бар өнiм (тауар) өзi өндiрген тауар болып танылады.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасының Yкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға концессиялық шарт жасасқан заңды тұлғаға тауарлар беру шарты;

2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiге тауарлардың тиелiп жiберiлгенiн растайтын, тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;

3) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған салық төлеушiнiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.

4. Тауарлардың осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге өткiзiлгенiн растайтын құжаттар:

1) берiлетiн тауарлардың жер қойнауын пайдалану келiсiм-шартының жұмыс бағдарламасын орындауға арналғанын шартта көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарт талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар қосылған құн салығынан босатылатын, салық төлеушiлерге тауарлар беру шарты;

2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге тауарлардың тиеп жөнелтiлгенiн растайтын тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерi;

3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлердiң тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi болып табылады.

Ескерту. 224-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.05.06. N 140 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

БИЛЕТ №13

1. Преференцияларды қолдану

1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:

1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;

2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.

2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 125-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.

3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.

4. Егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:

1) салық төлеуші осы Кодекстің 123-бабының 2-4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 123-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]