Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146.72 Кб
Скачать

2. Арнаулы салық режимін қолдану шарттары

1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп  күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

3. Арнаулы салық режимін:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің;

басқа  заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын   заңды тұлғалардың;

құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

4. Арнаулы салық режимi мынадай қызмет түрлерiне:

1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге;

2) акцизделетiн өнiмдi сақтауға және көтерме саудада өткiзуге;

3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн – бензиндi, дизель отынын және мазутты өткiзуге;

4) лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге;

5) жер қойнауын пайдалануға;

6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге;

8) консультациялық қызметтер көрсетуге;

9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке;

10) қаржы және сақтандыру қызметiне қолданыл­майды.

 

БИЛЕТ №8

1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні

Сонымен салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдері болып табылады.

Экономикалық категория ретінде салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарын сипаттайды.

Салықтардың экономикалық мәні:

Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;

Шаруашылық жургізуші субъектілер мен халық табысының белгілі-бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзін 90 пайызы салықтардан тұрады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көздері ұлғайған сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын артыруға жағдай жасауы қажет.

Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі. Реттеушілік қызметі салық маханизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктері салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.

2. Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпыұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық саясаты дискрециялық (лауазымды адамның қайсыбір мәселені өз қалауынша шешуі) және бейдискрециялық негіздерге сүйенуі мүмкін.Дискрециялық негіз өзгеріп отыратын экономикалық жағдайға сәйкес салық заңнамасына түзетулер енгізуді: салық мөлшерлемесін өзгертуді, салық жеңілдіктерін енгізуді немесе алып тастауды, т.б. шараларды көздейді. Ол мемлекетке реттеу құралдарын кең көлемде таңдау мүмкіндігін береді. Алайда бұл мемлекеттің экономикалық үдерісті немесе жағдаятты танып-білуіне, шешім қабылдауына және ықпал етуіне теріс әсерін тигізеді. Бейдискрециялық салық саясаты негізінен орта мерзімдік циклді кезеңділікті реттеуге бағытталған реттеуіштер элементтері болып табылады. Саясаттың бұл түрінің негізі — жеке табыс салығында және корпорациялардың пайдасына салынатын салықта үдемелі табыс салығын салу: экономикалық өрлеу кезеңінде — шаруашылық субъектілерінің табысынан бюджетке алу нормасын арттыру, дағдарыс пен тұралау кезеңінде — осы норманы төмендету. Сөйтіп, өрлеу кезеңінде жиынтық сұранымның мөлшеріне тиісінше ықпал ету есебіненэкономикалық өсу тежеледі және дағдарыс кезеңінде ынталандырылады. Бейдискрециялық салық саясатында жоғарыда аталған кешеуілдеулер болмайды, бірақ мұнда мемлекеттіңқолында реттеуші құралдардың саны аз болады. Түрлі елдердің салық саясаты түрлі элементтердің ұштастырылуымен сипатталады: тікелей салықтар бөлігінде табыстарды өздігінен реттеу жағдайларын жасау үшін үдемелі шекілдер пайдаланылады, жанама салықтар бөлігінде дискрец. саясат қолданылады. Инфляциялық үдерістер кезінде бейдискрециялық салық саясатының пәрменділігі төмен: табыстың ұдайы өсуіне қарай инфляция салдарынан салық салу нормасы да ұдайы жоғарылап отырады. Қазақстанда жаңа салық жүйесі қатаң саяси,экономикалық және құрылымдық өзгерістер жағдайында қалыптасты. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жеке меншік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған

БИЛЕТ №9

  1. Салық есебі – салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.Салық есебі салық төлеуші есепті (салық) кезең бойына жүзеге асырған шаруашылық операцияларға салық салу үшін, сондай-ақ салықтардың дұрыс есептеліп, бюджетке төленуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатымен есептеу тәртібі туралы толық та рас ақпаратты қалыптастырады. Салық есебінің міндеттері мен атқарымын орындау үшін салық заңмасында арнаулы тәсілдер мен әдістер айқындалған, олардың жиынтығы Салық есебінің өзара байланысты әдіснамасын құрайды. Салық құжаттамасына: есеп беруге-есептесуге арналған салық құжаттамасы, ілеспе салық құжаттамасы, салық есебінің, хабарламасының талдамалы тізілімдері жатады. Салық құжаттамасының ерекшелігі – бастапқы салық құжаттамасы болмаған жағдайда Салық есебін жүргізу үшін шаруашылық операциялардың жасалуы тіркелетін бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттары негіз болады