Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146.72 Кб
Скачать

2. Салықтық реттеу

Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құрутөлем қабілеті бар сұраныс көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.

Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құру.Нарық қатынастары дамыған елдерде салық мемлекет қазынасын толтыруға қызмет ете түседі. Экономикалық мазмұны жағынан салықтар – бұл заңды белгіленген ретпен тұрғындардан, кәсіпорындар мен мекемелерден алынтын міндетті төлемдер жүйесі.

БИЛЕТ №25

1. Шетелдік салықтар

Табыстарға салынатын, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төленген салықтардың немесе резидент-салық төлеушінің елімізден тысқары жерлердегі көздерден алған табыстарынан табыс салығының бірдей түрінің сомасы республикамызда корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне осындай салықтың төленгенін растайтын құжат болған кезде есепке жатқызылуға жатады.

Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.

Егер шет мемлекеттің салық органы берген және куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардың және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шетел тілінде жасалған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.

Шет мемлекетте төленген салықтарды корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу шотына есепке жатқызу кезінде салық төлеуші анықтаманы камералдық бақылау жүргізу мақсатында салық органының талап етуі бойынша тапсыруға құқылы.

Шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде шет мемлекеттегі осындай табыстардан салықтарды төлеу және ұстау фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салуға жататын табыстарынан берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы салықтың іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төлеуге жататын салық сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Шетелдік салықты есепке жатқызу сомаларының мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.

Шет мемлекеттегі көздерден алынған табыстардан осы мемлекетте төленген табыс салығын есепке жатқызудың жалпы сомасын айқындау үшін резидент корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияға тиісті қосымшаны толтырады.

Салық төлеуші шет мемлекеттегі көздерден алған табыстарының және төлеген салықтарының сомалары туралы анықтамаға оның нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасын қоса беруге міндетті.