Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146.72 Кб
Скачать

1. Мемлекеттік баж

Мемлекеттік баж – уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін және (немесе) құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Осы тараудың мақсаттары үшін құжаттарды (олардың көшірмелерін, телнұсқаларын) беру заңдық мәні бар іс-әрекеттерге теңестіріледі.

Мемлекеттік бажды төлеушілер

Заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасау және (немесе) құжаттар беру жөнінде уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік баж төлеушілер болып табылады.

Баж алу объектілері

1. Мыналардан:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардардан:

2) нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттар көшірмелерін (телнұсқаларын) бергені үшін;

3) азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар мен қайтадан куәліктер бергені және азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктер бергені үшін;

Мемлекеттік баждың соттардағы ставкалары

1. Сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше талаппен іс жүргізу арыздарынан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, аралық (төрелік) соттардың және шетел соттарының шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөніндегі атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де материалдардың көшірмелерін қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:

1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшін – талап қою сомасының 1 проценті;

заңды тұлғалар үшін – талап қою сомасының 3 проценті;

2. Төлемдер

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы

Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы

Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы

Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы

Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы

БИЛЕТ №24

1. Алымдар

Алым (заң) — мемлекеттік органдар көрсететін қызметтер үшін заңды және жеке тұлғалар төлейтін міндетті төлемдер, олардан алынатын ақша (алымдар).

Мемлекеттік бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер алымдар

2. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен

өкiлдiктердi есептiк тiркегенi үшiн алым

2.2 Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым

2.3 Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге

құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым

2.4 Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң

ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым

2.5 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды

мемлекеттік тіркегені үшін алым

2.6 Көлiк құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым

2.7 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi (қайта тiркегенi) үшiн

алым

2.8 Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым

2.9 Туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға лицензиялық

шарттарды мемлекеттiк тiркеу үшiн алым

2.10 Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша

жүргені үшін алым

2.11 Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым

2.12 Аукциондардан алынатын алым

2.13 Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық

алымд

2.14 Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік

спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым