Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146.72 Кб
Скачать

2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі

Салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі

1. Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

2. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мемлекет жер учаскесiне меншiк құқығын, тұрақты немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын берген кезде, жер салығы салық төлеушiге жер учаскесiне осындай құқықтар берiлген айдан кейiнгi айдан бастап есептеледi.

3. Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, жер салығы жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептеледі.

4. Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері

1. Заңды тұлғалар жер салығының сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.

3. Ағымдағы төлемдердің сомасы ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан, 25 қарашасынан кешіктірілмей тең үлестермен төленуге жатады.

Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептiлiгiн табыс етудiң ерекшелiктерi

1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануын­дағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi

1. Жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрмей жүргiзедi.

БИЛЕТ №20

1. Әлеуметтік салық кезеңі және салық декларациясы

Салық кезеңі

Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

Жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық  бойынша декларация

1. Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді

2. Жер салығының мәні, салық салу объектілері, төлеушілер

Жалпы ережелер

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және  мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендер жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.

Төлеушілер

1. Мынадай:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объек­тілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жекелеген жағдайларда төлеушіні айқындау

1. Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.

Салық салу объектісі

1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;

БИЛЕТ №21