
- •1. Салықтардың экономикалық мәні
- •2. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі
- •1. Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
- •2Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі
- •1 Салық қызметі органдары:
- •2. Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен тәртібі
- •2. Арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні
- •2.Жеке табыс салығы бойынша декларация
- •2. Салық салынатын айналым мөлшері
- •1. Инвестициялық салық преференциялары
- •2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын
- •2. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
- •1. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
- •2. Ққс есептеу мен төлеу тәртібі.
- •1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
- •2. Ққс босатылған айналымдар мен импорт
- •1. Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •2. Ққс бойынша салық салынатын импортты анықтау
- •1. Акциздер мәні, акцизді төлеушілер
- •2. Ққс бойынша есепке жатқызу
- •1. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу
- •2. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салық салу
- •1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу
- •2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •1. Әлеуметтік салық кезеңі және салық декларациясы
- •2. Жер салығының мәні, салық салу объектілері, төлеушілер
- •1. Көлік құралдары салығы, төлеушілер, салық салу объектілері
- •2. Жер салығы бойынша салық кезеңі және декларация төлеу тәртібі
- •1. Көлік құралдары салық ставкалары, салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
- •2. Салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімі
- •1. Мемлекеттік баж
- •2. Төлемдер
- •1. Алымдар
- •2. Салықтық реттеу
- •1. Шетелдік салықтар
- •2. Салық органдарында есепті ұйымдастыру
2. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салық салу
Салық төлеушілер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері дербес салық төлеушілер ретінде қарастырылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлік салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер.
Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланбайтын салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) діни бірлестіктер.
Осы тармақтың 2)-4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.
Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенiмгерлiкпен басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.
Салық салу объектісі
1. Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:
1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептiлiгiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;
2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;
2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;
3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:
бұрылу белдеуі;
жолдардың конструкциялық элементтері;
жол жағдайы мен оны абаттандыру;
көпірлер;
өткерме жолдар;
виадуктар;
жол тарамдары;
тоннельдер;
қорғаныш галереялары;
жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар;
су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;
жол бойындағы орман алаптары;
желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;
4) аяқталмаған құрылыс объектілері салық салу объектілері болып табылмайды.
Салық базасы
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық баланстық құны дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады.
Салық ставкалары
1. Заңды тұлғалар (осы баптың 2, 3-тармақтарында аталғандарды қоспағанда) мүлік салығын салық базасының 1,5 процент ставкасы бойынша есептейді.
2. Мүлік салығын салық базасының 0,5 процент ставкасы бойынша мына салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар есептейді.
Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша салықты осы тарауда белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен есептейді және төлейді.
Салық кезеңі
заңды тұлғалар үшін салық кезеңі салық салу объектілерін пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін айқындалады.
Салық есептілігі
2. Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
заңды тұлғалар пайдалануға, сенiмгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектілерді пайдалануға немесе жалға берген айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
3. Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
4. Декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
БИЛЕТ №18