Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салық билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
146.72 Кб
Скачать

2. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке

төленуге тиiс қосылған құн салығы

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 245-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде анықталады.

245-бап. Қосылған құн салығының ставкалары

1. Қосылған құн салығының ставкасы 15 процентке тең болады және осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.

2. Осы Кодекстiң 222-224-1, 224-2-баптарында аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.

3. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын импорт бойынша қосылған құн салығының ставкасы осы Кодекстiң 220-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 15 процентiне тең болады.

Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.

Ескерту. 245-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 475, (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.11.22. N 89 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.05.06. N 140 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

246-бап. Салық кезеңi

1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.

3. Егер күнтiзбелiк ай iшiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi дербес айқындаған күнтiзбелiк ай не тоқсан салық кезеңi болып табылады.

4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.

Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.

Ескерту. 246-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

247-бап. Салық декларациясы

1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi әрбiр салық кезеңi үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

2. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер әр тоқсан үшiн қосылған құн салығы бойынша декларацияны есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.

3. Декларациямен бiрге салық кезеңi iшiнде (осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайда - есептi тоқсан iшiнде) сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмi табыс етiледi. Шот-фактуралар тiзiлiмiнiң нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

Ескерту. 247-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

248-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерi

1. Егер осы Кодекстiң 389-бабында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн мерзiмi белгiленген күнге дейiн немесе сол күнi бюджетке әрбiр салық кезеңi үшiн салық төлеуге мiндеттi.

2. Осы Кодекстiң 250-бабында аталған жағдайларда салық төлеушi төлеуге тиiс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, кеден төлемдерiн төлеу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген күнi төленедi. <*>

3. Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмi осы Кодекстiң 249-бабында белгiленген тәртiппен өзгертiлуi мүмкiн.

Ескерту. 248-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.13. N 11 (күшiне ену тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

249-бап. Импортталатын тауарларға қосылған құн

салығын төлеу мерзiмiн өзгерту

1. Салық органдары егер:

1) импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк ұқсатуға арналған;

2) су, газ, электр энергиясы импортталатын тауарлар болып табылған жағдайларда импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгертедi.

2. Осы баптың мақсаты үшiн, егер бұл орайда төменде аталған шарттардың ең болмаса бiреуi орындалатын болса:

1) өндiрiстiк ұқсатудан кейiн алынған өнiмде (тауарда) пайдаланылған тауарлардан өзгеше алғашқы кез келген төрт белгi деңгейiнде сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының коды болса;

2) өндiрiс процесiнде тауарларға қосымша еңбек пайдаланыла отырып, химиялық әсер жасалса, өндiрiс процесiнде тауарларды одан әрi пайдалану оларды өнеркәсiптiк ұқсату деп ұғылады.

3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту өсiмпұл есептелмей, кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге жасалады.

4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту мына құжаттар:

уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;

тауарларды беруге арналған шарттың (келiсiм-шарттың) көшiрмесi негiзiнде жасалады.

Төлеу мерзiмiн өзгертуге құқығын растау үшiн салық органдары қосылған құн салығын төлеушiнiң өндiрiстiк қуаттарын және үй-жайларын тексерiп қарауға құқылы.

5. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган өнеркәсiптiк ұқсату үшiн үнемi импорт бойынша тауарларды алып тұратын қосылған құн салығын төлеушiлерге, қосылған құн салығын өзгертiлген мерзiмдер бойынша төлеткiзе отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыруы үшiн күнтiзбелiк жыл iшiнде қолданылатын рұқсат бередi.

Осы тармақта көзделген рұқсат, қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн кеден органы кедендiк жүк декларациясын қабылдаған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзiмге өзгерте отырып, тауарларды кедендiк ресiмдеуге негiздеме болып табылады.

Рұқсат алу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы баптың 4-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының оның өндiрiстiк қуаттары мен үй-жайларының бар-жоғы жөнiндегi қорытындысы табыс етiледi.

5-1. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешiмдi қосылған құн салығын төлеушiден өтiнiш пен осы бапта белгiленген растау құжаттарын алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылдайды.

6. Төлеу мерзiмдерi осы бапқа сәйкес өзгертiлген салық сомаларын өтеудi үш айлық кезең iшiнде салық органдары өткiзiлген тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетуге) қатысты қосылған құн салығы бойынша бюджетпен өзара есепке жатқызу әдiсiмен жүргiзедi.

Өтелмеген берешектiң сомасына аталған үш айлық кезең аяқталғаннан кейiнгi бiрiншi күннен бастап өсiмпұл есептеледi.

7. Тауарларды өнеркәсiптiк ұқсатусыз өткiзген жағдайда, қосылған құн салығы осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмпұл салына отырып есептеледi.

Ескерту. 249-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.11.23. N 358 (2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, 2003.07.04. N 475 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2003.11.29. N 500 Заңымен (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

250-бап. Импортталатын тауарларға арналған қосылған

құн салығын есепке жатқызу әдiсiмен төлеу

1. Қосылған құн салығы осы бапта мынадай тауарлардың:

1) жабдықтың

2) ауылшаруашылық техникасының

3) автомобиль көлiгiнiң жылжымалы жүк құрамының

3-1) тiкұшақтар мен ұшақтардың

3-2) темiр жол локомотивтерi мен вагондардың

4) қосалқы бөлшектердiң

5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.

Аталған тауарлар тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.

1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды қосылған құн салығын төлеушiлер өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждары үшiн әкеледi.

2. Қосылған құн салығын төлеушi кеден органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесiн, сондай-ақ қосылған құн салығы бойынша декларацияда осы баптың 1-тармағында аталған тауарлардың импорты бойынша төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын көрсету жөнiндегi мiндеттеменi және аталған тауарларды нысаналы пайдалану туралы мiндеттеменi табыс етедi.

Мiндеттемелер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда екi дана етiп толтырылады.

Мiндеттеме негiзiнде тауарларды еркiн айналысқа шығару - белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн, ал акцизделетiн тауарлар бойынша акциздердi де төлеген жағдайда, қосылған құн салығы iс жүзiнде төленбей жүргiзiледi.

3. Мiндеттемеде көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес бiр мезгiлде есепке жатқызыла отырып, салықтың есептелген сомасы ретiнде көрсетiледi.

4. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарларды одан әрi пайдалануға осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығы салынуға тиiс.

БИЛЕТ №13