
- •1. Салықтардың экономикалық мәні
- •2. Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі
- •1. Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
- •2Салықтық нысандар және оларды жасау тәртібі
- •1 Салық қызметі органдары:
- •2. Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен тәртібі
- •2. Арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні
- •2.Жеке табыс салығы бойынша декларация
- •2. Салық салынатын айналым мөлшері
- •1. Инвестициялық салық преференциялары
- •2. Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын
- •2. Салықты есептеу және төлеу тәртiбi
- •1. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану
- •2. Ққс есептеу мен төлеу тәртібі.
- •1. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері
- •2. Ққс босатылған айналымдар мен импорт
- •1. Халықаралық салық салудың ерекшеліктері
- •2. Ққс бойынша салық салынатын импортты анықтау
- •1. Акциздер мәні, акцизді төлеушілер
- •2. Ққс бойынша есепке жатқызу
- •1. Қазақстан Республикасында өндірілетін, өткізілетін акцизделетін тауарларға салық салу
- •2. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салық салу
- •1. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу
- •2. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •1. Әлеуметтік салық кезеңі және салық декларациясы
- •2. Жер салығының мәні, салық салу объектілері, төлеушілер
- •1. Көлік құралдары салығы, төлеушілер, салық салу объектілері
- •2. Жер салығы бойынша салық кезеңі және декларация төлеу тәртібі
- •1. Көлік құралдары салық ставкалары, салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
- •2. Салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімі
- •1. Мемлекеттік баж
- •2. Төлемдер
- •1. Алымдар
- •2. Салықтық реттеу
- •1. Шетелдік салықтар
- •2. Салық органдарында есепті ұйымдастыру
БИЛЕТ №1
1. Салықтардың экономикалық мәні
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.