Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алеуметтік педогогика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
136.37 Кб
Скачать

1-тақырып

Әлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-әрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны әлеуметтендіру процесіне қатысушы әлеуметтік институттар мен факторлар. Әлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси және қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар және қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның әлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің әр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар.

[1]

Арнаулы оқу-тәрбие мекемелерi Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің

өкімі 1993 ж. 13 шiлде № 286-ө

Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің "Дене бiтiмiнiң немесе ақыл-ойының дамуында кемiстiктерi бар балалар мен жас өспiрiмдерге арналған арнаулы оқу-тәрбие мекемелерiнiң жұмысын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" 1991 жылғы 11 ақпандағы № 91 және "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі 1992 - 1995 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1991 жылғы 16 желтоқсандағы № 783 қаулыларын орындау үшiн:

1. Дамуында ауытқушылығы бар Балаларды қорғау лигасының және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінiң Алматы, Қостанай, Семей қалаларында және Алматы облысының Шамалған селосында бюджеттен тыс қаражат есебiнен қосымшаға сәйкес мамандандырылған мектепке дейiнгi мекемелер мен арнаулы мектептердi жобалау мен салу жөніндегі ұсынысы қабылдансын.

Осы объектiлердiң жобалау-iздестiру және құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыруды, сондай-ақ тапсырыс берушi мiндетiн Лиганың Жоғарғы Кеңесi жүзеге асыратындығымен келісілсiн.

Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлық ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

П.Ғ.К. Шағырбаева м.Д.

Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviatio» -ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез құлықтың мәнін түсінуде негізгі екі ұғымды қарастырамыз-«қалып (норма)» және «қылық». Әлеуметтік қалып-бұл нақтылы қоғамда тарихи түрде қалыптасқан жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның мінез-құлық ережелерінің мөлшері, этикет, мораль, заңдық нормалар. Басқа да құндылықтар тәрізді, әлеуметтік нормалар тұлғаның бағалау және бағыт ұстау функцияларын орындайды, мінез-құлықты реттейді және бақылап отырады. Норма-идея, идеалдар сияқты бағыттапқана қоймай, белгілі бір ереже-міндеттерді жүктейді.

Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.

Әдетте, қабылданған нормаларды бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен институционалдық формалары тұрғысынан осы ауытқуларды жою бағытындағы нақты және айқын жағымсыз реакциясын іске қосады. Сондықтан да нормалар қоғамның тұрақтылығы мен тәртібін қамтамасыз ететін, девиацияға қарсы күрестің бірден-бір әлеуетті құралы болып табылады.

Психологияда «қылық»- адамның рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы және сол тұрғыда оның өзге адамдарға, өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа деген қарым-қатынасын айқындауы деп қарастырылады. Қылықтың адамгершілік көзқарас тұрғысынан бағаланатын жағымды және этикалық, моральдық нормаларды бұзумен сипатталатын жағымсыз (аморальды) жақтары бар. Заң тұрғысынан алып қарағанда, норма ережелерін бұзушылық –бұл мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың құқығы мен жеке меншігіне қол сұғушылық болып есептеледі.

Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім –тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы  т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.

Мінез –құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі - П.П. Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы П.П. Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің  өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады.

Ал, А.С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді.

Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В. Лодкина, А.В. Захаров, В.С. Мухина, З. Матвейчик, Е.О. Смирновалар атап көрсеткен.

Белгілі психолог ғалым Б.Г. Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан, оларда:

       Адамдар туралы ақпарат пен тұлғаралық қарым-қатынас арасында;

       Адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;

       Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді.

Бұларда балалар мінез құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте -ұстау қажет.

Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы  қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.

Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.

Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.

Тар мағынасындағы девианттық мінез-құлық дегеніміз жалпы қабылданған нормалардан тыс, жағымсыз, еш адам жақтамайтын ауытқулар.

Сонымен, девианттық мінез-құлық –кез келген қоғамдағы қабылданған әлеуметтік мінез-құлық нормаларына қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі. Бүгінгі таңда девиантты мінез-құлқы бар балалардың және нашақорлық пен ішімдікке тәуелді балалар санының өсуі өзекті проблемаға айналып отыр. Девианттық мінез-құлық – бұл балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қоғамдық қылмыс белгілері мен қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік, ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық, психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.

 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында девиацияның биологиялық және психологиялық табиғаты туралы түрлі концепциялар пайда бола бастады.

Девиациялық концепциялар.

 

 

Түсіндіру тұрғысындағы девиация

Теория

Автор

Жетекші идея

1

2

3

4

Биологиялық

Қылмыстық бағыныштылықпен

Байланысқан физикалық белгілер

 

Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері

Ч. Ломброзо

 

 

 

 

 

У.Х. Шелдон

Дене бітімінің

Физикалы0 ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады

Психологиялық

Психоаналитикалық теория

З. Фрейд

Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады

Әлеуметтік

Аномия

 

 

 

 

Әлеуметтік дезорганизация

 

 

 

 

 

Мәдениеттанушылық

теориялар

 

 

 

 

 

Стигмеотизация

теориясы

 

Радикалды криминология

 

 

Э. Дюркгейм

 

 

 

 

Шоу Маккей

 

 

 

 

 

 

Селлин,

Миллер,

Сутерленд,

Клауорди,

Оулин Беккер

 

 

Турк, Квинни,

Тэйлор,

Уолтон Янг

Девиация әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды. Көп жағдайда

девиация мәдениет құндылықтарының, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсізденуінен қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады. Девиацияның пайда болу себебі, субкультура мен мемлекеттік нормалар арасындағы конфликтілер

Девиация билігі бар топтардың барынша аз қорғалған топтардың мінез құлықтарына қоятын таңба тәрізді.

Девиация капиталистік қоғамның нормаларына қарсы әрекеттің нәтижесі болып табылады.

 

Девиантты мінез- құлық  үлкен екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, ашық немес жабық психопатологиясы бар, психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай және оларды жазаланатын болса-қылмыс деп атайды. Жастар арасында соңғы жылдары тәртіп бұзушылық, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық, жезөкшелік кең орын алуда. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын (теледидар, түрлі түсті бейресми журналдар, т.б.) көргендерін тез қабылдайды. Міне, сондықтанда алған ақпарат пен телехабарла беріліп тұратынқылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастарды қатыгездік пен жүгенсіздікке ұрындыруда. 

Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жасөспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде құқықтық әлеуметтену процесі және деликвенттік мінез-құлық бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты жалпы қабылданған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін жатқызамыз.

Неліктен жасөспірім шақ қауіп тудыратын шақтар?

Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.

Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.

Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:

1.     Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.

2.     Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.

3.     Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.

4.     Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.

Статистикалық зерттеулерге қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың 44 пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер. Ғалым  А.Е. Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай келіп, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:

1.Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека)  баланың ішкі өмірінің көріністерінен (оның ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;

2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.  

Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді.

Бұл проблема, әсіресе, өтпелі кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл кезде қоғам өмірінің барлық салалары түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы мінез-құлық ережелері қайта қаралады.  

Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады:

3. Бейнесіне жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;    

4. Отбасында «күл қызының» пайда болуы-бұл ата-ананың өзіне көп көңіл бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі.

Деликвенттік жасөспірімнің  психологиялық құқықтық нысанасында қызуқандылық міндетті түрде болады.

     Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:

-жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар;

-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;

-балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;

-жасөспірімдердің пікірін елемеу;

-ата-аналардың тиісті жылаулықты бере алмауы;

-балалардың ар- намысына тию;

-тәрбие жүйесінің сапасыздығы.

Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді.

 

Резюме: В статье рассматриваются проблемы девиантного поведения, профилактика и предотвращение девиации в воспитании подростков, а такде дано опреденление понятия «девиантное поведение» и причины проявления девиантного поведения у подрастающего поколения. А также представлены социальные, психологические, биологические подходы девиационных концепции различных авторов.

 

Summary: This paper discusses the problem of deviant behavior, prevention, and prevention of deviation in the education of adolescents, takde opredenlenie given the term "deviant behavior" and cause manifestations of deviant behavior among the younger generation. Also represented the social, psychological and biological approaches compass deviation concepts of different authors.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

А. Айтбаева. Әлеуметтік педагогика негіздері. Алматы, 2011

М. Құдиярова. «»Жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқышылық себептері. Алматы, 2006

2-тақырып

Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» [3]. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». [4]. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль атқарды.Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:

  1. академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;

  2. Рим клубының экологиялық түжырымдары;

  3. Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;

  4. Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б.

Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.

[өңдеу]Қоғам және мәдениет

Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар: Адамды калыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» [5]. Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.

[өңдеу]Танымдық қызметі

Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» [6]. Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз.

[өңдеу]Реттеу қызметі

Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол —жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттіңқоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялықфутурологиялықгерменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]