
- •1.5. Гепатобилиарлық хирургия каз.
- •16 Жасқа дейінгі жедел аппендициті бар науқастарға операция жасалынады:
- •40 Жастағы науқас поликлиникаға дәрігерге іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Жағдайы қанағаттандырарлық.
- •20 Жасында науқас вирусты гепатитті басынан өткізген. Қазіргі кезде ішімдікті көп іщеді. Клиникалық портальды гипертензия, спленомегалия белгілері анықталған. Не жөнінде ойлауға болады?
- •1.1 Жедел аппендицит
- •1.1 Жедел аппендицит
- •1.1 Жедел аппендицит
- •1.2. Жедел холецистит каз.
- •1.2 Жедел холецистит каз.
- •1.2. Жедел холецистит қаз.
- •1.3. Жедел панкреатит
- •1.3. Жедел панкреатит
- •1.3. Жедел панкреатит
- •1.4. Жедел ішек өтімсіздігі.
- •1.4. Жедел ішек өтімсіздігі
- •1.4. Жедел ішек өтімсіздігі
- •1.5. Жедел перитонит
- •1.5. Жедел перитонит
- •1.5. Жедел перитонит
- •1.6 Іштің қысылған жарығы
- •1.6 Іштің қысылған жарығы
- •1,6 Іштің қысылған жарығы
- •1.7 Асқазан және 12 елі шектің ойық жарасының асқынулары қаз.
- •1.7 Асқазан және 12 елі шектің ойық жарасының асқынулары қаз.
- •1.7. 12 Елі ішек, асқазан ойық жараларының асқынулары
- •1.8 Мезентериальді қан айналымыны жедел бұзылуы.
- •1.9 Іш қуысының жедел хирургиялық ауруларының салыстырмалы диагностикасы.
- •1.9 Іш қуысының жедел хирургиялық ауруларының салыстырмалы диагностикасы.
- •1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
- •1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
- •1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
- •«Хирургиялық аурулар»
- •Жедел ішек өтімсіздігі
- •1.4. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология. Каз
- •1.6 Эндокринді және Тамыр хирургия. Каз.
40 Жастағы науқас поликлиникаға дәрігерге іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Жағдайы қанағаттандырарлық.
20 Жасында науқас вирусты гепатитті басынан өткізген. Қазіргі кезде ішімдікті көп іщеді. Клиникалық портальды гипертензия, спленомегалия белгілері анықталған. Не жөнінде ойлауға болады?
А) Бауырүстілік блок.
В) Бауырішілік блок.
С) Бауырастылық блок.
D) Аралас блок.
Е) Гиперспленизм
{Дұрыс жауап }=B
$$$012
Науқас поликлиника дәрігеріне сол жақ кеуде қуысының ауырсынуына, физикалық жүктеме және тамақ ішкенде үдей түсетін ентігуге, сонымен қатар жатқанда, жүрек айну және жеңілдік әкелетін кезеңдік құсуға шағымданады. Анамнезінде 10 күн бұрын автотравма. Кеуде қуысының рентгенографиясында диафрагма үстінде сұйықтығы бар газды көпіршік. Сіздің қоятын диагнозыңыз және еміңіз?
А) Сол жақтан абсцедирлеуші пневмония, консервативті ем.
В) Стенокардия, консервативті ем.
С) Диафрагманың өңештік тесігінің сырғанайтын жарығы, оперативті ем.
D) Сол жақ гемоторакс, плевра қуысы дренаждау.
Е) Дифрагма жарығы, оперативті ем
{Дұрыс жауап}=E
$$$013
ЖДА-дағы хирургке науқас анус аймағындағы ауырсынуға, дефекация кезіндегі қанды бөлініске, артқы тесіктегі қатты ауырсынуға шағымданады. Тізе-шынтақтық жағдайда анус аймағында қошқыл түсті геморроидальді түйіннің үлкеюі, қабынуы, ауырсынуы анықталады. Сіздің диагнозыңыз, рациональді ем:
А) Іш өткізетін дәрілерді (күкірт қышқылды магнезия), қорғасын таңғыштары, ішке эскузан немесе аспирин, красовка шамдары.
В) Новокаин блокадаларын жасау, түйіндерді енгізу.
С) Аналгетиктер тағайындау, алғашқы 2-3 күнде таңғыштар төсектік тәртіп, гепарин майының таңғышы, красовка шамдары.
D) Тромбталған түйіндерді алып тастау.
Е) Склероздушы терапия қолдану
{Дұрыс жауап}=C
$$$014
Хирургке 47 жастағы ер адам қаралады, 3 ай бойы аурады, жұтынуы қиын, дисфагия көбеюде, 5 кгға жүдеген. Өңешті контрасттық зерттеуде ортаңғы – кеуделік бөлімде оның қуысының 3,5 смге циркулярлы тарылуы анықталған. Эзофагоскопия: өңеш қуысының 0,5 смге тарылуы, биопсия – мүйізденусіз жалпақ клеткалы рак. Метостаздар жоқ. Диагноз: Өңештің ортаңғы 3/1 нің қатерлі ісігі, 11 саты. Науқас онкодиспансерге бағытталады. Науқасқа қандай ем тағайындалу керек?
А) Химиотерапия
В) Сәулелік терапия.
С) Өңешті бұждау.
D) Өңештің субтотальді резекциясы.
Е) Байқаулық торокотомия
{Дұрыс жауап}=D
$$$015
Қабылдауға Науқас М. 35 жаста автокатосторфадан жеткізілген, оң жақ кеуде қуысының жарақаты. Жарақат аймағындағы қаттты ауырсынуға, тыныс алудың қиындауына шағым айтады. Оң жақтан алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен, 5-7 қабырға аралығында пальпация кезінде ауырсынады, тері асты эмфиземасы, крепитация анықталады. Оң жақтан әлсіз тыныс естіледі, перкуторлы тимпанит. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, тері жамылғысы бозарған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз және ем?
А) Оң жақ өкпенің пневмониясы, антибактериялды терапия.
В) Сол жақ 5-7 қабырғаларының сынуы, тығыз таңғыш, физиоем.
С) Оң жақ өкпенің контузиясы, антибиотиктер, аналгетиктер.
D) 5-7 қабырғалардың сынуы, жарақаттық пневмоторакс, плевра пункциясы.
Е) 5-7 қабырғалар аймағындағы гемотомалар, симптоматикалық ем, физиоем
{Дұрыс жауап}=D
$$$016
Науқас 22 жаста, поликлиникаға келесі шағымдармен келді: Дене қызуының 39 С дейін көтерілуі, сүт безіндегі ауырсыну және ісіну. Екі апта бұрын босанған. Сүт безі ісінген, қошқыл – қызыл түсті. Пальпаторлы ауырсынады, диффузды инфильтрат, қолтық асты аймағында ауырсынатын лимфа түйіндері пальпацияланады.
Сіздің еміңіз ?
А) Без абсцессін ашу.
В) Қарапайым мастэктомия және опрациядан кейінгі сәулелік ем.
С) Консервативті, симптоматикалық ем.
D) Радикалды мастэктомия.
Е) Секторалды резекция, шұғыл биопсиямен
{Дұрыс жауап}=А
$$$017
Науқас 62 жаста 2 жыл ішінде сол жақ ұманың ісінуін және ауырсынуын айтады. Ұманың сол жақ жартысы 3 есе ұлғайған, палпаторлы біріңғай тығыз-эластикалық консистенциялы, аталық без, без қосалқалары, ұрық шылбыры диференцияланбайды. Диафаноскопия симптомы оң. Оң жақ ұманың құрылымдық элементтері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз ?
А) Сол жақтан ұма жарығы.
В) Сол жақ ұма ісігі.
С) Ұма лимфедемасы.
Д) Сол жақ аталық без шемені.
Е) Сол жақ аталық без қосалқасының кистасы
{Дұрыс жауап}=D
$$$018
Науқас 70 жаста, зерттеу кезінде сүт безінің жоғарғы сыртқы квадрантында түйінді түзіліс анықталған. Маммограммада 1 см ісік, радиарлы өскен 3ммге дейін микрокальцинаттар анықталады. Пунктат цитологиясы: қорытынды – мастопатия. Бір айдан кейін зерттеуде бұрынғыша нәтиже. Зерттеу жоспары және ем:
А)Секторалды резекция, шұғыл биопсия, қорытындыға байланысты ем тағайындау.
В) Радикалды мастэктомия.
С) Радикалды мастэктомия, алдын ала жергілікті артериялды химиотерапиядан кейін.
D) Қарапайым мастэктомия, операциядан кейін сәулелік ем.
Е) Операция алдында сәулелік ем, содан кейін хирургиялық ем – радикалды мастэктомия
{Правильный ответ}=А
$$$019
Науқас 22 жаста, емханадағы дәрігерге дене қызуы 39°С, сол жақ білезіктің бірінші саусақ аймағындағы ауырсынуға, саусақтың толық айқын ісінуіне қызметінің жойылуына бірнеше іріңді жыланкөздердің болуына олардан ірің бөлінуіне шағымданып келді. Оперативті араласу түрі?
A) саусақты алып тастау
B) некрэктомия
C) жыланкөзді ашу, некрозды алу
D) жыланкөзді дренаждау
Е) консервативті ем, гипстік лонгет
{ Дұрыс жауап }=C
$$020
35 жастағы әйел, оң жақ бөксесі тығыздалған, ауырсынуға шағымданады. 7-күн бұрын бауырлық коликаға байланысты бұлшықетішілк инъекция жасалған. Бөксе аймағында 8,0х8 мөлщердегі инфильтрат, терінің гиперемиясы және гипертермиясы ауырсынуы бар. Ортасында флюктуация. Қабыну сатысында науқасқа не істеу керек?
Кеңінен кесу және дренаждау
келесі бактериологиялық зерттеуіне тесу
суық (гипотермия)
новокаинды антибиотикпен енгізу
физиоем
{ Дұрыс жауап }=А
$$$021
Емханадағы хирургке жас әйел оң жақ қолтықасты аймағының тығыздалып ауырсынуына байланысты шағымданып келді. 5 күн ауырған, үй жағдайында өзіндік ем жүргізген. Жақ қолтықасты аймағындағы локальды инфильтрат мөлшері 4х3 см үстіндегі тері қызарған, пальпацияланғанда ауырсынады. Сіздің еміңіз?
Антибиотиктер енгізу, Вишневский мазьбен компресс
массаж, емдік дене шынықтыру
іріңдікті ашу, дренаждау
дәрумендер енгізу, қан құю
функциональды тыныштықты ұйымдастыру
{ Дұрыс жауап }=C
$$$022
Оң жақ білезіктің V-саусағы аймағындағы ауырсынуға, саусақ қозғалысының шектелгеніне, білектің төменгі 1/3 артқы терісінің гиперемиялық ісінуіне, пальпация кезіндегі ауырсынуға шағымданған жас адам қабылдауға келді. Диагноз қойылды – білезіктің V-саусағының сіңірлік панарицийі, білектің флегмоналы асқынуы. Операция көрсетілді. Операция жасалу кезіндегі жансыздандыру түрі?
Интубациялық наpкоз бұлшықет pелаксанттарымен бірге
венаішілік жергілікті жансыздандыру
венаішілік наpкоз
Лукашевич-Обеpст бойынша өткізгіштік жансыздандыру
Сүйекішілк жансыздандыру
{ Дұрыс жауап }=C
$$$023
Оң жақ жауырын аймағындағы тығыз түзілістің бар болуына шағымданып, жас жігіт хирургтің қабылдауына келді. Оң жақ жауырын аймағында жауырын орта сызығы бойынша 4х5см ауырсынусыз түзіліс, жұмсақ эластикалық консистенцияда, терімен байланыссыз, тері айналасы қызармаған. Емдік тактика?
арқа карбункулы, карбункулды ашу көрсетілген, некротикалық тіндерді кесіп алып тастау
липома, липомэктомия
тілмелік қабыну, консервативтік ем көрсетіледі
атерома, атеромэктомия
лимфаденит, антибиотиктер тағайындау және физиотерапевтикалық ем көрсетіледі
{ Дұрыс жауап }=B
$$$024
Жалпы суық тиюден кейін мойынның артқы бетінде 4х5 см.тығыздалған ауырсыну пайда болуына, терінің ортасында «елеуіш» тәрізді бірнеше некроз ошақтары бар инфильтрат, тері айналасы қызарған, керілгеніне шағымдалы жас жігіт хирургтің қабылдауына келді. Дене қызуы 37,1°С. Көрсетілген патологияны ашуда қандай кесу жиі қолданылады?
доғатәрізді
сопақша
параллельді сызық
кесу-тесу
кресттәрізді
{ Дұрыс жауап }=E
$$$025
Емханаға білектің ішкі беті бойынша оң жақ білезіктің саусақтарымен қозғалысы кезіндегі ауырсынуға шағымданып жас әйел келді. Қарау кезінде қабыну белгілері жоқ. Білезік саусақтарымен кәрі жілік білезік байламының қозғалысы кезінде сықырлар анықталды, білезік сіңірлері бойымен «қар сықыры» (хрустящего снега) типті. Сіздің диагнозыңыз және емдік тактикаңыз?
тілмелік қабыну, антибиотиктер және УК-сәулелену
байламдардың созылуы, массаж және емдік дене шынықтыру
лимфангоит, антибиотиктермен сульфаниламид препараттарын енгізу
гематогенді остемиелит, сүйек қабын тілу
тендовагинит, зақымдалу аймағына функциональды тыныштық ұйымдастыру
{ Дұрыс жауап }=E
$$$026
Дәрігер қабылдауына 50 жастағы науқас келді, гипертониялық аурумен ауырады. 3 күн бұрын оң жақ бөксе аймағына магнезия инъекциясын жасады. 3 күннен кейін ауырсыну мен ісіну пайда болды. Дене қызуы 37 С көтерілді. Қаралу кезінде шамамен 10см. диаметрдегі инфильтрат. Пальпацияда ауырсыну, тері гиперемиясы жоқ. Сіздің емдік тактикаңыз?
инфильтрат айналасына антибиотиктер енгізу
инфильтрат пункциясы, Вишневский мазімен компресс
абсцессті ашу, дренаждау
антибиотиктермен сульфаниламид препараттрын енгізу
физиоем
{ Дұрыс жауап }=B
$$$027
35 жастағы науқас емхана хирургіне омырау ұшының қызаруымен ісінуіне шағымданады. Омырау ұшын және ареоланы қарағанда суланған қабыршақ және струп, ал оны алғанда суланған, дәнді беткей көрінеді. Омырау ұшын ұстағанда тығыз және ісінген. Диагнозды қалай анықтау керек?
Маммография
Сүт безінің УДЗ
жалпы клиникалық зерттеу
биопсия
компьютерлі томография
{ Дұрыс жауап }=D
$$$028
Науқас С., 42 жаста, іш қатумен ауырады. Кіндік маңында 1,2х1,0 см консистенциясы жұмсақ-эластикалық, жөтелгенде үлкейетін томпаю анықталды. Горизонтальды жағдайда бұл түзіліс өздігінен жоғалады, ал кіндік сақинасы дөңгелек, диаметрі 1 см. кем емес. Науқас хирургтің қарауында болды. Диагноз қойыңыз:
А) эмбриональды жарық
B) кіндік жыланкөзі
C) кіндік жарығы
D) қысылған кіндік жарығы
E) кіндік маңы жарығы
{ Дұрыс жауап }=C
$$$029
Науқас дәрігерге қаралды. Аурудың клиникалық көрінісі негізінде, ешқандай күмәнсіз «жедел аппендицит» диагнозы қойылды. 7 сағаттан кейін бөлімшеде науқасты қарағанда субъективті жағдайы жақсарды, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданбайды, бірақ оның барлық жедел белгілері сақталған. Лейкоцитоз -14000, t°-37,6 °С. Неге спонтанды ауырсыну азайды?
А) себебі, диагноз дұрыс қойылған жоқ, басқа ауру болуы мүмкін
В) себебі, ішастар кеңістігіне құрттәрізді өсіндінің перфорациясы болды
С) ауырсынудың азаюына құрттәрізді өсіндіге деструктивті процесстің регрессиясы себеп болды
D) себебі, аппендикулярлы инфильтрат түзілді
E) себебі, жедел аппендициттің гангеронозды формасы дамыды
{Дұрыс жауап}=C
$$$030
59 жастағы науқаста 4 күн бұрын эпигастрий аймағында ауырсыну сезімі пайда болып оң жақ мықын аймағына ауысқан. Температура 37,5°С көтерілген. Оң жақ мықын аймағында консистенциясы қатты эластикалық, мөлшері 12х8 см., қозғалмайтын, шекарасы айқын, шамалы ауырсынатын түзіліс пальпацияланады. Лейкоциты 15000. Диагноз қойыңыз?
А) жедел катаральды аппендицит
В) жедел гангренозды аппендицит
С) жедел флегмонозды аппендицит
D) аппендикулярлы инфильтрат
Е) жедел гангренозды-перфоративті аппендицит
{Дұрыс жауап}=D
$$$031
Науқас 68 жаста, 3 күн бұрын оң жақ қабырға астында тез басылатын ұстамалы ауырсыну сезімі пайда болған. Бұрын холецистографияда: өт қабында конкременттер анықталған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульсі жиі. Іш бұлшықеті қатайған және оң жақ қабырғаасты ауырсынады, өт қабы түбі пальпацияланады.
Ортнер мен Мюсси, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. Диагноз қойыңыз?
А) жедел калькулезды катаральды холецистит
В) жедел калькулезды флегмонозды холецистит
С) жедел калькулезды гангренозды холецистит
D) өт қабының шемені
Е) өт қабы эмпиемасы
{Дұрыс жауап}=Е
$$$032
Науқас 52 жаста 3 ай бойы оң жақ мықын аймағында шектелген ауырсыну сезімі , қан аралас сұйық нәжіспен кезектесетін іш қату пайда болған. 3-күн бұрын іште ауру сезімі күшейген және толғақ тәрізді өткен, газдар шықпаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 94 р.мин. Іші үлкейген, оң жақ мықын аймағы ауырсынады және ісік тәрізді түзіліс анықталады. Құрсақ қуысының қорытынды рентгеноскопиясында Клойбер тостағаншалары анықталған. Клиникалық диагнозыңыз?
А) динамикалық спастиканың іш өтімсіздігі
В) динамикалық паралитикалық ішек өтімсіздігі
С) механикалық обтурацияның ішек өтімсіздігі
D) механикалық ішек өтімсіздігі, инвагинация
Е) механикалық странгуляциялық ішек өтімсіздігі
{ Дұрыс жауап }=С
$$$033
Науқас 60 жаста, соңғы 6 айда дефекация кезінде қиындықтар туып, нәжісінде қою қан мен ауруханаға түскенге дейін 1 күн бұрын іште толғақ тәрізді ауру пайда болып, газ шықпай, үлкен дәрет болмаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тілі ылғалды, ақ жабындар ба, іші үлкейген, ішек перистальтикасы анықталады. Пальпаторлы іші жұмсақ, шектелген ауру сезімі, ішастардың тітіркену симптомы жоқ. Қорытынды рентгеноскопияда: іш қуысы мүшелерінің Клойбер табақшасы анықталды. Клиникалық диагноз?
А) динамикалық спастиканың іш өтімсіздігі
В) динамикалық паралитикалық ішек өтімсіздігі
С) механикалық обтурацияның ішек өтімсіздігі
D) механикалық ішек өтімсіздігі, инвагинация
Е) механикалық странгуляциялық ішек өтімсіздігі
{ Дұрыс жауап}=D
$$$034
Науқас 35 жаста, өт тас ауруымен ауырады, диетаны сақтамағандықтан іштің жоғарғы бөлігінде белдемелі ауру сезім болған. Пульс 120 рет/мин. АД = 90/60 мм.рт.ст. Іштің жоғарғы бөлігінде айқын ауырсыну. Іштің кейбір аймақтарында перкуторлық дыбыс тұйықталған. Ішек перистальтикасы естілмейді. Диагноз қойыңыз?
А) жедел панкреатиттің ісікті-ауру формасы
В) жедел майлы панкреонекроз
С) геморрагиялық панкреонекроз
D) ұйқы безінің ісігі
Е) жедел тотальды панкреонекроз
{ Дұрыс жауап}= Е
$$$035
Науқас 33 жаста, ішінің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, жүрек айну, құсу, дене температурасы 38 С жоғарлануына шағымданады. 2 тәулік бойы науқастанып жүр. Науқастанғаннан кейін 6 сағаттан соң ауырсыну оң жақ мықын аймағына ауысқан. Жалпы жағдайы орташа аурылықта. Тілі құрғақ. Іштің төменгі бөлігінде Щеткин-Блюмберг симптомы оң және ауырсыну сезімі сақталған. Ректальды зерттеу барысында тік ішектің қабырғалары салбырамаған және ауырсынады. Қандағы лейкоциттер 13 Х 10 /л., гемоглобин 118 г/л., ЭТЖ 12 мм/сағ. Диагноз қойыңыз?
А) жедел катаральды аппендицит, жергілікті шектелген перитонит
В) жедел флегмонозды аппендицит, жергілікті шектелмеген перитонит
С) жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды перитонит.
D) аппендикулярлы колика, жергілікті шектелген перитонит
Е) аппендикулярлы инфильтрат, диффузды перитонит
{ Дұрыс жауап}=С
$$$036
18 жастағы науқаста 2 сағат бұрын эпигастрий аймағында «қанжар тыққандай» ауырсыну сезімі пайда болады және ол барлық ішке таралған. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Іші тартылған, тыныс алу актісіне қатыспайды. Пальпация барысында ішінде қатты ауырсыну сезімі және іштің бұлшықеттері қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы. Дене температурасы 36,6 градусов, лейкоциттер 7100. Диагноз қойыңыз және емдеу тактикасы қандай?
А) перфоративті язва. Шұғыл операция.
В) жедел флегмонозды аппендицит. Шұғыл операция.
С) жедел калькулезды холецистит. Консервативті ем тактикасы.
D) асқазанның ойық жара ауруы. Консервативті ем.
Е) жедел панкреатит. Консервативті ем.
{ Дұрыс жауап }=А
$$$037
26 жастағы науқаста 4 сағат бұрын аяқ астынан әлсіздік, басының айналуы, қан аралас құсу пайда болады. Науқастың жағдайы ауыр. Тері жабындысы бозғылт, суық тер басқан, пульс 110 рет минутына әлсіз толымды. АҚҚ-90/60 мм.с.б.б. гастроскопия барсында асқазан саңылауында қан, 12-елі ішектің артқы қабырғасында ірі қансыраған қан тамыры бар ойық жараның бар екені анықталды. Гемоглобин 70 г/л. Емдеу тактикасы қандай?
А) шұғыл операция. Бильрот I бойынша асқазанның 2\3 резекциясы
В) шұғыл операция. Бильрот IІ бойынша асқазанның 2\3 резекциясы
С) консервативті бақылаулы ем тактикасы
D) шұғыл операция. Қансыраған қан тамырды байлау
Е) шұғыл операция. Селективті ваготомия.
{ Дұрыс жауап }=А
$$038
45 жастағы науқасты соңғы жылдары оң жақ шап қатпарынан төмен томпаю, дизурия пайда болған. Ауруханаға түсерде 5 сағат бұрын томпаю көлемі жағынан үлкейе түсіп, қатты ауырсына бастаған. Жалпы қарау барысында оң жақ шап аймағында 6.0х6.0см. томпаю анықталды, қатты ауырсынады, іш қуысына кірмейді, «жөтел түрткісі»симптомы теріс. Диагноз қойыңыз?
А) оң жақты қысылған сан жарығы
В) оң жақты қысылған қиғаш шап жарығы
С) оң жақты қысылған тік шап жарығы
D) оң жақты қысылған қиғаш шап-ұма жарығы
Е) оң жақты қысылған тік шап-ұма жарығы
{ Дұрыс жауап }=А
$$$039
Науқас М, 45 ж, жоғары сезімталдыққа, жоғары шаршағыштыққа, салмағының жоғалуына, жүрек жұмысының бұзылысына, жүрек қағуына шағымданып ауруханаға түсті. Қалқанша безінің сол жақ бөлігінің пальпациясы барысында түйінді түзіліс анықталды, көлемі 3х2 см., тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз, жұтыну кезінде қалқанша безімен бірге қозғалады. Оң көз симптомдары: экзофтальм, аз жыпылықтау, конвергенцияның бұзылыстары. Пульс 100 рет минутына. УДЗ-кезінде сол жағында түйінді түзіліс, көлемі 2х3 см., айқын біркелкі шекаралары. Сіздің диагнозыңыз?
А) тиреотоксикалық аденома
B) қалқанша безінің ісігі
C) қалқанша безінің кистасы
D) диффузды-токсикалық зоб
E) жедел тиреоидит
{ Дұрыс жауап }=А
$$040
Науқас 70 жаста түзілмейтін шап жарығы бар, созылмалы іш қатуы бар. 4 тәулік бойы іші үрленген, үлкен дәреті жоқ. Соңғы тәуліктерде 1 рет құсқан. Жел шығарылады. Объективті – іші үрленген, перистальтикасы күшейген. Жарықтық томпаю аз ауырсынады, «жөтел түрткісі» симптомы жарық аймағында оң, тік ішекті пальпациялағанда «нәжістік тастармен» толған. Емдеу тактикасы?
A) шұғыл операция
B) жарықты түзетіп көру
C) динамикалық бақылау
D) тазарту клизмасын тағайындау
E) іш өткізетін дәрілерді тағайындау
{ Дұрыс жауап }=D
$$041
Науқас С., 36 жаста, ас қабылдағаннан кейін 5-6 сағат өткен соң пайда болған эпигастрий аймағында ауырсынуға шағымданады. Күн сайын асқазан қоспасы бар құсу қайталанып отырады. 8-10 сағат бұрын ішкен асы қосылған. Ойық жаралық анмнезі 12 жыл. 2 жыл бұрын эпигастрий аймағында 2-3 сағатқа созылатын ауырсыну сезімін пайда болғанын аңғарған. Диагноз қойыңыз?
A) декомпенсирленген ойық жаралық стеноз;
B) ойық жараның ұйқы безіне
C) асқазанның кардиальды бөлімінің ісігі
D) субкомпенсирленген ойық жаралық стеноз
E) өңештің веналарының варикозды кеңеюі.
{ Дұрыс жауап }=A
$$042
Науқас 48 жаста оң жақ қабырға астының ауырсынуына, жүрек айну, запыран құсуға, дене температурасы 38°С жоғарлауына шағымданып ауруханаға түсті. Тілі құрғақ, іші керілген, оң жаққабырға асты қатты ауырсынады, өт қабының түбі пальпацияланатын жерде Щеткин- Блюмберг симптомы оң, сонымен қоса Ортнер, Мэрфи, Мюсси симптомдары оң. Лейкоцитоз—18 х109/л. Консервативті терапия жүргізгеннен соң 12 сағат ішінде науқастың жағдайы жақсармады, дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз өсті. Емдеу тактикаңыз?
A) шұғыл операция;
B) массивті антибиотикотерапия;
C) тері арқылы өт қабының санациясы;
D) кешенді инфузионды терапия;
E) спазмолитикалық терапия. { Дұрыс жауап }=A
$$043
Науқас 58 жаста 2 бұрын эпигастральды аймақта оң жақ мықын аймағына таралған ауырсыну пайда болды. Жүрегі айныған, құсу болды, науқас анальгин қолданды. Ішіне грелка қойды, осыдан кейін ауырсыну басылды. 2 күні ауырсыну қайталанып, бүкіл ішке таралды, бірнеше рет құсу болған. Науқастың жағдайы ауыр, пульс 128 рет/ мин., АҚҚ 95/60 мм с.б.б. Тілі құрғақ, ішін басқанда ауырсынады, әсіресе оң жақ мықын аймағында Щеткин- Блюмберг симптомы барлық аймақты анықталады. Температура 37,2°С. Қандағы лейкоцит—18 x 10.9/л. Диагноз?
А) жедел катаральды аппендицит, жергілікті шектелген перитонит
В) жедел флегмонозды аппендицит, жергілікті шектелмеген перитонит
С) жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды перитонит.
D) аппендикулярлы колика, жергілікті шектелген перитонит
Е) аппендикулярлы инфильтрат, диффузды перитонит
{ Дұрыс жауап }=С
$$044
Науқас 43 жаста, 12 елі ішектің жара аурумен ауырады. Оны 36 сағат бұрын іші «пышақ сұққандай» ауырған, құсқан, түскен кезде жағдайы ауыр. Іші тартылған, тынысқа қатыспайды. Пальпация кезінде бүкіл іші ауырсынады, бұлшықеттері қатайған, Щеткин–Блюмберг симптомы оң. Бауыр тұйықтығы жоқ. Температура 36,9. Лейкоциттер 17,1 х 10 9/л. Сіздің диагнозыңыз?
А) миокард инфарктысы
B) 12-елі ішекпен асқазанның жара ауруының асқынуы
C) жедел панкреатит
D) 12-елі ішек жарасының перфорациясы
E) жедел гастрит
{ Дұрыс жауап }=D
$$045
Науқас 28 жаста, тез шаршауына, жүрек соғуына шағымданады. Пальпация кезінде ұлғайған жемсау, эластикалық консистенциясы, ауырсынусыз. Оң көз белгілері: экзофтальм, сирек жыпылықтау, конвергенциясының бұзылуы. Р=110 мин. УДЗ кезінде қалқанша безі диффузды ұлғайған. Қандай тексеру әдісі маңызды болып табылады.
А) Негізгі алмасуды анықтау.
В) Тиреоидты гармонның мөлшерін, тиреотропты гармон мөлшерін тексеру.
С) Жіңішке инемен аспирационды биопсия жасау.
D) Радиоизотопты йодты тексеру
Е) Лимфография.
{ Дұрыс жауап }=B
$$046
Орнына келмейтін шап жарығы бар 45 жастағы науқас 3 тәулік бойында томпайған жарық аймағында ауырсынуға және сол жердің ұлғайғанына, дене қызуының көтерілуіне, томпайған жердің терісінің қызаруына шағымданады - жағдайы орташа ауырлықта, іші мөлшерлі кепкен, ауырсынусыз, томпайған жарық жедел ауырсынады, оның үстіндегі тері түсі қызарған және ісінген. Диагноз:
А) перитонит
Б) шап лимфадениті
С) жедел аппендицит
D) жарық қабының флегмонасы
Е) жылжымалы жарық
{Дұрыс жауап}=D
$$047
60 жастағы әйел 4 ай бойы эпигастрий аймағындағы арқаға таралатын ауырсынуға шағымданады. Сарғаю және қызба жоқ. Пальпацияда жаңа түзілістер анықталмайды. ФГДС – та патология анықталмайды. Ұйқыбезінің денесі мен құйрығының УДЗ – диаметрі 60 мм кистозды түзіліс анықталды, капсуласы 3 мм –ге дейін, ішкі контурлары тегіс емес, панкреатикалық кеңеймеген, гепатобилиарлы жүйеде патология жоқ. Қандай операция қажет?
А) ұйқыбезінің дистальды резекциясы
В) панкреатодуденальды резекциясы
С) цистодигестивті анстомоз
D) түзілістің энуклеациясы
Е) оперативті ем қажет емес
{Дұрыс жауап}=А
$$048
23 жастағы науқаста клиникаға түспей тұрып, 12 сағат бұрын іштің жоғарғы бөліктерінде мөлшерлі ауырсынулар мен жүрек айну байқалды. Одан кейін ауырсыну қуық аймағына ауысты, тенезмдер және дизуриялық бұзылыстар байқалды. Жағдайы қанағаттанарлық, тілі құрғақ. Оң жақ шап- мықын аймағында іші аздап қатайған. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Ректальды зерттеу кезінде тік ішектің алдыңғы қабырғасының ауырсынуы байқалды. Температурасы 37, 6 С, қандағы лейкоциттер 14. 10 9/л. Сіздің диагнозыңыз:
А) жедел панкреатит
В) оң жақтық бүйрек коликасы (несенпағардың төменгі 1/3 бөлігінде тас бар)
С) құрттәрізді өсіндінің жамбасқа қарай орналасуы кезінлегі жедел аппендицит
D) он екі ішектің тесілген жарасы
Е) мезентериальды тромбоз
{Дұрыс жауап}=C
$$049
Аппендикулярлы перитонит бойынша аппендэктомия жасалған науқаста операциядан кейін 6-тәулікте іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тенезмдер, дизуриялық көріністер байқалды. Температура 39 С, гектикалық көтерілулер мен қалтырау. Тілі ылғалды; ішкі жұмсақ, қуық аймағында аздап ауырсыну байқалады. Бұл жағдайда қандай ем қолданасыз?
А) лапаротомия, іріңдікті ашу, дренаждау;
В) антибиотикотерапия
С) тік ішек арқылы іріңдікті ашу, дренаждау
D) тік ішек арқылы іріңдікті жуу.
Е) шатаралық арқылы іріңдікті ашу.
{Дұрыс жауап}=C
А. Жедел абдоминалды хирургия