
- •1.5. Гепатобилиарлық хирургия каз.
- •16 Жасқа дейінгі жедел аппендициті бар науқастарға операция жасалынады:
- •40 Жастағы науқас поликлиникаға дәрігерге іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуға шағымданады. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Жағдайы қанағаттандырарлық.
- •20 Жасында науқас вирусты гепатитті басынан өткізген. Қазіргі кезде ішімдікті көп іщеді. Клиникалық портальды гипертензия, спленомегалия белгілері анықталған. Не жөнінде ойлауға болады?
- •1.1 Жедел аппендицит
- •1.1 Жедел аппендицит
- •1.1 Жедел аппендицит
- •1.2. Жедел холецистит каз.
- •1.2 Жедел холецистит каз.
- •1.2. Жедел холецистит қаз.
- •1.3. Жедел панкреатит
- •1.3. Жедел панкреатит
- •1.3. Жедел панкреатит
- •1.4. Жедел ішек өтімсіздігі.
- •1.4. Жедел ішек өтімсіздігі
- •1.4. Жедел ішек өтімсіздігі
- •1.5. Жедел перитонит
- •1.5. Жедел перитонит
- •1.5. Жедел перитонит
- •1.6 Іштің қысылған жарығы
- •1.6 Іштің қысылған жарығы
- •1,6 Іштің қысылған жарығы
- •1.7 Асқазан және 12 елі шектің ойық жарасының асқынулары қаз.
- •1.7 Асқазан және 12 елі шектің ойық жарасының асқынулары қаз.
- •1.7. 12 Елі ішек, асқазан ойық жараларының асқынулары
- •1.8 Мезентериальді қан айналымыны жедел бұзылуы.
- •1.9 Іш қуысының жедел хирургиялық ауруларының салыстырмалы диагностикасы.
- •1.9 Іш қуысының жедел хирургиялық ауруларының салыстырмалы диагностикасы.
- •1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
- •1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
- •1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
- •«Хирургиялық аурулар»
- •Жедел ішек өтімсіздігі
- •1.4. Хирургиялық гастроэнтерология және колопроктология. Каз
- •1.6 Эндокринді және Тамыр хирургия. Каз.
1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
$$$001
«Ваньки-встаньки» симтомы тән зақымдану:
A) Көкбауыр
B) Асқазан
C) Аш ішек
D) Тоқ ішек
E) Бүйрек
{Дұрыс жауап}= А
$$$002
Аралас жарақат кезінде жасанды абдоминалды синдром себебі:
A) төстің сынуы мен көкірек аралық мүшелердің жарақаты
B) жамбас – сан буынының шығуы
C) ортаңғы төменгі аймақтағы қабырғалардың сынуымен кеуде жарақаты
D) омыртқаның мойын-кеуде бөлімінің жарақаты
E) санның ұршық арқылы сынығы
{ Дұрыс жауап }= C
$$$003
Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы көкбауыр жыртылуына тән:
A) Кера симптомы, тахикардия
B) Василенко симптомы, брадикардия
C) іштің кебуі, артериалды қысымның жоғарылауы
D) «Ваньки-Встаньки» симтомы, бозару, суық жабысқақ тер
E) «тақтай тәрізді» іш,жүрек айну, құсу
{Дұрыс жауап}= D
$$$004
Тұйық жарақат кезінде өкпенің жыртылуына тән белгі:
A) Қан түкіру
B) Гемоторакс
C) Пневмоторакс
D) Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпенің қараюы
E) Гемо-пневмоторакс
{Дұрыс жауап}= E
$$$005
Диафрагма күмбезінің жыртылуының нақты белгісі болып табылады:
A) Иық үстіне таралатын кеуде қуысындағы ауырсынулар
B) Қабырғаастының ауырсынуы
C) Рентгендік зерттеу кезінде анықталған іш қуысы мүшелерінің кеуде қуысына өтуі
D) Жарақаттанған жақта тыныстың әлсіреуі
E) Науқастың жалпы жағдайының ауырлығы
{Дұрыс жауап}= C
$$$006
Плевраішілік қан кетудің тоқтағанын немесе жалғасуын қандай сынама дәлелдейді?
A) Петров сынамасы
B) Эфендиев сынамасы
C) Рувиул-Грегуар сынамасы
D) Зельдович сынамасы
E) Пратта II сынамасы
{Дұрыс жауап}= C
B Хирургиялық аурулар
1.3 Кеуде және іш қуысының жарақаттары қаз
$$$007
Науқас Д., 42 жаста, іш тұйық жарақатынан 12 сағаттан кейін хирургиялық бөлімге түсті. Науқасты жедел түрде операцияға алды, онда құрсақ қуысында аздаған көлемде өт, көлденең тоқ ішектің шажырқайы түбірінің имбибициясы анықталды; өт ішастар арқылы он екі елі ішек маңында білінеді .
Операциядан табылған бойынша неден күдіктенуге болады?
A) Он екі елі ішектің зақымдалуы.
B) Асқазанның зақымдалуы
C) Бауырдың жыртылуы
D) Көкбауырдың екі сәттік жыртылуы
E) Ұйқы безінің зақымдалуы
{Дұрыс жауап}= A
$$$008
Науқас С., 19 жаста, іштің тұйық жарақатынан 40 минут өткеннен кейін жедел жәрдем ауруханасына түсті. УДЗ мәліметтері бойынша құрсақ қуысында бос сұйықтық анықталды. Куленкамф симтомы оң.
Дифференциалды диагностика мақсатында қандай диагностикалық шара орындалуы керек?
A) Лапароцентез орындалуы керек
B) Іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы орындалуы керек
C) ЭКГ
D) ФГДС
E) Қанның биохимиялық анализі
{Дұрыс жауап}= A
$$$009
Іштің тұйық жарақаты бар науқаста лапароцентез кезінде қан анықталды.Неге күдіктенуге болады?
A) Асқазанның жыртылуы
B) Қуықтың жыртылуы
C) Көкбауырдың жыртылуы
D) Тоқ ішектің жыртылуы
E) Бүректің жыртылуы
{Дұрыс жауап}= C
$$$010
Науқас К., 21 жаста, төбелестен 24 сағат өткеннен кейін аурухнаға түсті ( төбелесте сол жақ бел аймағына пышақпен соққы алды). Status localis: сол жақ бел аймағында тесіп-кесілген 2,5х1,5 см жара бар. БХӨ кезінде жарақат каналы артынан алдыға және төменнен жоғары қарай өтеді, (желобоватый) зондтың ұшы соңына жетпейді.
Диагноз қою үшін қандай диагностикалық зерттеу жүргізу керек?
A) Вульнерография
B) Фистулография
C) іш қуысы мүшелерінің УДЗ
D) ЭКГ
E) Іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
{Дұрыс жауап}= A
$$$011
Науқас К., 21 жаста, іштің тұйық жарақатынан 2 сағат өткеннен кейін ауруханаға түсті. Түскен кездегі жалпы жағдайы - ауыр, АҚҚ – 90\50 мм с.б.б., Щеткин-Блюмберг симтомы оң, рентгенологиялық зерттеу мәліметтері бойынша диафрагманың оң жақ күмбезі астында құрсақ қуысында бос газ анықталды.
Сіздің емдік шараңыз?
A) 2 сағат ішінде операцияға дейінгі дайындық, одан кейін шұғыл лапаротомия.
B)Операцияға дейінгі дайындықсыз шұғыл лапаротомия
C) Кейінге қалдырылған операция
D) Лапароцентезді орындау
E) Кейінге қалдырылған операция
{Дұрыс жауап}= B
$$$012
Науқас В., 28 жаста, іштің пышақ жарақатымен қабылдау бөліміне түсті. Мезогастрий аймағында тесіліп-кесілген жарақат 3,0х2,0 см, қан кетумен анықталды. Щёткин-Блюмберг симтомы теріс. Өзін жақсы сезінеді. АҚҚ – 120\80 мм с.б.б., Пульс – 76 рет минутына. Ең алдымен нені орындау керек?
A) Шұғыл операция
B) Кейінге қалдырылған операция
C) Гемостатикалық тігіс салу
D) Жараны БХӨ
E) Құрсақ қуысының УДЗ
{Дұрыс жауап}= D
$$$013
Науқас У., 43 жаста, ішке пышақпен жарақатанғаннан 2 сағаттан соң қабылдау бөліміне түсті. Іші жұмсақ, үлкен шарбының эвентрирленген бөлігімен 3,5х2,0 см болатын тесіліп-кесілген жара орналасқан кіндік маңы аймағында ауырсыну бар.
Сіздің емдік шараңыз?
A) Шарбының эвентрирленген бөлімін түзету және тұйық тігіс салу
B) Лапароцентез
C) 3 сағаттан кем емес уақыт ішінде операцияға дейінгі дайындық, лапаротомия
D) Шарбының эвентрирленген бөлігінің резекциясымен, іш қуысының ревизиясымен шұғыл лапаротомия.
E) Кейінге қалдырылған операция
{Дұрыс жауап}= D
$$$014
Науқас П., 18 жаста, іштің тұйық жарақатынан 24 сағаттан кейін түсті. Тәулік бойы сол жақ қабырға асты аймағында тұйық ауырсынулар. 1 сағат бұрын іштің сол жақ бөлімінде өткір ауырсынулар , әлсіздік, бас айналу, горизонтальді жағдайда тыныс алудың қиындауы байқалды. Жалпы жағдайы ауыр, тері жабындылары бозғылт. АҚҚ 90/50 мм с.б.б., ЖСЖ 100 рет мин.Жұмсақ іште Щеткин-Блюмберг симтомы оң.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
A) Іштің тұйық жарақаты, сол жақ бүйректің соғылуы
B) Іштің тұйық жарақаты, қуысты мүшенің жыртылуы
C) Іштің тұйық жарақаты. Көкбауырдың екі сәттік жыртылуы. Ішастарішілік қан кету.
D) Іштің тұйық жарақаты, ұйқы безінің жыртылуы. Ферментативті перитонит
E) Іштің тұйық жарақаты, диафрагманың сол жақ күмбезінің жыртылуы
{Дұрыс жауап}= C
$$$015
Науқас К., 40 жаста, ішке соққы алғаннан 10 сағаттан кейін түсті. Сол жақ қабырғаастында тұйық ауырсынулар мазалайды. 1 сағат бұрын шамасында іштің сол жақ жартысында өткір ауырсынулар, әлсіздік, бас айналу, горизонтальді жағдайда тыныс алудың қиындауы пайда болды. УДЗ мәліметтері бойынша іш қуысында бос сұйықтық анықталды.
Сіздің емдік шараңыз?
A) Кейінге қалдырылған операция
B) Жоспарлы оперативті ем – спленэктомия
C) Жедел оперативті ем
D) Лапароцентез
E) Шұғыл лапаротомия, спленэктомия.
{Дұрыс жауап}= E
$$$016
Кеуде қуысының жарақаты бар науқасты клиникалық зерттегенде теріасты эмфиземасы анықталды. Мүмкін диагнозды атаңыз
A) Гемоторакс
B) Гастроторакс
C) Гемоперикард
D) Пневмоторакс
E) Диафрагма күмбезінің жыртылуы
{Дұрыс жауап }= D
$$$017
Науқаста зерттеу кезінде сол жақ 7-9 қабырғалардың проекциясы аймағында ауырсыну анықталды. Пальпацияда сол жерде крепитация анықталды. Аускультация кезінде сол жақта тыныс алу әлсіреген, сол жерде перкуссия кезінде тимпанит анықталады. Көрсетілген жағдайда тимпаникалық дыбыс анықталуының себебі неде?
A) Зақымдалған жаққа көкірек аралықтың ығысуы
B) Өкпенің аулығының жоғарылауы
C) Плевра қуысында сұйықтықтың болуы
D) Өкпе ателектазы
E) Плевра қуысында ауаның болуы
{Дұрыс жауап}= E
$$$018
Кеуде қуысының жарақатымен науқаста қан түкіру байқалады, бұл нені көрсетеді?
A) Гемоторакс
B) Диафрагма күмбезінің жыртылуы
C) Өкпенің соғылуы
D) Пневмоторакс
E) Гемоперикард
{Дұрыс жауап}= C
$$$019
Автомобильдердің бетпе-бет соғылысуынан кейін бірінің жүргізушісі келіп түсті. Науқаста цианоз, ентігу, мойын веналарының ісінуі байқалады. Пульсі жіп тәрізді, АҚҚ 80/40 мм.с.б.б., Аускультация кезінде тыныс алуы оң жақтың төменгі бөлігінде әлсіреген, жүрек тондары тұйықталған, қиындықпен тыңдалынады. Берілген жағдайда гипотонияның генезі қандай?
A) Массивті гемоторакс
B) Пневмоторакс, плевропульмональді шок
C) ОЖЖ қызметінің бұзылысы
D) Жүрек тампонадасы
E) Ауырсыну шогы
{Дұрыс жауап}= D
$$$020
Дамуазо сызығының формасы немен түсіндіріледі?
A) Плевра қуысындағы теріс қысым
B) Қанның жоғары тұтқырлығы
C) Ұйындылардың парокостальді түзілуі
D) Плевра қуысында жабысқақтық түзілуі және қанның қалталануы
E) Реактивті қабыну және паракостальді диафрагманың жоғарылауы
{Дұрыс жауап}= A
$$$021
30 жастағы ер адам ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен сол жақ кеуде клекткасының атылған жарақатымен түсті. АҚҚ 90/60 мм.с.б.б., пульсі 120 рет мин., ЖСЖ 30 рет мин. 2л ЦВД тұзды ерітіндісінің вена ішіне инфузиясынан кейін 30 см су б.б. көтерілді, бірақ гипотензия сақталынды. Плевра қуысы таза және тыныс алудың аускультативті көрінісі қалыпты. Мүмкін болатын диагноз?
A) Жүрек тампонадасы
B) Өкпе артериясының жыртылуы
C) Қабырғалардың « Терезелі» сынығы
D) Миокард инфарктісі
E) Клапандық пневмоторакс
{Дұрыс жауап}= A
$$$022
Науқас жолдық жарақат алды. Ауыр халде жеткізілді. Шок көрінісі IV дәрежелі. Зерттеу кезінде жамбас сүйектерінің сынығы анықталды. Айқын ентігу, тахикардия. Сол жақ өкпе үстінде тыныс алу күрт әлсіреген, перкуссия кезінде сол жағында қораптық дыбыс. Кеуденің сол жағында перситальтикалық шуылдар естіледі. Сіздің диагнозыңыз?
A) Ішастарішілік қан кету
B) Өкпенің жыртылуы
C) Жүректің тұйық жарақаты
D) Диафрагманың сол жақ күмбезінің жыртылуы.
E) Аралас жарақат сипатын қосымша зерттеу әдістері арқылы шешу керек
{Дұрыс жауап}= D
$$$023
Науқас жолда жарақат алды.Ауыр халде жеткізілді. Шок көрінісі IV дәрежелі. Зерттеу кезінде жамбас сүйектерінің сынығы анықталды. Айқын ентігу, тахикардия. Сол жақ өкпе үстінде тыныс алу күрт әлсіреген, перкуссия кезінде сол жағында тимпанит. Кеуденің сол жағында перситальтикалық шуылдар естіледі. Диафрагманың сол жақ күмбезінің жыртылуы рентгенологиялық дәлелденген. Сіздің емдік шараңыз:
A) Дереу торакотомия
B) Лапароскопия
C) Науқасты шоктан шығару
D) Новокаинді блокаданың әртүрлі түрлерін қолдану
E) Бақылау және наркотикалық анальгетиктермен бірге симптоматикалық ем
{Дұрыс жауап}= A
$$$024
Науқас бірнеше күн бұрын кеуде клеткасының өтпелі пышақ жарақатын алды. Жергілікті тұратын жері бойынша поликлиникада тек қана жараның БХӨ жүргізіліп, науқас үйіне қайтарылған. Жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының 39єС-қа көтерілуіне, ентігудің пайда болуына байланысты ауруханаға түсті. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Пульсі – 112 рет мин. АҚҚ -115/80 мм. с.б.б., Көкірекаралықтың солға ығысуымен оң жақтық гемопневмоторакс анықталды және сұйықтық деңгейі IV қабырғаның алдыңғы қырына сәйкес. Көмек көрсетуді неден бастау керек:
A) Жедел торакотомиядан
B) Плевра қуысын белсенді аспирациямен гематоракс бойынша дренаждау
C) Ауа мен қанның аспирациясы үшін қайталамалы плевральді пункция
D) Гематораксты жою үшін плевра қуысын синусында дренаждау
E) Тек қана медикаментозды ем мен динамикалық бақылаудан
{Дұрыс жауап}= B
C Хирургиялық аурулар