Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Все тесты аттестатции.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.35 Mб
Скачать

1.5. Жедел перитонит

$$$001

Форсирленген диурезде қажетсіз.

А) алдын ала науқасқа көп көлемде сұйықтық беру

В) диуретиктер

С) электролитті баланс коррекциясы

D) иммунитет коррекциясы

Е) 1 – 1,5 литр енгізу

{Дұрыс жауап}=D

$$$002

Детоксикациялық лимфорея қолданылады:

А) лимфомассаны дайындау үшін

В) лимфа сарысуын дайындау үшін

С) ағзадан улы заттарды шығару үшін

D) лимфа плазмасын алу үшін

Е) панлипид жасау үшін

{Дұрыс жауабы} = С

$$$003

Нәжісті перитонитте операциялар орындалады:

А) колостома, назоинтестиналды дренаждау

В) гемиколэктомия еюнотрансверзанастомозбен

С) тоқ ішектің зақымдалған аймағын резекциялау

D) тоқ ішектің зақымдалған аймағын тігу, еюностома шығару

Е) лапаротомия, іш қуысын дренаждау

{Дұрыс жауабы} = А

$$$004

Жергілікті шектелген перитонитте, абсцедирленумен қосарланса жасалады:

А) іш пердесінен тыс ашу және дренаждау

В) абсцессті іш пердесі ішілік ашу, сыртқа дренаждау

С) физиотерапияны қолдана отырып консервативті ем

D) кең лапаротомия арқылы іш қуысын толық санациялау

Е) антибиотиктерді интраперитонеальды енгізу

{Дұрыс жауабы}= А

$$$005

Перитонит кезінде асқазан-ішік жолын операцияға дайындау ушін қажет емес:

А) аш ішектің назоинтестиналды интубациясы

В) аурудың алғашкы сатыларында асқазанды зондпен 1 реттік тазарту

С) операция алды дайындық кезеңінің басында кең спектрлі антибиотиктерді көк тамырға енгізу

D) перитониттің асқынған түрлеріндегі асқазанды үнемі дренаждау

Е) инфузиондық дезинтоксикациялық терапия

{Дұрыс жауабы} = А

$$$006

Перитониттің даму фазасының сатылары:

А) 1-реактивті, 2-токсикалық, 3-терминальдік

В) 1-реактивті, 2-перитонеальді, 3-токсикалық

С) 1-гемодинамикалық, 2-реактивті, 3-агональді

D) 1-гиперреактивті, 2-токсикалық, 3-гемодинамикалық

Е) 1-жалған жақсару, 2-перитонеальді, 3-терминальдік

{Дұрыс жауабы} = А

$$$007

Спецификалық перитонит

А) стрептококты перитонит

В) перитонит, E-coli-мен шақырылған

С) стафилококты перитонит

D) туберкулезді перитонит (іш астары туберкулезі)

Е) пневмококты перитонит

{Дұрыс жауабы} = D

$$$008

Науқас 34 жаста. Флегмонозды-гангренозды аппендицитке байланысты жасалған оперпциядан кейін 7-ші тәулікте науқастың тік ішегінде ауырсыну, тенезм пайда болды, зәр шығарудың ауырсынуы, жиілеуі байқалды. Тік ішектік зерттеу кезінде кіші жамбас астауында инфильтрат анықталды. Жылы ромашкалы клизма және антибиотиктермен жүргізілген емнен кейін 3 тәуліктен соң, науқастың жағдайы жақсармады. Тік ішекті қайтадан зерттеу кезінде инфильтраттың жұмсарғаны белгілі болды. Температура гектикалық түрге енді.

I-Сіздің диагнозыңыз? 1-кіші жамбас астауының инфильтраты, 2-жедел геморрой, 3-жедел парапроктит, 4-жамбас ішті абсцесс, 5-жедел ішек өтімсіздігі.

II-Хирург тактикасы: 1-оперативті, 2-динамикалық бақылау, 3-консервативті, 4-физиотерапия, микроклизманы жалғастыру, 5-антибактериальді терапияны күшейту.

А) I-4, II-1

B) I-2, II-2

C) I-1, II-3

D) I-4, II-4

E) I-5, II-5

{Дұрыс жауабы} = А

$$$009

Науқас 58 жаста. Ауырғанына 2,5 тәулік. Лоқсу, 1 рет құсу болған. Ауырсыну эпигастрий аймағында басталып оң жақ мықын аймағына ауысқан. Анальгин ішіп, ішіне жылы грелка қойғаннан кейін ауырсыну басылған. 2-ші тәулікте ауырсыну қайта басталған, бүкіл ішке тарап бірнеше мәрте құсқан. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық емес. Эйфория. Пульс минутына 128 рет. АҚҚ-95/60 мм.с.б.б. Тілі құрғақ, іштің барлық аймағы қатайған, ауырсынады, басымырақ оң жақ мықын аймағында. Щеткин-Блюмберг симптомы барлық аймақтарда анықталады, температурасы-37,2С. Қандағы лейкоцитоз 18*10.9/л.

I-Перитониттің нақты себептері.

II-Оперативті көмектің маңызы неде?

I-1-өтпелі ойық жара, 2-жедел холецистит, 3-жедел перфоративті аппендицит, перитонит. 4-жедел шек өтімсіздігі, 5-жедел панкреатит.

II-1-оң жақ мықын аймағы арқылы аппендэктомия, 2-параректальді әдіс арқылы перитонит көзін алып тастау, 3-ортаңғы-орталық лапаротомия, перитонит көзін алып тастау, санациялау, дренаждау, 4-кең лапаротомия, перитонит көзін алып тастау, Шальков зонды арқылы назоинтестиналды интубация, іш қуысын дренаждау, 5-лапаротомия, аппендэктомия, іш қуысын дренаждау.

А) I-3, II-4

B) I-2, II-2

C) I-1, II-1

D) I-4, II-3

E) I-5, II-5

{Дұрыс жауабы} = А

$$$010

Жайылмалы перитонитте хирургиялық тактика:

1-антибиотикотерапия және дезинтоксикациялық терапия

2-іш қуысын лапороскопиялық санациялау

3-хирургиялық көмек, перитонит көзін алып тастау

4-іш қуысын санациялау, дренаждау

5-Шальков зондымен ащы ішекті интубациялау.

А) 1,4,5

B) 1,3,5

C) 3,4,5

D) 3,5

E) 1,2,3,5

{Дұрыс жауабы} = С

$$$011

Науқас 36 жаста. Ауруханаға 12 сағ. кейін түскен. Қысылған жарыққа байланысты операция жасалған. Жарық қалтасында ащы ішектің 2-ілмегі қысылған. Жарықты ашқаннан кейін ішектердің түсі қалпына келген, перистальтикасы сақталған, шажырқай тамырларының пульсациясы жақсы. Ішектер іш қуысына енгізілді, шап каналының артқы қабырғасының пластикасы жасалды. Операциядан кейін 1 тәуліктен соң науқас қайта операцияға алынды, себебі жайылған ірңді перитонит дамыған. Осы кезде ащы ішектің ілмегінің некроздалған бөлігінің перфорациясы анықталды. Перитониттің дамуына қандай қателік әсер етті?

А) шап каналы пластикасы әдісінің дұрыс таңдалмауы.

В) 3-ші аралық ілмектің қаралмауы.

С) ащы ішек шажырқайына 0,25 новокаин ерітіндісінің енгізілмеуі

D) динамикалық бақылаудың орнатылмауы

Е) асқазанды зондтау жүргізілмеген

{Дұрыс жауабы} = В

$$$012

Науқас К 37 жаста. 2 тәулік бойы гинекологиялық бөлімде созылмалы аднекситтің өршуіне байланысты қаралған. Аурсынудың күшеюіне және оң жақ мықын аймағына жиналуына, температурасы-38 С., қалтырау, құсуға байланысты хирург шақырылды. Ол жедел аппендицитті жоққа шығармайды, сол себепті диагнозды нақтылау үшін лапароскопияны ұсынды. Лапароскопияда құрт тәрізді өсінді аз мөлшерде қызарған, бірқалыпты қалыңдаған, қабырғасында фибрин талшықтары бар, шажырқай өзгеріссіз. Кіші жамбас астауында іріңді түзіліс бар. Жатыр түтікшелері қалыңдаған, қызарған, ісінген. Аналық бездер өзгеріссіз.

Перитониттің көзі болып қай ауру табылады, құрт тәрізді өсіндідегі өгерісін қалай бағалайсыз?

1- екі жақты сальпингит, 2-жедел флегмонозды аппендицит, 3-созылмалы екі жақты аднекситтің өршуі, 4-аналық без кистасының жарылуы, 5- екіншілік өзгерген құрт тәрізді өсінді.

А) 1,5

B) 1,2,3

C) 2,3

D) 2,3,4

E) 1,2,4,5

{Дұрыс жауабы} = А

$$$013

Клиникалық ағымына байланысты перитонит бөлінеді:

А) аэробты және анаэробты

B) инфекциялық және абактериальді

C) жедел және созылмалы

D) өттік, зәрлік және нәжістік

E) серозды, фибринозды, іріңді және шірікті

{Дұрыс жауабы} = С

{Күрделілігі} = 3

{Оқулық}= (Савельев В.С.,М.,Триада 2004ж жедел абдоминальды хирургия)

{Курс}=7

{Семестр}=13

{Тестіленушінің білімі}= FM

А. Шұғыл абдоминальді хирургия