Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.01.2020
Размер:
1.09 Mб
Скачать

4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм

Жердегі бүкіл өмір клеткадан бастап биосфераға дейін белгілі ритмге тәуелді. Жер шарындағы табиғат белдеудері, климаттық және географиялық белдеулердің жіктелуі Күн сәулесінің түсуіне және мұхиттардан алыс немесе жақын орналасуына байланысты. Табиғаттағы осындай жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде табиғи құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осыған орай, әрбір өсімдік пен жануарлардың түрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері туындайды. Ол – анатомиялық-морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, т.б. түрдің жеке өзіне тән қасиеттерімен сипатталады. Әрбір түрдің өзіне тән жыл маусымдарына, айнала қоршаған табиғаттың өзгерістеріне қарай даму, көбею, таралу ырғағы қалыптасады. Жылдың, тәуліктің ырғақты ауысу мерзіміне байланысты әрбір организмнің де тіршілігінде тәуелді түрде қайталанып отыратын даму ырғағы пайда болады. Бұл құбылыс тіршілік үшін күресте ұзақ жылдар бойы қалыптасқан даму эволюциясының жемісі. Мысалы, күзге қарай ағаштардың жапырақтарын түсіруі, жануарлар тіршіліндегі өзгерістер (жүннің қалыңдауы, тері асты май қабаттарының қалыңдауы, ұйқыға кету, т.б.). Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді.

Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі.

Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.

Өсімдіктердің фотопериодизм құбылысына қарай 3 тобын ажыратуға болады. Олар: қысқы күнді өсімдіктер (гүлдеуі мен тұқымның жетілуі 8-12 сағаттық жарық мерзіміне тәуелді), ұзақ күнді өсімдіктер (16-20 сағаттық жарыққа тәуелді) және жарық мерзіміне тәуелсіз өсімдіктер.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз.

  2. Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз.

  3. Тіршілік орталарын атаңыз.

  4. Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз. Әр топтың өкілдеріне мысал келтіріңіз.

  5. Топырақ және құрлық-ауа ағзаларының экологиялық жіктелуін көрсетіңіз.

Әдебиет:

    1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

    2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

    3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

    4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

    5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

    6. Жамалбеков Е.Ү., Шілдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

    7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

    8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

ДӘРІС № 3

Тақырып: Аутэкология

Жоспары:

1. Аутэкология –экологияның бір бөлімі.

2. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:

а) абиотикалық факторлар;

ә) биотикалық факторлар;

б) антропогенді факторлар.

3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері.

4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы.

Дәріс мақсаты: Студенттерді ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлармен таныстыру, осы факторлардың жіктелуін көрсету, минимум және толеранттылық заңдарын түсіндіру және олардың табиғаттағы әсерін көрсету.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1.Аутэкология - особьтар экологиясы.

Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Басқаша айтқанда, аутэкология осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар.

Қоршаған орта – объектімен немесе субъектімен тікелей байланыста болатын сыртқы ортамен бірдей орта. Қоршаған табиғи ортаға табиғат объектілер – жер, атмосфералық ауа, су, орман және басқа да өсімдіктер, жануарлар әлемі, табиғи ресурстар, табиғи кешендер (қорықтар, заказниктер, ұлттық табғи саябақтар, табиғат ескерткіштер ) жатады.

Табиғи ортаның компоненттері (ірі немесе ұсақ бөліктері) тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы. Ал қуаң дала немесе шөлейтті жерлер олар үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес, зиянды болуы мүмкін.

Мекен ету ортасы деп, әдетте организмнің табиғи денелермен және табиғи құбылыстармен тікелей немесе жанама өзара байланыста болатынын түсінеміз. Сонымен, жоғарыда айтылғандай, орта дегеніміз – организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей, жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.

Мекен ету ортасы терминінің орнына «экологиялық орта», «қоршаған орта», «табиғи қоршаған орта» терминдерін де пайдалануға болады. Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның организмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.