- •Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
- •Бейсенова р.Р.
- •Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы
- •Астана - 2010
- •Мазмұны:
- •Тақырып: Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және дамуы
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді экологияның даму тарихымен таныстыру, ғылымның қысқаша сипаттамасын беру, эколгогия пәнімен, оның міндеттерімен, мазмұнымен және негізгі әдістерімен таныстыру.
- •2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
- •3. Экология бөлімдері.
- •5. Тұрақты даму туралы түсінік.
- •Тақырып: Организм және қоршаған орта
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.
- •2. Биосфера эволюциясы.
- •Ә) Құрлық – ауа тіршілік ортасы.
- •Б)Топырақ тіршілік ортасы.
- •В)Тірі ағза тіршілік ортасы
- •4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
- •Тақырып: Аутэкология
- •2. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары.
- •3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері.
- •Биотикалық факторларға адаптация.
- •Гүлдер мен өсімдіктер.
- •Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
- •4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфордтың толеранттық заңы.
- •Тақырып: Демэкология-популяциялық экология
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру.
- •2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •4. Ағзалар арасындағы қатынастар:
- •Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы
- •Экожүйенің жіктелуі
- •3. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.
- •4. Экологиялық пирамида және оның типтері.
- •5. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.
- •Тақырып: Биосфера туралы в. И. Вернадскийдің ілімі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера жайлы іліммен, биосфера компоненттерімен таныстыру.
- •2. Биосфераның негізгі қасиеттері.
- •3. «Тірі заттар»-биосфераның негізі.
- •4. Зат айналымы және олардың антропогендік іс-әрекеттер нәтижесінде бұзылуы.
- •Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы Жоспар:
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Киото хаттамасы
- •Еқтт-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы
- •Қоршаған орта және әлем қауымдастығы. Шекоа (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)
- •Орталық Азия аймағында экологияны сауықтырудың басты бағыттары
- •Тақырып: Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты дамудың бір аспектісі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғат, табиғи орта, табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғи қорлардың жіктелуін көрсету және ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру.
- •2. Қазақстанның қазба байлықтары
- •3. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
- •4. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
- •5. Табиғатты қорғаудың аспектілері
- •6. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
- •2. Атмосфералық ауаның ластануы
- •3. «Жылу эффектісі»
- •4. «Озон тесігі»
- •5. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырыбы: Су және топырақ ластану мәселелері
- •3. Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.
- •4. Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.
- •Тақырып: Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелер және тұрақты даму
- •2. Қазіргі Аралдың ахуалы және Арал маңындағы әлеуметтік- экологиялық мәселелер.
- •3. Қала экологиясы.
- •Тақырыбы: Энергетикалық кризис және оны шешу жолдары Жоспар:
- •Энергетикалық ресурстартардың топтастырылуы
- •Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
- •4. Атмосфералық ауаны қорғау.
- •5. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар
- •Тақырыбы: Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму
- •2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
- •6. Судың ластану мәселесі.
- •Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар
- •2. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
- •3. Әуе бассейнiнiң ластануы
- •4. Радиоактивтi ластану
- •5. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
- •6. Экологиялық мониторинг.
- •7. Табиғатты қорғау шараларын қолдану
6. Экологиялық мониторинг.
Мониторинг- “monitor” латын тілінен аударғанда еске салушы, алдын-ала ескерту деген мағынаны білдіреді. Биосфера немесе оның жеке бөліктерінің, элементтерінің жағдайының антропогенді әсерден болатын өзгерістерін болжау, бағалау мен бақылаудың кешенді жүйесі.
Қазақстан Республикасының табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жүйесінде жаңа бөлім экологиялық мониторинг басқармасы ашылды. Бұл бөлім қоршаған ортаның мониторингінде мемлекеттік басқару жұмыстарын жүргізіледі. Біздің республиканың пайдалы қазбаларының мемлекеттік кадастрлары жасала бастады. Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтарды көму және шайынды суларды жіберудің мемлекеттік кадастрларын жасау бекітілген. Экологиялық мониторинг жүргізу үшін төмендегі кадастрлар тізімі жасалған:
1.Атмосфераны ластаушы көздердің кадастры.
2.Суды ластаушы көздердің кадастры.
3 Шайынды суларды ағызу жіберу кадастры.
4. Зиянды заттарды көму кадастры.
5. Қазақстан Республикасының бір тұтас жиындық кадастры.
Қазіргі кезде Қазақстанда мониторинг жүргізуде ерекше көңіл аударылатын мәселелер:
1. Мұнай өндіру қызметтінің нәтижесінде мұнаймен ластану.
2. Магистралды су жүйелерінің: Ертіс, Нұра, Оралдың суларының ластануы.
Экологиялық мониторинг өзінің негізгі мақсаты қоршаған ортаның жалпы күйін бақылаумен және қадағалаумен қоса, жергілікті мақсатта да қызмет етеді.
Қалалардағы атмосфера ауасының мониторинг жүйесіне байқаудың үш түрі бар.
Стационарлық
Маршуттық.
Жылжымалы күзет орындары.
Стационарлық күзет орындарын арнайы павильондармен жабдықтайды.
Маршруттық күзет орындары ауадан сынама үлгі алуға және метеорологиялық бақылауға арналған.
Жылжымалы күзет орындары өнеркәсіп қоқыстары тасталатын аймақта, ластайтын заттардың концентрациясын бір рет байқау үшін қызмет етеді.
7. Табиғатты қорғау шараларын қолдану
2007 – 2009 жылдары табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттер:
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту;
ормандарды, кеңейту, молықтыру және орман өсiру;
елдi мекендердi көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;
биологиялық әралуандылықты сақтау;
тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету;
табиғи су көздерін қалпына келтіру және сақтау;
Қазақстан азаматтарын тиісінше сапалы сумен толық қамтамасыз ету және су тарту болады.
Орман және аңшылық шаруашылығы
Орман қорын сақтауға және молықтыруға, жасыл аймақтарды кеңейтуге, республикадағы елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру саласында жағдайды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 2005 – 2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру 2007 жылы аяқталады.
Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жүйеленген мемлекеттік есеп жүргізіледі және жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының кадастры жүргізіледі.
2007 – 2009 жылдары ормандарды орман өртінен және заңсыз ағаш кесуден қорғау күшейтіледі.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлері мен киiктерді сақтаудың және қалпына келтiрудiң 2005 – 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.
2007 жылы негізгі мақсаты ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұлғайту, табиғи-қорықтық қорды сақтау, ландшафт және биологиялық әралуандықты қорғауды күшейту, эклологиялық туризмді дамыту, қоршаған ортаның сапасын және халықтың денсаулығын жаұсарту болып табылатын Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру басталады.
Балық шаруашылығы
2007 – 2009 жылдары елдің балық шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:
бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерінің өндірістік запасын қалыптастыру мен толықтыру;
балық ресурстары запастарының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту, аквакультураны дамыту және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін қажетті технологиялар әзірлеу;
өнеркәсіптік балық шаруашылығының орнықты шикізат базасын балық ресурстарының бар запастарын сақтау және ұтымды пайдалану және жасанды жолымен өндіру жөніндегі іс-шараларды күшейту есебінен қалыптастыру;
тауарлы балық шаруашылығын дамытуға және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесу;
балық өсіруге арналған көл-тауар, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейімделген шаруашылықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау;
тауарлы балық шаруашылығын және бекіре шаруашылығын дамыту үшін инвестициялар тарту;
балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру;
тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;
балық ресурстарын қорғау, молықтыру, ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау;
балық ресурстарының кадастры және басқа су жануарларының мемлекеттік есебін жүргізу болады.
Су шаруашылығы
Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейiнгі тұжырымдамасының шеңберінде 2007 – 2009 жылдары елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімін және судың нормативтік сапасының талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндіктерін қамтамсыз ету мәселелері қарастырылады.
Халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру жалғасады.
Сондай-ақ, сумен орнықты жабдықтауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру мақсатында суды үнемдеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жоспарланып отыр.
Осы бағдарламада су жинақтайтын технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерін енгізу, су шаруашылығы жүйелерін есептеу мен реттеудің қазіргі құралдарымен жарақтандыру көзделеді
Қорыта келгенде экономикамыздың дамуына барлық жағдайларды жасай отырып, табиғатты ластанудан сақтауымыз қажет. Болаш ұрпақ үшін үлгі болатында шаралар қолданып, қоршаған ортаны ластанудан сақтап және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануымызға тырысу керек. Сондықтан еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Қазақстанның қазіргі экологиялық мәселелері қандай?
Қазақстанның экологиялық апат аймақтарын атаңыз.
Қақастан Республикасындағы ауа бассейнiнiң ластану мәселелері.
ҚР радиоактивтi ластану мәселесі.
Қазақстан Республикасындағ өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар мәселесі.
ҚР экологиялық мониторинг ұйымдасуы қалай жүргізіледі?
Пайдаланған әдебиет:
Р.С. Оразбаева «Экология негіздері», Астана-2003
Г.С.Оспанова «Экология», Алматы-2002
Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
|
|
