
- •Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева
- •Бейсенова р.Р.
- •Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы
- •Астана - 2010
- •Мазмұны:
- •Тақырып: Экология ғылымының анықтамасы, оның қалыптасуы және дамуы
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді экологияның даму тарихымен таныстыру, ғылымның қысқаша сипаттамасын беру, эколгогия пәнімен, оның міндеттерімен, мазмұнымен және негізгі әдістерімен таныстыру.
- •2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.
- •3. Экология бөлімдері.
- •5. Тұрақты даму туралы түсінік.
- •Тақырып: Организм және қоршаған орта
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.
- •2. Биосфера эволюциясы.
- •Ә) Құрлық – ауа тіршілік ортасы.
- •Б)Топырақ тіршілік ортасы.
- •В)Тірі ағза тіршілік ортасы
- •4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм
- •Тақырып: Аутэкология
- •2. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары.
- •3. Ортаның негізгі факторларының ағзалар тіршілігіне тигізетін әсері.
- •Биотикалық факторларға адаптация.
- •Гүлдер мен өсімдіктер.
- •Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.
- •4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфордтың толеранттық заңы.
- •Тақырып: Демэкология-популяциялық экология
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру.
- •2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •4. Ағзалар арасындағы қатынастар:
- •Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы
- •Экожүйенің жіктелуі
- •3. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы.
- •4. Экологиялық пирамида және оның типтері.
- •5. Экожүйенің тұрақтылығы мен динамикасы.
- •Тақырып: Биосфера туралы в. И. Вернадскийдің ілімі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді биосфера түсінігімен, биосфера жайлы іліммен, биосфера компоненттерімен таныстыру.
- •2. Биосфераның негізгі қасиеттері.
- •3. «Тірі заттар»-биосфераның негізі.
- •4. Зат айналымы және олардың антропогендік іс-әрекеттер нәтижесінде бұзылуы.
- •Тақырыбы: Тұрақты даму концепциясы Жоспар:
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.
- •Киото хаттамасы
- •Еқтт-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы
- •Қоршаған орта және әлем қауымдастығы. Шекоа (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)
- •Орталық Азия аймағында экологияны сауықтырудың басты бағыттары
- •Тақырып: Табиғи ресурстар және табиғатты қолдану – тұрақты дамудың бір аспектісі
- •Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғат, табиғи орта, табиғи қорлар түсініктерімен таныстыру. Табиғи қорлардың жіктелуін көрсету және ластаушы заттар жіктелуімен таныстыру.
- •2. Қазақстанның қазба байлықтары
- •3. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
- •4. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
- •5. Табиғатты қорғаудың аспектілері
- •6. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері
- •Тақырып: Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
- •2. Атмосфералық ауаның ластануы
- •3. «Жылу эффектісі»
- •4. «Озон тесігі»
- •5. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырыбы: Су және топырақ ластану мәселелері
- •3. Топырақтың экологиялық мәселелері. Қазақстандағы топырақ эрозиясы және оның түрлері.
- •4. Шөлдену мәселесі. Топырақтың тұздануы және батпақтануы.
- •Тақырып: Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелер және тұрақты даму
- •2. Қазіргі Аралдың ахуалы және Арал маңындағы әлеуметтік- экологиялық мәселелер.
- •3. Қала экологиясы.
- •Тақырыбы: Энергетикалық кризис және оны шешу жолдары Жоспар:
- •Энергетикалық ресурстартардың топтастырылуы
- •Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму
- •2. Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген өсімдіктер.
- •4. Атмосфералық ауаны қорғау.
- •5. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар
- •Тақырыбы: Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты даму
- •2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
- •6. Судың ластану мәселесі.
- •Тақырыбы: Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар
- •2. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
- •3. Әуе бассейнiнiң ластануы
- •4. Радиоактивтi ластану
- •5. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
- •6. Экологиялық мониторинг.
- •7. Табиғатты қорғау шараларын қолдану
5. Тұрақты даму туралы түсінік.
«Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақыттың мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандыруды қауіпке қоймайтын табиғат пен қоғамның бірігіп даму түрі.
1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салауатты және баянды өмір сүруге құқықты.
Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.
Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.
Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.
Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бөлімдерін көрсетіңіз.
Экология мен басқа іргелі пәндер арасындағы қатынасты көрсетіңіз.
Тіршілік деңгейлерін көрсете отырып сызба жасаңыз.
Әдебиет
Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.
Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.
Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.
ДӘРІС № 2
Тақырып: Организм және қоршаған орта
Жоспары:
1. Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері.
2. Биосфера эволюциясы.
3. Организмдердің негізгі тіршілік орталары:
а) су тіршілік ортасы;
ә) құрлық -ауа тіршілік ортасы;
б) топырақ тіршілік ортасы;
в) тірі ағзалық тіршілік ортасы;
4. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.
Дәріс мақсаты: Студенттерді тіршіліктің пайда болу теорияларымен және негізгі тіршілік орталарымен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат
1. Тірі жүйелер ұйымдасуының сатылама деңгейлері. Тірі материяның ұйымдастырылуына келесі деңгейлер жатады: Молекулалық → Жасушалық деңгей → Ұлпалар мен мүшелер деңгейі → Ағзалық (Особь) деңгей → Популяциялық (түрлік) деңгей → Биоценоздық деңгей → Биогеоценоздық деңгей → Экожүйелік деңгей → Биосфералық деңгей.
Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді.
Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған. Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады - тропикалық жауынды орман, таулы орман, тундра, тайга, саванна немесе шөлдала. Мұндай өсімдік қауымдастықтарында тек осындай жағдайларға бейімделген жануарлар түрі тіршілік етеді.
Биогеографиялық облыстар:
Голарктикалық – Солтүстік Америка (Гренландиясыз), Евразия (Индиясыз), Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка)
Палеотропикалық – Оңтүстік Африка, Мадагаскар, Индия және Индо-Китай)
Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания)
Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка)
Антарктикалық (Антарктика)
Биогеографиялық облыстардың геологиялық тарихы.
Палеозой эрасында - біріккен суперматерик (Пангей)
Мезозой эрасы, триас кезеңінде 2 бөлімге бөлінді:
Солтүстік бөлімі (Лавразия): Солтүстік Америка, Европа мен Азия;
Оңтүстік бөлімі (Гондвана): Оңтүстік Америка, Африка, Антарктида, Австралия, Индия.
3. Кайназой эрасында- солт.суперконтинент → Евразия
→ Солтүстік Америка