Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

2. Атмосфералық ауаның ластануы

Атмосфера- әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Жер космостық шаң мен метеориттік материалды алып, ең жеңіл газдарды сутек пен гелийді жоғалтады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.

Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және көмір қышқыл газы жатады.

Атмосфераның маңызды компонентінің біріне озон О3 жатады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабаты 122-124 км. биіктікте орналасатын бөлігін «озон экраны» деп атайды.

Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.

Табиғи ластану көздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала өрттері т. б.

Антропогендік ластану көздері: өндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілері.

Химиялық құрамы күрделі, әрі улы, қауіпті.

Атмосферадағы ластанған заттардың негізгі бөлігі 3 км.-лік қашықтықта болады. Ауаның жылдамдығына байланысты ондағы шаңдық бөлшектер 1км дейін көтеріліп, желсіз ауа-райында 300-500 метрде күмбез құрап осыдан шаң біртіндеп қайтадан жерге қонады. Есептеулер бойынша, жыл сайын Парижбен Чикагода әрбір шаршы шақырымға. 260т. шаң қонады, Нью-Йоркке-300т, Лондонға- 390т., Алматыға 125т. шаң қонады.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша дамыған елдердің 20% әртүрлі формалы аллергиялық аурулармен ауырады екен. Ауа дағы шаң өкпе ауруларының бір себебі.

Ауа бассейнінің негізгі ластаушыларына күкірт оксидтері, күкіртсутек, көміртегі оксидтері, азот оксидтері және күл мен күл-қоқымдар ретіндегі қатты бөлшектер жатады.

Арал теңізінен атмосфераға жыл сайын құм, шаң, тұздар 140 млн тоннаны құрайды. Ауыр бөлшектері 800-1000км. қонып қалады, ал майда бөлшектері Белоруссия, Литва басқа елдерге тарайды.

Екібастұз көмір бассейнінен атмосфераға 150 млн тонна шаң, күл, қоқыс. Бурятқа, Монғолияға, Сібірге, Орта Азияға тарайды.

Ауаның мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, атмосферадағы ауаны қорғау глобальдық мағынаға ие болады.

Қазақстанда 1951ж. бастап ШПК(ПДК) нормативтері енгізілген, зиянды шығарылымдар 446 химиялық заттар мен 33 олардың комбинациялары. Қазақстанда «Атмосфералық ауаны қорғау» туралы заң 1981ж. қабылданған.

3. «Жылу эффектісі»

Жылу газдары әсерінен жылу балансының өзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.

Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор апат ретінде қарастырды.

Егер 60 млн. жыл бұрын болған апат Небел пікірінше, жануарлар мен өсімдіктердің тұтастай жойылып кетуіне себеп болса және осы апаттың болуы жер бетіне ірі астероидтың түсуінен болса, ол климат өзгеруіне байланысты катастрофада жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті.

Негізгі жылу газына көміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісінің» 50-65% құрайды.

Басқада жылу газдарына метан(20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар (хлорфтор, көміртектер) және басқа газдар (10-25% жылу эффектік газдар). Барлығы 30% жылу газдары белгілі.

Жылу газдарының жылыту эффектісі атмосферадағы санына ғана емес, бір молекулаға әсер ету белсенділігіне де байланысты. Мыс: СО2 -1; метан үшін 25 тең, азот оксидтері үшін -165, фреондар үшін -11мың. Алынған мәліметтер бойынша жылу газдары әсерінен жердегі ауаның орташа жылдық температурасы соңғы жүзжылдықта 0,3-0,60С көтерілген.

XXI ғ-да планетаның орташа жылдық t0- сы әртүрлі жерлерде 1-3,50С көтерілуі мүмкін.

Болжам: егер мұхит деңгейі 1,5-2 м. көтерілсе, құрлықтың 5 млн.км2 жері су басып кетеді. Бірақ бұл аудан көп емес (құрлықтың 3% ғана құрайды.

Болжам: климаттың жылуы ауа-райының тұрақсыздануына табиғи зоналардың шекараларының ауысуына, құйын мен дауылдың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктерінің жойылуының жылдамдауына әкеліп соғады.

Мәңгі қатып жататын топырақтардың ауданы кішірейіп, олардан (әсіресе бетпақты территориялардан) метан көп бөлінеді, ал ол жылу эффектісін күшейтеді.

Осылардын барлығы 1979ж. Торонтодағы Халықаралық конференцияда климаттың өзгеру проблемасы бойынша келесідей пікірді туғызды: «жылу эффектісінің соңғы салдарын әлемдік ядролық соғыспен салыстыруға болады» - деген.

Атмосферадағы СО2 енуінің негізгі техногендік көзін органикалық жанар майларды жағу болып табылады. Қазіргі кезде тек жылу энергетикасына атмосфераға жылына бір адамға 1т. көміртек енеді. Болжаулар бойынша XXI ғасырдың бірінші жартысында көміртегі енуі 10млрд.т. жылына тең болады екен. Климатологтар айтуынша 15-20 млрд.т. бөлінуі өте қауыпты.

Атмосферадан көміртегінің негізгі шығу факторларына фотосинтезбен мұхиттың сіңіруі жатады.