Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

5. Табиғатты қорғаудың аспектілері

Бастапқыда табиғат қорғау шараларының негізгі мотиві материалды игіліктерге деген қамқорлық болса, ал қазіргі уақытта табиғатты қорғаудың мақсаты одан әрі кеңейді және әрқилы болды. Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бөлуге болады:

Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.

Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттың жедел өзгеруі, судың, ауаның және топырақтың өнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядролық және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бөлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп төнеді.

Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.

Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.

Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бөлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.

6. Табиғатты қорғаудың теориялық негіздері

Табиғатты қорғаудың методологиялық негізі ретінде табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың жалпы өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі туралы материалистік диалектика заңы қызмет атқарады. Осы заңға сәйкес табиғаттағы ешбір өзгеріс көптеген басқа заттар мен құбылыстардың әсерінсіз жүзеге аспайды. Әрбір құбылыс немесе зат табиғаттағы бүтіннің бір бөлігі.

Ерте заманнан әртүрлі ғылымдар саласында табиғаттағы өзара байланыстар болатындығы туралы мәліметтер жинақталған, бірақ ол туралы кең және терең жалпылау тек табиғат және қоғам туралы диалектикалық-материализм дамығанда ғана пайда болды.

Табиғат пен қоғамның өзара әсерлерінің нәтижелері көп жағдайда табиғатта болатын өзара байланыстарға тәуелді. Оларды есепке алу қоғамның табиғатқа және табиғаттың қоғамға әсер ету процесін басқару үшін қажет. Табиғат пен қоғамдағы заттар мен құбылыстардың өзара байланыстарының сапалық және сандық ерекшеліктерінен табиғат қорғау жұмыстарының, оның принциптері мен әдістерінің сипаты тәуелді.

Табиғатты тиімді пайдалану және қорғау тәжірибесінде табиғи процестерді және оларды адамзат қоғамы мүддесіне пайдалануды басқаратын заңдылықтарды ескеру қажет. Осындай негіз табиғатты қорғаудың методологиялық принципі болып табылады. табиғат қорғаудың жаратылыстану-тарихи негіздері болған, бірақ жаратылыстанумен табиғаттағы нақты өзара байланыстар, табиғи кешендер іс-жүзінде ұзақ уақыт ашылмаған. Тек ХІХ ғасырдың соңында К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеялары негізінде жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері мен өндірістік күштердің дамуы арқасында табиғаттың жеке құраушылары арасындағы байланыстарды зерттеу, географиялық орта туралы жаңа кешенді ғылымды жасау бірінші реттік міндет болып қойылды. Бұл ғылымның теориялық негізін салған ірі орыс жаратылыстану зерттеушісі В.В.Докучаев болды. Әсіресе табиғат қорғау теориясына үлкен үлес қосқан атақты орыс ғалымы, академик В.И.Вернадский. жаратылыстанудың тарихи тәжірибесіне және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, ол ХХ ғасырдың басында Жер биосферасының жалпы шынайы синтетикалық концепциясын қалыптастырды.

Табиғатты қорғау ісі үшін маңызы бар, қоғам мен табиғаттың өзара байланысынан бірнеше ережелер шығады:

      1. барлық табиғат құбылыстарының көптеген мәндері бар;

      2. рационалдық ереже;

      3. жанамалық қорғау, біреуін басқасы арқылы қорғау ережесі, кешенді міндет.

Организмдердің бір түрлі тобы және әр түрлі тобы белгілі бір жерде қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер басқа да тірі организмдер өмір сүретін мекенжай, жылы мен суық, ас пен қореқ, олардың достары мен жаулары кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.

  2. Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?

  3. Жер табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз.

  4. «Ластаушы зат» анықтамасын түсіндіріңіз.

  5. Ластаушы заттардың жіктелуі қандай?

  6. Ауаның ғаламдық, аймақтық, жергілікті ластануына мысал келтіріңіз.

  7. Қандай қалдықтар бірінші реттік, қандай заттар екінші реттік қалдыққа жатқызылады?

Әдебиет:

    1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

    2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

    3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

    4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

    5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

    6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

    7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

    8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

ДӘРІС № 9