Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

2. Экологияның қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы.

Экологияның даму ағымы өте ерте кезеңді қамтиды. Организмдердің ортамен байланыстары және олардың қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі туралы пікірлер антикалық философтардың еңбектерінде кездеседі. Мысалы Аристотель (б.э.д. 384-322ж.ж), Эмпедокл (б.э.д.IVғ.), Теофраст (б.з.д. 371- 280ж.ж.) пен Үлкен Плиний (б.э.д. 23-79), Роберт Бойль (1627-1691), К.Линней (1707-1778), Ж.Бюффон (1707-1788) еңбектерінде экологиялық көзқарастар сипатталған.

Өз уақытында Александр Гумбольдтың (1769-1859) еңбектері елеулі болды. Ол Оңтүстік және Солтүстік Американы, Орталық Европаны, Сібір, Алтай, Қытай жерлерін зерттеп, Өсімдіктер географиясын жасады. Ол оны жер бетіндегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ерекше ғылым ретінде қарастырып, өсімдіктер тіршілігін зерттеуде өсімдіктер географиясында экологиялық бағыттың негізін салды.

XIXғ. соңында Ч.Дарвиннің ілімі негізінде экология – организмдердің адаптациясы туралы ғылымға айналған. Жоғарыда айтылған Дарвиннің анықтамасы бойынша, экология- тіршілік үшін күресті туындатушы жағдайлар ретінде, табиғаттағы барлық күрделі қарым- қатынастарды зерттейтін ғылым дейді. XXғ. 60-жылдарының басында, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің жылдам өсуімен сипатталады.

XXғ. 60-жылдарынан бастап экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталды. Ұдайы болатын экологиялық мәселелер ақпараттар санының өсуіне әкеледі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т.б. фактілер саны көбейе түсті.

Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераны ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Жиырмасыншы жүз жылдықтың екінші жартысында қазіргі ғылымның «экологизациялануы» жүрді. Бұл экологиялық білімнің ролі зор екенін мойындатумен байланысты, яғни қоршаған ортаға адам әрекеті, тек қана зиян келтірмей, оған жағымсыз әсер етуімен, адам өмірінің жағдайын өзгерте, адамзаттың тіршілігіне қатер төндіреді. Сондықтан қоршаған ортаға адамның әсері қалай болатынын түсіну, жағдайдың өзгеру шегін табу, экологиялық дағдарысты жіберуге мұрша бермеу қажет. Сонымен табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін экология теориялық негіз болып табылады.

Экологияның қысқаша даму тарихында бірнеше негізгі кезеңдерді бөлуге болады.

1 кезең - экологияны әртүрлі организдердің бір – бірімен және қоршаған ортамен байланыстарын биологиялық зерттеу кезеңі. Бұл кезең - биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Мәселен, К. Линей (1707 – 1788), Ж. Ламарк ( 1744 – 1788), А. Декандоль (1806 – 1893), П. С. Паллас (1741 – 1811), И. И. Лепехин (1740 – 1802), А. Гумбольд (1769 – 1859), К. Ф. Рулье (1814 – 1858), Н. А. Северцов (1827 -1885), Н. А. Бекетов (1823- 1902), Ч. Дарвин (1809 – 1882), К. Мебиус (1825 – 1908), Э. Геккель (1834 – 1919), Е. Варминг (1841 -1924), В. В. Докучаев (1846 – 1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми – зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А. Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтың “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді.

2 кезең –20 жылдардың ортасына қарай ”Экология” термині организмдер бірлестігін зеттеуге қолдана бастаған кезең. Бұл - экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Қашқаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формозов, Н.И.Калабухов, т.б. жан – жақты экологиялық зертеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан университетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И.Панфильев, П.Н.Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті. Отандық ғалымдарының еңбектерімен қатар шетелдік экологтар А. Пирсанның “ Жануарлар эколгиясы ” (1934), Шелфорд пен Ф. Клементтің “ Биология ” (1939) еңбектері жарық көрді.

3 кезең – 50 жылдардағы ғылымға ғылыми зерттеулердің негізгі бірлігі ретінде қарастырылатын”биоценоз” және “экожүйе” түсініктері енгізілген кезең. Экология ғылымы жіктеле бастады. Әсіресе, осы кездердегі Г.Ф.Морозовтың “Орман және бірлестіктер”, “Жануарлар экологиясының негіздері ”, ағылшын А.Тенслидің “Экожүйелер туралы ілімі”, орыс ботанигі В.Н.Сукачевтың “Биоценоз”, В.И.Вернадскийдің “Биосфера туралы ілімі”, т.б. ғалымдарының еңбектері. Оны біз су организмдерінің экологиясы (Л.А.Зенкеевич, Г.Г.Винберг, Г.В.Никольский, Б.Г.Ноганзиян), топырақтағы организмдер экологиясы (М.С.Гиляров), насекомдар экологиясы паразитологиялық экология негізін салушылар сүтқоректі, құс және бауырымен жорғалаушылар экологиясы, өсімдіктер экологиясы деп танимыз. Осы тұстарда жоғарыдағы ғалымдардың экология ғылымының әр түрлі салалары бойынша теориялық фундаментальды ғылыми еңбектері жарық көрді. Мәселен, А. П. Шенниковтың “ Өсімдіктер экологиясы” (1950), Б. Г. Иогансеннің “ Экология енгіздері” (1959), Н. П. Наумовтың “ Жануарлар экологиясы ” (1963), т.б. еңбектер қазірге дейін маңызын жойған жоқ.

4 кезең – 70 жылдардағы әртүрлі экожүйелер түйісінде болатын облыстар аймақ болып саналатын, ал маңызды экожүйе – биосфераның жете зерттелген кезеңі. Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975,1986), Р. Риклефстің т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық көрген құнды еңбектер қатарына жатады.

Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В. А. Плющевский – Плющик, П. Ф. Соловьев, А. И. Радкевич, С. В. Шостик, И. К. Лопатин, Л. С. Долбин, В. В. Адамов, Б. И. Якушев, Г. А. Новиков, Г. Г. Винберг, Л. М. Сушени, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.

5 кезең – биосфераның құрылуындағы адамның ерекше ролі және оның жауап кемшілігі көрінетін соңғы кезең. Бұл - экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және пратикалық зерттеулер жүргізілуде.

Соңғы жылдары экология ғылымының негізгі салаларының бірі – экологиялық педагогика (көпшілікке эколгиялық білім мен тәрбие беру) адам экологиясы және халықтық экология “ этноэкология ”бағыттары дами түсуде. Бұл – бүгінгі өмір талабы. Өйткені биосферадағы тіршіліктің тұрақты сақталуы – адамның ақыл ойына тікелей тәуелді екендігі анықтала түскен кез уды. Сондықтан 21 ғасыр адамзаттың ақыл - ойы кемелденген - нооэкология кезеңі болмақ, өйткені, жер шарының бүгінгі тағдыры мен болашағы адам баласының ақыл – ойының деңгейіне тікелей қатысты.