Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.01.2020
Размер:
1.09 Mб
Скачать

3. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.

Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы қазбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарының азаюы, табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті мәселелерге айналып отыр.

Табиғи ресурстардың сапасы мен санына әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді.

Сарқылмайтын қорларға-ғарыш, ауа, су қорлары жатады.

Ғарыш қорларына-күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады.

Ауа-райы қорларына-атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Су қорларына-жер бетіндегі су көздері жатады.

а) Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн. км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149 млн. км2 (29,2 %).

б) Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсері мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд. тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд. тонна, ал орман ағаштары 38 млрд. тонна (60%) құрайды.

в) Минералдық қорлар-мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түріне жатады. Сонымен, минералдық қорларды:

1) металл қорлары.

2) металл емес қорлар деп бөлеміз.

Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне ауа мен судай қажет. Мысалы, ас тұзы, әк, құм, фосфор, калий тұздары т. б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай-газ кен көздерінен шикізат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы: соңғы 100 жыл ішінде-көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты.

Бұл қорлар литосфераның 17 км. тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.

г) Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына-көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, литийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады.

Су қорлары. Су қоры деген ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны - өзен сулары.

Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.

4. Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.

Адамзат табиғи қорларды, олардағы шикізат көздерін зат айналым циклына қатыстырады. Табиғи қорларды пайдалану барысында тасымалдануы, өзгеріске ұшырауы- қордың айналымы немесе антропогенді айналым деп аталады.

Табиғаттағы зат айналымы тұйықталған тізбек бойымен іске асады. Ал қор айналымын немесе антропогенді тұйықталған тізбек бойымен іске асады деуге болмайды. Өйткені, теңізден буланған су қайтадан жауын-шашын түрінде қайта оралса, шахтада өндірілген көмір, қайтадан көмір түрінде шахтадағы кенге келіп қосылмайды.

Табиғи қорларды тиімді пайдалануда ғылым-техника саласындағы озық технологияны, инженерлік тиімді тәсілдерді пайдаланады.

Жалпы инженерлік шараларға төмендегілер жатады:

  1. Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау.

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.

Жан-жақты талдау-математика, информатика, кибернетика және т. б. ғылым салалары арқылы жүзеге асады.

  1. Биосфераны оптимизациялау.

  2. Табиғатты пайдалануды оптимизациялау.

Өнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат өнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.

  1. Шикізат өндіру қарқынынан алынатын өнім қарқынының өсуі.

  2. Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.

  3. Өндірісті шоғырландыру.

  4. Өндірісті экологиялық қауіпсіздендіру - қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.

Қоршаған ортаны бағалаудың экономикалық көрсеткіштері.

Қоршаған ортаның табиғи қалпын сақтау, өнеркәсіп орындары шығаратын қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу, зиянкес заттарды залалсыздандыру - барлығы да белгілі бір дәрежеде қаржы бөлуді, еңбек күшін жұмсауды қажет етеді.

Қаржыландыру 2 бағытта жүреді:

  1. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен қалдық қоқыстарды азайтуға бөлінетін қаржы.

  2. Зиянды заттарды залалсыздандыруға және оларды жоюға жұмсалатын қаржы.

Қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге бөлінетін қаржы және ластанған жерлерді қалпына келтіруге бөлінетін қаржылар қосындысы-халық шаруашылығына, экономикасына жұмсалатын экологиялық шығын деп аталады. Бұл қаржы төмендегідей жұмыс түрлері мен сауықтыру шараларын жүзеге асыруға жұмсалады:

    1. зиянды әсерлерден ауыруға шалдыққан науқас адамдарға дәрігерлік көмек көрсету.

    2. Ортаның ластану салдарынан тұрмыстық-техникалық шаруашылық жұмыс істеуі;

    3. Еңбек өнімділігін төмендетуден туындайтын мәселелер.

Адам және табиғат бір-бірінен ажырамайды және бір-бірімен тығыз байланысты. Адам үшін, сондай-ақ түгелдей қоғам үшін де табиғат тіршілік ету ортасы және өмір сүруге қажетті ресурстардың жалғыз көзі болып табылады. Табиғат және табиғат ресурстары - адамзат қоғамының өмір сүретін және дамитын базасы, адамдардың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыратын түпдерегі.

Адам – табиғат бөлігі және биологиялық түр ретінде өзінің тіршілік етуінде басқа көптеген түрлер сияқты ұзақ уақыт табиғатқа әсер етті. Бірақ кейінірек табиғатқа адам әрекетінің масштабы мен тереңдігі кеңейгенде табиғатты қорғау түсінігінің мазмұны мен барысы өзгерді. Қазіргі кезде «табиғатты қорғау» деп табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, өндіруге, қорғауға және табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қазіргі және болашақ ұрпақтың материалды және рухани мұқтаждықтарын қанағаттандыру мүддесіне сақтауға бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық жүйесін айтады. Басқаша айтқанда, табиғатты қорғау – бұл адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара қатынастарды оптимизациялау бойынша жасалған шаралар жүйесін іске асыру. Табиғатты қорғау мәселесі қазіргі заманның ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады, оның дұрыс шешімінен адамзаттың өмір сүруінің игілігі тәуелді. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау үшін оны жіктеудің маңызы зор: