Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать
  1. Қоршаған орта және әлем қауымдастығы. Шекоа (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия)

Осыдан он жыл бұрын «Қоршаған орта Еуропа үшін» процесі шеңберінде Люцернде (Швейцария) өткен Еуропаның қоршаған орта министрлігінің конференциясында Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша арнаулы жұмыс тобы(АЖТ) құрылған болатын.

Бұл бағдарлама аймақтарда болған экономикалық және саяси реформалар процесінде қрошаған ортаны қорғау мәселелерінің ықпалдасуына қызмет етті. Бағдарламада неғұрлым күрделі экологиялық проблемаларды шешу үшін нақты басымдықтарды айқындау, саяси, институттық және инвестициялық шаралардың оңтайлы кешенін әзірлеу және ресурстарды тиімді бөлу қажеттілігі атап өтілді.

Қазіргі уақытта АЖТ-ның жылдық бөджеті шамамен 2 млн. Еуроны құрап отыр. Дания, Еуропалық Комиссия, Нидерланды,Норвегия, Ұлыбритания, Германия және Швейцария оның негізгі нәрлендірушілері болып табылады. Дәл осы бюджеттен шаралардың іске асырылуын АЖТ хатшылығының өзі қадағалайтын жобалар қаржыландырылады.

АЖТ жұмысын жетілдіру үшін жобаларды әзірлеу комитеті(ЖӘК) құрылды. Оның негізгі функциясы табиғат қорғау инвестицияларын жеделдету және бірлесе жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Нәрлендірушілер халықаралық қаржы институттарының жобаларын іске асыруды жеделдетуге және әзірлеуге грант түрінде қаржы бөліп отыр. ЖӘК хатшылығы Еуропа қайта құру және даму банкінде (Лондон) орналасқан. Бұл комитеттің Еуропа елдерінің экологиялық мәселелерін шешуде нәрлендірушілерді тарту кезінде үлкен мәні бар. Осы комитеттің қолдауымен 1995 жылдан бастап 7 миллиардтан астам АҚШ долларына инвестициялық жобалар тартылды. Негізінен, бұл қаражат Еуропа Одағына мүше елдерге жіберілді.

Өткен жылдары АЖТ мен ЖӘК өзін икемді және практикалық жағынан пайдалы қозғаушы күш екенін көрсетті әрі «Қоршаған орта Еуропа үшін» процесін іске асыруда үлкен рөл атқарды.

Табиғат қорғау органдары іс-қимылдардың нәтижелілігін біраз арттырған Еуропа және шығыс елдерінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимылдар жоспарлары әзірленген және іске асырылған болатын. Қазіргі уақытта Еуропа Одағына қосылуға дайын 10 елге пәрменді көмек көрсетілді.

Шиеленіс аяқталғаннан кейін экологиялық қайта құрудың модельдік бағдарламасы іске асырылған Балқан аймағында да біраз жұмыс жүргізілген болатын.

90-шы жылдардың ортасында Орталық және Шығыс Еуропа елдері Еуропа Одағына кіруге дайындалды және экологиялық саясатты жетілдіру, олардың стандарттарын ЕО талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс үшін оларға батыс ұйымдарының кең көлемді көмегі бөлінді. Ал енді бұрынғы КСРО аумағындағы жаңа тәуелсіз мемлекеттердің үлесіне аздаған халықаралық ресурстар ғана тиді. Сол кезде осы елдерде күрделі экономикалық және әлеуметтік жағдай қалыптасқан болатын. Жағдайды «теңестіру» үшін Орхуста 1998 жылы қоршаған орта министрлігінің VI конференциясында Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің экологиялық стратегиясы бекітілген және оны іске асыруға Арнаулы жұмыс тобына мандат берілген 2003 жылғы мамырда министрлердің Киев конференциясында ғана рәсімделді.

ШЕКОА аймақ елдерінің он екісі (Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Молдава, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекістан) 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономика негізінде құқықтық демократиялық қоғамға көшу үшін қажетті заңдар мен институттарды құруға кірісті.

ШЕКОА елдері көпшілігінің экономикасы табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалануына, олардың азып-тозуына, және нормативтен жоғары пайдалануына, қоршаған ортаның алапат ластануына негізделді. Бұл елдер өз табиғат қорғау стратегиялары мен бағдарламаларын жетілдіру үшін бірқатар шараларды қабылдады. Соған қарамастан шешу жолдары Экологиялық стратегияға енгізілген және әлі де шешімін таппаған мынандай проблемалар бар:

қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат пен заңнаманы үйлестіру;

қоршаған ортаның ластануын бақылау және алдын алу;

өтпелі түрдегі экономика жағдайындағы табиғи ресурстарды басқару;

секторалдық саясатқа экологиялық талаптардың ықпалдасуы;

сыртқы берешекті, экологиялық конверцияны қоса қаржы тетіктерін дамыту;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдауда демократиялықты және жұртшылықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету;

прцеске қатысушы елдердің трансшекаралық проблемаларын бірегейлендіру.

Үстіміздегі жылдың 5-6 қазанында Париж қаласында Орталық және Шығыс Еуропа үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі арнаулы жұмыс тобының және Жобаларды әзірлеу жөніндегі комитеттің кезекті бірлескен кездесуі өтті.

Мәжіліске Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің 12 және Еуропа Одағының нәрлендіруші 10 елі және Еуропа Одағына қосылуға дайын әлеуетті 5 елдің өкілдері қатысты. Сондай-ақ жұмысқа халықаралық қаржы ұйымдарының және Өңірлік экологиялық орталықтардың өкілдері қатысты.

Бюро мүшелері мен жұмыс тобы тең төрағаларының өкілеттіктері қызметін мерзімдерінің аяқталуына байланысты оларды қайта сайлау жүргізілген болатын.

Осы қызметте қалғысы келген Грузияның ниетіне және осы мәселені шешуді бір жылға көшіру туралы хатшылықтың ұсынысына қарамастан, ШЕКОА елдерінің тең төраға Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі болатындығы туралы консенсуске қол жеткізілді. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінен бюро мүшелігіне Тәжікстан өкілі де сайланды. Бұдан өзге, Армения, Әзірбайжан, Молдава және Беларусь елдерінің өкілдері бюро мүшелері болды.

АЖТ тең төрағасы болып Айткүл Байғазықызы Самақованың сайлануы қоршаған ортаны қорғау жүйесін жетілдірудегі экономикалық реформалар мен жетістіктерді біздің республикада болып жатқан прогресс деп тану, оның еуропалық стандартқа жетуі болып табылады.

Қазақстан нарықтық экономикаға көшу жағдайында қоршаған ортаны қроғау жүйесін реформалау, Еуропалық Одақ заңнамасымен табиғат қорғау заңнамасын үйлестіру мәселесінде модельдік мемлекет болу ұсынылды. Онда нәрлендіруші елдер бөлінетін қаражатты бөлуге нақты мүмкіндік пайда болады және ШЕКОА елдеріне және атап айтқанда, Қазақстанға қаражаттың түсуін біраз ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Отырыста 2004 жылдың қазанында «Киев+1» ШЕКОА елдері қоршаған орта министрлігінің конференцияны өткізу орны туралы да мәселе өте күрделі болды. Бұған үш ел үміткерлік артты: Грузия, Қазақстан және Молдава. Шешімді АЖТ бюросының отырысына деіін шегере тұру ұсынылды, онда елдер осы конференцияны өткізу әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша ақпаратты береді.

Қазақстанның «Еуропа үшін қоршаған орта» процесіне және Арнаулы жұмыс тобының жұмысына белсенді қатысуы біз үшін экономиканы,заңнаманы және қоғамды экологияландырудың алға қойылған басымдықтарын іске асырумен байланысты өте маңызды. Бұл экологиялық саясаттың басым бағыттары Үкімет мақұлдаған және Мемлекет басшысының қарауына берілген Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының жобасында белгіленген. Оларды іске асыру Қазақстанға қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мен жақсартуда, оған шаруашылық және өзге де қызметтің әсер етуін қысқартуда.