Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
13.01.2020
Размер:
1.09 Mб
Скачать
  1. Еқтт-ның (Ерекше Қорғалатын Табиғи Территория) жалпы

мәселелері

Табиғат байлығын қорғаудың негізгі көзі- оны тиімді пайдалану, қоршаған ортаға адамның тигізетін әсерін белгілі бір дәрежеде шектеу және табиғат жағдайларын қалпына келтіру жөніндегі шараларды ұйымдастыру болып табылады.

Табиғи ландшафты қорғай отырып, планетамыздағы генофондыны сақтауда, әр түрлі экологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде табиғат зертханасына айналған ерекше қорғалатын табиғат территорияларының маңызы өте зор.

Табиғат комплексін бастапқы қалпында сақтау-мемлекеттің басты мәселелерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-пунктінің 6-статьясында жазылған :”Жер және оның суы,өсімдіктері мен жануарлар дүниесі,т.б. табиғат ресурстары мемлекеттік меншік болып табылады ”.Сонымен қоса Конституцияның 38-статьясында біздің де табиғатқа деген міндеттеріміз айтылған:”Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және оның табиғат байлықтарын үнемді , ұқыпты қарауға міндетті”.

Қазіргі таңда экономикада экологиялық бағытты дамыту –экологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына, қоршаған орта сапасының жақсаруына алып келеді. Олай болса, экологияның бір бөлігі юолып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аймақтар экологиялық бағытта дамытушы фактор ғана емес, қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасайтын бірден-бір көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасы аграрлық бағытта дамушы елдердің қатарына жатады.1991 жылы еліміздің 272,5 млн. Гектар аумағының 218,7 млн. Гектарға жері ұжымдар мен азаматтарға және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына пайдалануға берілген болатын, ал 2001 жылы бұл үлес 93,4 млн. Гектарға немесе 3 есеге қысқарды. Осы кездегі ағымдық тенденция ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда байқалады. Мысалы, 1991-2001 жылы аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 0,8 млн. Гектардан 1,2 млн. Гектарға көтерілді, яғни ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың өсу желісі республикамыздың тәуелсіздігімен сипат алады.Егер 1991 жылы елімізде 7 қорық пен 1 ғана «Баянфуыл ұлттық паркі» болса, соңғы 15 жылдың аралығында 3 мемлекеттік қорық және 7 ұлттық мемлекеттік парктер бар. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың дамуы жөнінде және қоғамдағы экологиялық-экономикалық ролі туралы ҚР Ата Заңында нақты көрсетілген.

ЕҚТТ-ды Бүкіл әлемдік табиғи және мәдени мұра тізіміне, ЮНЕСКО-ның қорғалатын табиғат терреторияларына және «Адам және биосфера» бағдарламасына енгізу биоәртүрлікті сақтаудың ең маңызды жұмысы. Осы жоба жұмыстары 1998 жылдан бері жасалуда.

Қазақстанның табиғат обьектілерінің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелгендері: «Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері»(Қорғалжын мен Наурызым қорығы), «Іле Алатауы» және «Алтын Емел» мемлекеттік табиғи паркі, «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы.

Бірден бір проблемалық сұрақтардың бірі ЕҚТТ табиғат зоналары бойынша біркелкі таралмауы болып табылады. Сонымен қоса Каспий теңізіндегі жалғыз теңіз сүтқоректісі-итбалықты қорғайтын қорық жоқтың қасы.

Кейінгі уақытта киікті ҚР Қызыл кітабына енгізу ұсыныстары айтылуда. Бірақ киіктердің көшу ерекшеліктері мен оларды сақтау шараларын ескерсек, киіктерді Қызыл кітапқа енгізбеу орынды болар еді. Осындай тұжырымға білім және ғылым Министрлігінің Зоология институты да келіп отыр. Біріншіден киіктердің екі популяциясы-Орал және Үтсірт киіктері көршілес Ресей,Өзбекістан, Түркіменстан республикаларына миграцияланады. Бұл мемлекеттерде киік Қызыл кітапқа енбеген.Осы шешімді жоғарыдағы елдермен келісім қабылдап жасау көзделген. Мұндай жұмысты қазіргі уақытта орман және аңшылық шаруашылық Комитеті атқаруда. Киіктерді сақтау туралы жоба келісімі мемлекеттік халықаралық бағыт арқылы жүзеге асуда.

Конвенцияның басты міндеті- көп түрлі микроорганизмдерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және экологиялық жүйені сақтап, қорғау болып табылады. Сонымен қоса «Шөлденуге қарсы күрес» Конвенциясына, «Мәдени және табиғи ескерткіштерді қорғау» Конвенциясына және СИТЕС Конвенциясына қол қойды. Халықаралық Конвенция мүшесі болып табылатын Қазақстан қазіргі кездің өзінде табиғат ресурстарын қорғауды жауапкершілікпен әлемдік деңгейде атқаруда.

Осы мақсатты орындауда Конвенция көрсеткендей ерекше қорғалатын территориялардың болашағы мен дамуын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2000 жылы «Ерекше қорғалатын табиғат территорияларын 2030 жылға дейін дамыту, орналастыру Конвенциясы» қарастырған.

Қазіргі уақытта ЕҚТТ төңірегінде орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті және халықаралық ұйым қолдауымен көптеген жобалар жасауда.

Біріншіден ол «Батыс Тянь-Шань биологиялық әртүрлілікті сақтаудың Трансшекаралық жобасы». Бұл Бүкіләлемдік банк арқылы жүзеге асуда.Жоба 1997 жылдан өңделуде. Ол бес жылға жобаланған және жүзеге асыру жолында жұмыстар атқарылуда. Ғаламдық Экологиялық Қордан (ҒЭҚ) Қырғыз Республикасына, Өзбекістан мен Қазақстан Республикаларына бөлінген қаржы көлемі 10 млн. АҚШ долларын құрайды. Одан басқа ТАСИС жағынан 1,5 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінуде. Екінші жоба- «Қазақстанның таулы агробиоәртүрлілікті сақтау». Оны іске асыру жолында жұмыстар атқарылуда. Есептелген қаржы грант көлемі 34 млн. АҚШ долларын құрайды. Жоба Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауындағы жабайы тұқымды өсімдік түрлерін, алма, өрік тұқымдас т.б. түрлерді сақтауға жұмсалады. Үшінші жоба- «Көшпелі құстар мекен ететін Ғаламдық маңызы бар батпақты сулы жерлерді кешенді түрде сақтау және қорғауға бағытталған». Грант көлемі 8 млн. АҚШ долларын құрайды.

Төртінші жоба- «Алтай-Саян аймағының биологиялық әртүрлілікті сақтау».

Бесінші жоба-«Стреха тырнасы және Ғаламдық маңызды миграциялық суда жүзетін Азия құстарына арналған батпақты-сулы аймақтарды сақтау». Оған Ресей,Қазақстан, Қытай, Иран елдері кіреді. Бұған бөлінген (ҒЭҚ) гранты 5 млн. АҚШ доллары маңында.

Алтыншы жоба- «ЕҚТТ биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында ақпараттық жүйені күшейту». Жобаның іске асуы 2004 ж. Ақпанында басталды. Жобаның міндеті-ЕҚТТ техникалық көмек көрсету және де биологиялық әртүрлілік базасы жөнінде ақпараттық комитет, сонымен ЕҚТТ арасындағы ғылыми мемлекеттік емес мемлекеттік ұйымдармен ақпарат алмасу жүйесін іске асыру, ЕҚТТ қызметкерлерінің тәжірибелік деңгейін жоғарылату. ҒЭҚ бөлінген грант 175 мың АҚШ долларын құрайды.

Енді соңғы жоба таяу уақытта ҚР Парламентінде талқыланды, бұл жоба «Республика территориясында ормандандыруды күшейту» деп аталады. Бұған Бүкіләлемдік банктен 410 мың АҚШ доллары бөлініп, осы жылы толық мақсатта іске асыру көзделген. Іске асыру жобасына бөлінген грант 5 жылға 35 млн. Ақш долларын құрайды. Жоба: Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында іске асырылады.

Қорыта келгенде айтарымыз, елімізде табиғаттың бастапқы қалпын сақтау және дамыту үшін мемлекеттік ерекше қорғалатын табиғи территорияларды қайта құру және ұйымдастыру ісін кеңінен жолға қою керек. Осы жағдайда қайталанбас табиғи ландшафттарды жинаған қорықтар мен ұлттық парктер келесі функцияларға басты назар аударуы тиіс: бұлар тек табиғат байлығын сақтау қоры ғана емес, туристерді тарту арқылы олардан түсетін табыстан еліміздің бюджет саласын толтыру және адамдардың табиғатқа кері әсерлерінің алдын алу. Кеңес Одағы жаңа құрылған уақытта сауатсыздықты жоюмен қалай күрессе, қаазіргі кезеңде балабақшадан, мектептен,жоғары оқу орындарынан, жанұядан бастап әрбір кәсіпорында экологиялық сауатсыздыққа қарсы сондай күрес жүргізуіміз қажет. Экологиялық қауіпсіздік туралы тұжырымдама ар, оны әрі қарай дамытатын заң қабылдануы керек деген ойдамыз.

Еліміздің бірқатар су қоймаларына ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мәртебесін беру жөніндегі жоба 90-жылдардың аяғында даярланып,2004 жылдың ақпан-наурыз айларында өмірге енді. Жеті жылға арналып жасалған аталмыш бастама Қазақстандағы экологиялық жобалардың ішіндегі ең ұзақ мерзімдісі және қымбаты болып табылады. Жобаны БҰҰ-ның даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Үкіметі арқылы Басты экологиялық қор қаржыландырып отыр. Бұған және «Атыраубалық», «Жібек жолы компаниясы», «Қазақ аң және балық шаруашылығы одағы», «Аджип» компаниясы және Германияның экологиялық НАБУ бейүкіметтік ұйымы өз үлестерін қоспақ. Үкімет тарапынан атқарушы агент – Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты орман және аң шаруашылығы комитеті. Жобаны жүзеге асыру үшін барлығы 34 млн. Доллар өлініп отыр.

Аумақты таңдар кезде мамандар бірқатар негізгі критерийлерге сүйенді. Олар- экономикалық, әлеуметтік факторлар. Дегенмен ең бастысы- биологиялық әртүрлілік деуге болады. Сөйтіп, таңдау үш аумаққа түсті. Біріншісі- Жоңғар Алатауында орналасқан Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі мен Тарбағатай тауы. Алакөл – ежелден шағалар ұя салатын жер бетіндегі әйгілі қос көлдің бірі. Бұдан кейінгі маңызды су қоймаларының бірі – қос құс жолының қиылысында жатқан Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі. Сонымен қатар Каспий теңізі атырабына жататын Жайық өзенінің сағасы да құстардың сүйікті мекеніне айналған. Бұл Шығыс Сібір- Африка бағытымен ұшатын құстар үшін қолайлы өлке көрінеді.

Қазақстан батысында Италия мен Финляндиядан, шығысында Якутиядан және Арктика аймағы мен Австралиядан ұшып шығатын құстардың жолында жатыр. Елімізді Азиядағы су құстарының 130 түрі өсіп- өнеді.Әрбір жарты жыл сайын 50 миллионнан астам құс қысқы тіршілік мекенінен Қазақстан арқылы жазғы ұя салатын орындарына ұшып барады. Және күзге дейін ұшады. Соның шамамен 20 пайызы Қазақстан жеріне ұя салады. Әйгілі Рамсар конвенциясы (Иранда) осындай бағалы тіршілік иелерін сақтау мақсатын көздейді. Нақтырақ айтқанда, конвенция аясында сулы-сазды алқаптарды бүкіл әлем бойынша жақсы жетілген тіршілік ортасы ретінде тиімді пайдалану көзделіп отыр. Конвенция шеңберінде оның ерекше қорғауына алынған халықаралық маңыздағы сулы-сазды алқаптардың тізімі де жасалған. Күні бүгін Рамсар конвенциясына 144 ел бірігіп отыр. Алакөл мен Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінде қазірдің өзінде мемлекеттік мекеме түріндегі қорықтар бар. Оларға штатта жұмыс істейтін күзетшілер тағайындалған. Оның үстіне олардың аумақтары алдағы уақытта кеңейтілмек.