Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать
  1. Киото хаттамасы

Қазіргі таңда 150 ел Киото хаттамасының мүшесі. Еліміздің бұл хаттамаға мүшелікке енуінің маңызы зор. Себебі бұл хаттамаға қосылу еліміз экология мәселелерін шешудің тиімді жолдарын қарастырады. Киото хаттамасы негізінен ауа райына әсер ететін үдерістерді реттеу мәселелерін кешенді түрде шешу үшін құрылғаны белгілі. Әсіресе, бүгінгі жер шарының озонды қабаты жұқарған шағында бұл өте маңызды болып отыр. Өйткені, әлемнің көптеген елдерінде табиғи құбылыстардың бірден өзгеруі осының бір мысалындай көрінеді. Арктикадағы, Тибет пен Альпідегі қалың тоңдардың біртіндеп ери бастауы экологиялық апатқа алып келуі ықтимал екендігі жайында ғалымдардың мәселе көтеріп келе жатқанына да біраз болды. Оның себебі де жоқ емес. Егер ауа райының құбылысына көз жіберсек, онда соңғы 10-15 жылдың ішінде оның 1,5-1,8 градусқа дейін жоғарылағанын көреміз. Сондықтан да әлемдік қоғамдастықтың бұл мәселеге көз жұма қарауына ешқандай қақылары жоқ десе де болғандай.

Алайда басы АҚШ болып біраз елдер Киото хаттамасын бекітуге әлі асығар емес. Олардың қашқақтауын түсіну қиын. Бұл құжатты бекіту біріншіден, көптеген экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Екіншіден, Киото хаттамасына мүше мемлекеттер планетамызды ластайтын нысандарды қайта құру мен жаңғырту үшін қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Атап айтқанда, көмірсутегі отынын тұтынатын, сондықтан да қоршаған ортаны ластайтын жылу-электр станциялары, зауыт, фабрикалар ауаны ластау деңгейін азайтатын жаңа технологиялар орнатып пайдалану мүмкіндігін иеленеді. Осыны көріп отырып кейбір елдердің Киото хаттамасына қырын қарайтындықтары түсініксіз, өйткені экология проблемасы – жаһандық проблема.

Үшіншіден, хаттамаға мүше мемлекеттер экологиялық проблемаларды шешу үшін бір-бірінен халықарлық гранттар мен кредиттер алуына жол ашық. Мысалы, Жапония еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге ақша бөліп,ЖЭС-ке жаңа қондырғы орнатуға олар еді. Елбасы Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына қосу туралы мәселе қойып отыр. Ал Киото хаттамасына мүшелікке өтуді осы бағытта жасалатын оңды қадамдардың біріне санауға негіз бар. Энергетика саласына инвестиция күюдің еліміз аумағындағы ғана емес, сонымен қатар, бүкіл өңірдегі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал жасайтыны түсінікті болса керек. Егер Киото хаттамасына қосыла қалсақ, ауаны ластауға қойылатын шектеу болады. Бұл хаттамаға мүше мемлекеттерге ауаға зиянды қалдық шығаруға квота беріледі. Мысалы, Қазақстан бұған дейін ауаны 100 пайыз ластап келсе, хаттамаға кіргеннен кейін оның мөлшері 60 пайыз көлемінде блгіленіп берілуі мүмкін. Мұндай қадам инвестиция тартумен шектеліп қана қоймай, экологиялық мәселелерімізді шешіп алуға оң ықпалын тигізеді. Мәселен, хаттамаға мүше мемлекеттердің ішіндегі Англия, Германия, Франция сияқты дамыған елдер жылдан жылға ауаға шығарылатын улы қалдықтардың көлемін қысқартып, экономиканы құраушы өндірістердің қуатын арттыруға қол жеткізіп келеді. Мұның бәрі жаңа технологиялардың кен орындарын игеруде көмірсутегін мөлшерден аз пайдаланудың және т.б. оңды факторлардың есебінен болады. Қауіпсіздік талаптары орнымен сақталса, атом қуатын тұтыну ауаны мейлінше аз ластайтыны да дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Европа елдерінің өзі жылу мен электр қуатының 25-28 пайызын атом-электр стансалары арқылы өндіреді. Сол сияқты АҚШ-та халық тұтынатын электр қуаты мен жылудың 25 пайызы АЭС-тердің үлесіне тиеді.

Желдің қуатымен жұмыс істейтін стансалар да тиімді. Мәселен, Голландия мен Солтүстік Германия жаңа технологияларға негізделіп салынған, яғни желдің қуатымен жұмыс шстейтін стансалардың өндірген электр қуатын тұтынады. Қазақстанда да желді саналатын жерлер көп. Демек, бұл Киото хаттамасы жаңа технологиялардың өмірге келуіне оң ықпал ететін болады деген сөз.