Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Тақырып: Демэкология-популяциялық экология

Жоспары:

1. Популяция туралы жалпы мағлұмат.

2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.

3. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.

4. Ағзалар арасындағы қатынастар

Дәріс мақсаты: Студенттерді популяция түсінігімен таныстыру популяцияның динамикалық және статикалық сипаттамасын беру.

Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

1. Популяция туралы жалпы мағлұмат.

Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді.

Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, өзара еркін будандаса алатын, ақпарат бере алатын, бір түрге жататын даралар жиынтығы.

Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.

Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады.

Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады.

2. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.

Популяцияның статикалық сипаттамалары:

  1. Жыныстық сипаты бойынша;

  2. Жас ерекшелігі – әртүрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;

  3. Территориялық таралуы бойынша;

  4. Этологиялық сипаты бойынша;

Популяцияның дараларының жас ерекшеліктеріне байланысты түрлері:

Қалыпты популяцияда - барлық жастағы даралар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған.

Өнімдерді алу саны және оның алу тәсілі популяцияның биологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойластырылады. Мысалы: жануарларды топ болып өмір сүретін, алуға болатын шегіне дейін алуға болады, одан көп алса, тіршілік процесі оптимизациясын жоғалтады.

2) Популяцияның маңызды қасиетінің біріне оның динамикасы жатады. Ол даралар санының ауытқуы жағымсыз салдарды туғызады. Соған байланысты популяцияның адаптациялық механиздері пайда болады.

Әрбір популяцияға биотикалық потенциал – ұрпақты көп қалдыру – тән. Әдетте, неғұрлым биотикалық потенциал жоғары болса, соғұрлым ағзалардың ұйымдасу деңгейі төмен болады. Мысалы, ашытқы саңырауқұлақ.

Популяция динамикасының екі түрі бар:

  1. Особьтар санының тығыздығына байланысты биотикалық факторларға тәуелді динмика. Бұл жағдайда особьтар санының өсу түрі J- тәрізді қисықпен жүреді: Мұндай өсу түрі экспоненциалдық деп аталады. Бұл адамдар популяциясына тән. Ол ең біріншіден, балалардың өлімінің төмендеуіне байланысты. Бұл өсу түрінде популяциядағы особьтардың өсу санын биотикалық факторлар реттеп отырады. Оны популяцияның реттеуші факторы деп атайды.

  2. Особьтар санының тығыздығына байланысты емес түрі – особьтар саны жоғарғы өлім-жітіммен сипатталады. Бұл жағдайда особьтар санының өсуі S-тәрізді қисықпен сипатталады: мұндай қисықты логистикалық деп аталады. Логистикалық өсу қисығына абиотикалық факторлар әсер етеді (ауа-райы құбылыстары, тамақтың бар-жоқтығы, әр-түрлі апаттар т. б.). Осындай фактор популяцияның уақытша шексіз өсуіне, сондай-ақ 0-ге дейін төмендеуін қамтамасыз етіп отырады. Осындай факторларды модификациялық фактор деп атайды.