Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Биотикалық факторларға адаптация.

Әрбір жануарда өз тамағын табуға мүмкіндік беретін әртүрлі бейімделушіліктер бар.

Филогенез барысында планетадағы фаунаның әртүрлі өкілдерінде сан алуан бейімделушіліктер қалыптасқан. Мысалы: Инфузорийлер суды жұта отырып, оны сүзеді де, өз қорегін аулайды. Моллюскалар да фильтраторлар болып табылады. Жануарлар әлеміндегі ең белгілі жұтқыштарға жыландар жатады.

Гүлдер мен өсімдіктер.

Ертеде ассириялықтар мен вавилондықтар Екі өзендік мемлекетінде құрма пальмасын өсірді (екі үйлі өсімдік).

Х.К.Шпренгель «Табиғаттың ашылған сыры» еңбегінде 1793ж. гүлді өсімдіктердің (нектарник) балауызын зерттеді. Ол өз теориясында гүлдердің балауыз қасиеттері сол өсімдікті тозаңдыратын насекомдарға тәуелді екенін айтты. Мысалы: эвглосса арасы нектар соратын мүшесі ұзын болып келеді. Оңтүстік америка көбелегінің де тұмсықтары өте ұзын гүл формасына байланысты.

Экожүйедегі ағзалардың байланыстары.

  1. Қоректену немесе трофикалық байланыс.

  2. Топикалық байланыс-(грекше топос –орын), мекен ету ортасын пайдалануға негізделген байланыстар.

  3. Форикалық (латынша форас- сыртта)- бұл байланыс бір ағзаның басқа ағзаға таралуына қатысқан кезде пайда болады.

4. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфордтың толеранттық заңы.

Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал басқа факторлар оның қалыпты тішілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және сол ағзаға ең аз мөлшерде қажет бір фактор шешуші роль атқарады, ал оның жетіспеуі басқа факторлардың әсерін шектейді. Ол фактор шектеуші немесе лимиттеуші фактор деп аталады. Бұл заңдылықты неміс химгі Ю.Либих (1948ж.) ашқан. Оны «Минимум заңы» дейді. «Минимум» заңының өмірде практикалық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шектеуші факторларын біле отырып мол өнім алуға немесе табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Шектеуші факторлармен қартар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Төзімділік заңы В.Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі – организмдердің факорларға деген талғамының шектелуі. Кез келген организмнің төзімділік шегі болады. Егер төзімділік шегінен шығып кетсе организм тіршілігін жояды.

Табиғатта организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына, оның шекті мөлшері төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше, қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Организмдердің бұл тобын эврибионтты түрлер дейді. Мәселен, Қазақстанға жерсіндірілген ондатра, көгілдір түлкі, бұлғынды, ал кездейсоқ жолдармен енген колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті, т.б. көптеген арам шөптерді мысалға келтіруге болады. Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз стенобионтты организмдер дейміз.

Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді.

Сонымен, оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?

  2. Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?

  3. Экологиялық фаткорлардың жіктелуін көрсетіңіз.

  4. Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?

  5. Антропогенді факторларға мысал келтіріңіз.Адамның ағзаларға және қоршаған ортаға тигізетін жағымды және жағымсыз әсерлері қандай?

  6. Қандай ағзалар стенобионтты, ал қандай ағзалар эврибионтты деп аталады?

  7. Негізгі абиотикалық факторлар: жарық, температура, ылғалдылық, тұздылықтың экологиялық маңызы неде?

  8. Ағзалардың жылуға, ылғалдылыққа, жарыққа қатысты экологиялық жіктелуін беріңіз. Мысал келтіріңіз.

Әдебиет:

    1. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.

    2. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.

    3. Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.

    4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.

    5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.

    6. Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы, «қазақ университеті», 2000.

    7. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды. Алма-Ата, «Ана тілі», 1991.

    8. Байтулин И.О. Экология Казахстана. Алматы, 2003.

    9. Ә.С.Бейсенова Ж.Б.Шілдебаев Г.З.Сауытбаева «Экология» Алматы 2001ж.

    10. А.Ж.Ақбасова. Г.Ә.Саинова. «Экология.Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы» Алматы 2003ж.

    11. А.К.Бродский «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Алматы 1997ж.

ДӘРІС № 4