Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Programma_GAK_po_MPP_i_MChP_-_KAZ-RUSS_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
351.23 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Казахский национальный университет

имени аль-Фараби

С.Ж. Айдарбаев

Ж.С. Жүнісов

«050302 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған «Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық» пәндері мемлекеттік емтиханының

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

____________________________

___________________

_________

РАБОЧАЯ ПРОГРАММА

государственного экзамена по дисциплинам

«Международное публичное право» и «Международное

частное право» для студентов, обучающихся по специальности «050302 – Международное право»

Алматы

2012

Жұмыс оқу бағдарламасы халықаралық құқық кафедрасы меңгерушісі з.ғ.д. С.Ж. Айдарбаевмен және кафедра аға оқытушысы, халықаралық құқық магистрі Ж.С. Жүнісовпен «Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық» пәндерінің Типтік бағдарламалары негізінде жасалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультеттің әдістемелік бюросында қаралып, мақұлданды.

«__» ______ 2012 ж., №__ хаттама

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті Әдістемелік бюросының төрайымы Г.А. Алипбаева.

Рецензенттер:

Сабикенов С.Н., ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор

Сайрамбаева Ж.Т., з.ғ.к., доцент

Машимбаева Г.А., з.ғ.к.

Айдарбаев С.Ж., Жүнісов Ж.С.

«050302 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған «Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық» пәндері мемлекеттік емтиханының жұмыс бағдарламасы (қазақ және орыс тілдерінде). – Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 40 б.

Айдарбаев С.Ж., Жунисов Ж.С.

Рабочая программа государственного экзамена по дисциплинам «Международное публичное право» и «Международное частное право» для студентов, обучающихся по специальности «050302 – Международное право» (на казахском и русском языках). - Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 40 с.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

Халықаралық қатынастар факультеті

Ғылыми кеңесі мәжілісінде бекітілді

«__» ______ 2012 ж., №__ хаттама

Факультет деканы, з.ғ.д, профессор

К.Н. Шакиров

«050302 – Халықаралық құқық» мамандығы

«Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық»

пәндері бойынша мемлекеттік емтихан үшін

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Алматы

2012

Алғысөз

«Халықаралық жария құқық» пәнінінң мақсаты

Бұл курсты оқытудың негізгі мақсаты студенттердің Қазақстанның құқық жүйесіндегі халықаралық жария құқығының алатын орнын және оның елдегі болып жатқан демократиялық үдеріс пен экономикалық қайта құруға прогрессивті әсер ету мүмкіндігін білу. Сонымен қатар «Халықаралық жария құқық» курсын оқытудың мақсатына студенттердің санасында халықаралық жария құқықты халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу құралы ретінде біртұтас түсінік қалыптастыру.

«Халықаралық жария құқық» пәнін оқытудың міндеттері:

- халықаралық жария құығының басты қайнар көздерімен танысу;

- маңызды нормативті актілерді білу және олармен жұмыс істеуді меңгеру, халықаралық құқық қағидаларымен танысу және оларды нақты мәселелерді шешу кезінде қолдана білу;

- Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын реттейтін ұлттық заңнамасымен танысу;

- халықаралық құқық саласындағы заңгер ретінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарда жұмыс істеу үшін қажетті машықтарды қалыптастыру.

Студенттер келесідей дағдыларға ие болуы керек:

- теориялық ережелерді тәжірибеде қолдану;

- құқықтық актілермен және халықаралық құжаттармен жұмыс істеу;

- қазіргі халықаралық құқықтың негізгі мәселелерін қарастыру және оларды шешудің негізгі алғышарттарын білу;

- Қазақстан Республикасының шет елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастығын реттейтін құқықтық нормаларды қолдану.

Студенттер мыналарды білуі керек:

  • танымның ғылыми әдістерін қолдана білу;

  • ғылыми мектептер мен бағыттар арасында бағыт-бағдар таба білу;

  • мәселелерді бағалау мен зерттеуге, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдануға қатысты өзіндік көзқарасты қалыптастыру.

Пәннің пререквизиттері: мемлекет және құқық теориясы, конституциялық құқық.

Пәннің постреквизиттері: дипломатиялық құқық, халықаралық шарттар құқығы, халықаралық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету, халықаралық қылмыстық құқық және халықаралық жария құқығының жекелеген салалары мен институттары бойынша әртүрлі арнайы курстар.

Тақырыптық жоспар Жалпы бөлім

1 Тақырып. Халықаралық құқық түсінігі, қайнар көздері және негізгі қағидалары

Қазіргі халықаралық жария құқығының түсінігі, белгілері және ерекшеліктері. Халықаралық құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің арақатынасының негізгі теориялары. Халықаралық құқық қайнар көздері түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқықты кодификациялау және оның прогрессивті дамуының мәні мен маңызы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі, маңызы мен олардың жіктелуі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының нормативтік мазмұны.

Әдебиеттер

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2012.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Құлжабаева Ж. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

2 Тақырып. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік

Халықаралық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері. Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, мемлекет тәріздес құрылымдардың, өз тәуелсіздігі үшін күресетін халықтар мен ұлттардың халықаралық құқықсубъектілігі.

Халықаралық құқықтағы тану институты.

Құқықмирасқорлық институтын халықаралық-құқықтық реттеу.

Кеңестер Одағы ыдырауынан кейінгі құқықмирасқорлық институтының ерекшеліктері.

Тұрғын халықтар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы.

Әдебиеттер

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2012.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Құлжабаева Ж. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

6. Шибаева Е.А. Право международных организаций. Вопросы теории. - М., 1986.

3 Тақырып. Халықаралық құқықтағы аумақ. Сыртқы қатынастар құқығы

Халықаралық құқықтағы аумақтың түсінігі мен түрлері. Мемлекеттік аумақтың құрылымы және құқықтық режимі. Халықаралық режимдегі аумақтардың құрылымы және құқықтық режимі. Аралас режимдегі аумақтардың құрылымы және құқықтық режимі.

Мемлекеттік шекараның түсінігі және режимі.

Арктиканың және Антарктиканың құқықтық режимі.

Дипломатиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері. Мемлекеттік сыртқы қатынас органдарының жіктелуі, мәртебесі және функциялары. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердің жалпы сипаттамасы. Консулдық мекемелердің құқықтық мәртебесі.

Әдебиеттер

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2012.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Ерджанов Т.К. Международно-правовой статус внутриконтинентальных государств. - Алматы, 2001.

5. Блищенко И.И. Дипломатическое право. - М., 1990.

6. Құлжабаева Ж. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

7. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

8. Василевская Э.Г. Правовые проблемы освоения Луны и планет. - М., 1986.

9. Клименко В.М. Государственная территория: вопросы теории и практики международного права. - М., 1974.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]