
- •Ғимараттар мен үймереттерді қайта қалпына келтіру және жаңартуды ұйымдастырудың жалпы принциптері.
- •1.Жалпы түсінік.
- •2.Өнеркәсіптік үймерттерді қайта қалпына келтірудің техникалық жабдықтаудың жалпы принциптері
- •Үймереттер мен ғимараттардың қайта салу технологиясы және ұйымдастыруы
- •Жер жұмыстарының өндірісі және қайта салу кезінде жерасты қатынас жолдарының құрылысы
- •Ғимараттар мен үймереттердің құрылыс құрылымдарын бұзу және қирату
- •Құрылымдардың жылу сақтағыш қасиеттерін күшейту. Қайта салу кезінде шіруден қорғау
- •Темірбетон құрылымдарды күшейту
- •Қайта жасау кезінде жабын және аражабын плиталарын күшейту
- •Қайта жасау кезінде негізді күшейту
- •Темірбетон құрылымдардың арматурасын тоттанудан қорғау
- •Алынбайтын қорама қалып
Қайта жасау кезінде негізді күшейту
Қайта жасау объектілерін
жобалау кезінде салынғалы жатқан
ғимараттың салынулы ғимараттың шөгуіне
әсерін тексеру керек. Таспалы және
бағаналы іргетас кезінде негіз астындағы
топырақ сығылуының орташа модулі
болып, сонымен қатар, жаңа және салынулы
іргетас арақашықтығы
болса, бұл тексерісті жүргізбесе де
болады. Мұндағы
-
сығылатын топырақ тереңдігі. Бұл шама
ҚНжЕ бойынша анықталады. Егер жаңа
ғимараттың іргетасы тұтас жабыннан
жасалып,
және
болса, салынулы ғимараттың қосымша
шөгуі есептелмейді.
Қайта салынып жатырған ғимараттың салынулы ғимаратқа әсерін жою үшін бөлгіш қабырғалар, консольды іргетастар салып және жаңа іргетастарды ескі іргетастарға қатысты рационалды орналастыру керек. Бұл жағдайда жаңа ғимараттың ескіге әсерін есептеу жүргізілмейді.
Әдетте, жаңа іргетасты салынулы іргетаспен бір белгіде салу тиіс. Жаңа іргетасты салынулы іргетастан төмен деңгейде салу үшін ҚНжЕ-нің ғимараттар мен имараттардың негізін жобалау бөліміндегі шарттарды ескеру қажет. Бұл ережелерді орындау мүмкін болмаса, қазаншұңқырды қазбас бұрын, салынулы іргетастың негізінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шпунт, қада, «топырақтағы қабырға» ретінде қоршаулар жасалуы керек. Сондай-ақ, негіз топырағын бекіту химиялық әдістер (силикаттау, қара маймен майлау), цементтеу және термиялық күйдіру әдістерімен жүргізілуі мүмкін.
Қазылып жатырған аумақта немесе шөгетін топырақта қайта жасау жұмыстарын жасау кезінде жабын және аражабын тақталарының, итарқа құрылымдарының, кранасты арқалықтарының, қабырғалық панельдердің, байланыстардың сенімді тірелуіне және бекітілуіне, сонымен қатар, деформациялық жіктердің дұрыс орындалуына ерекше көңіл аудару керек.
Салынулы іргетасқа жүктеменің артуы кезінде қада және шнунттардан тұратын қоршайтын құрылым жасау ұсынылады. Сонымен бірге, іргетас табанының негізден алшақтауы рұқсат етілмейді.
Әлсіз топырақтарда (қопсыған
құм, аққыштығы
болатын сазды топырақ, балшық, торф және
т.б.) негізді күшейту үшін қада (шпунт)
салған жөн емес.
Күшейтілетін негізді силикаттау
ылғалдылық дәрежесі
-тен
аспайтын шаңды – сазды топырақта,
сонымен қатар, үймелі және құмдақ
топырақта қолданылады. Бұл әдісті
технологиялық процесті тоқтату мүмкін
болмаған жағдайда, сонымен бірге,
авариялық жағдайлар мен негіз бен
іргетасты күшейту жұмыстарының қысылған
шартттарында қолданған тиімді. Мұнай
өнімдері және майлармен қаныққан
топырақтарда негізді силикаттау арқылы
күшейту жүргізілмейді.
Сазды топырақтарда термиялық
әдіс арқылы топырақты күшейту иленгіштік
саны
болып, сонымен бірге, жерасты суларының
деңгейінен жоғары орналасқан жағдайда
қолданған жөн.
Іргетас периметрі бойынша қада немесе шпунттан тұратын қоршау құрылымын орналастырса, негіздің көтергіштік қабілеті артады. Бұл топырақ пен қоршаудың үйкелісі әсерінен болады. Нәтижесінде тік жүктеме топырақтық ядродан қадаға (шпунт) беріледі.
Мұнан басқа, іргетастан тік жүктеменің бір бөлігі қоршау арқылы қададан (шпунт) төмен жатқан топыраққа беріледі. Бұл топырақтың іргетас табаны астындағы топырақтан рұқсат етілген қысымы біршама жоғарырақ. Жұмыс өндірісі шартына сәйкес қоршауды орналастырған кезде қадалар мен күшейтілетін іргетас кесіндісі арасындағы қашықтық минималды болғаны жөн. Қада өстері арасындағы қашықтық топырақтың шөгу кезінде пластикалық күйге өтуі шартынан анықталады.
Қадаларды (шпунт) тұтас
орналастыру кезінде қоршау күштік
ыдыстарды есептеу әдістемесіне парапар
әдістеме бойынша есептеледі. Бүйірлік
қысым коэффициенті
тереңдіктен тәуелсіз бір топырақ үшін
тұрақты мәнмен алынады
.
1-сурет. Негізді қоршау қадаларымен күшейту. 1 – ұстын; 2 – іргетас; 3 – байлағыш арқалық; 4 – күшейткіш қадалар.
Дара қадамен күшейту кезінде ҚНжЕ ұсыныстарына сай көлденең жүктемеге тексеру керек. Бұл жағдайда қадалар идеал серпімді етіп алынады. Ал топырақ, тереңдігі бойынша артатын, төсеме коэффициенті бар винклерлік негізбен идеалданады. Күшейтілетін негіздің көтергіш қабілеті қоршағыш құрылымға түсетін максимал көлденең жүктемемен анықталады.
Негізді контурлық қоршаумен күшейткен кезде қоршау үстіне байлағыш арқалықты орналастырған жөн. Бұл қада жылжуын және ұзындығы бойынша иілу моментін азайтады. Нәтижесінде күшету қабілеті біршама артады.
14 дәріс