Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реконс.лек.на казdoc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

2.Өнеркәсіптік үймерттерді қайта қалпына келтірудің техникалық жабдықтаудың жалпы принциптері

Өнеркәсіптік құрылысты қайта салудың мақсаты:

  • кәсіпорынды ұлғайту – бар кәсіпорын территориясына қосымша өндірістерді ұйымдастыру;

  • бар цехтарды қайтадан жабдықтау (жаңа құралдармен қамтамасыз ету мақсатында);

  • техникалық жабдықтау – жаңа техника және технология енгізу есебінде өндірістік қуатты күшейту.

Өнеркәсіптік үймереттердің конструкцияларының бұзылыуы мен физикалық тозуы келесі негізгі белгілер бойынша жіктеледі: оларды туғызатын; конструкцияларды бұзатын тоттану процесінің механизмі; бұзылудың салдары және үймеретті қалпына келтірудің еңбек сыйымдылығы.

Үймереттің маральды тозуы екі түрде болады: уақыт өте алғашқы құнының түсіп кетуі. Ескі ғимараттардың көпшілігін жобалауда өндірісті ұтымды ұйымдастыру дұрыс жүргізілмейді және еңбектің ыңғайлы жағдайы жасалмайды.

Дәрежелі мен негізгі өндірістік қорларды жаңарту шамасы қайта салынатын, пайдаланып тұрған кәсіпорындарды үш типке бөледі:

I тип: Ескіні ауыстыру және жаңа жабдықтарды енгізу; кәсіпорындардың технологияның процессіндегі жіңішке орындарды жою; бар ғимараттар мен үймереттерді қайта құру;

II тип: Ескі ғимараттар мен үймереттерді күрделі жөндеуден өткізу; көптеген жағдайларда цех және оның корпустары конструктивтік шешімдері бойынша морально тозғандарын іске жарамсыз етеді;

III тип: Үймереттер мен ғимараттар орналасқан территорияларға шама келгенше жаңа үймереттер тұрғызу.

Қарастырылу сипатына қарай қайта салу нәтижесінің міндеттерін келесідегідей бөлеміз:

  1. Негізінен өндірістік процесстерді ретке келтіруге бағытталған, ұйымдастыру – техниканың деңгейін неғұрлым өркендетуді қадағалайтын қайта салу құрылысы.

  2. Шығарылатын өнімнің өндірісін жаңа технологиямен шығаруға бағытталған қайта салу құрылысы.

  3. Күрделі әлеуметтік нәтижелердің және қайта қалпына келтірілген кәсіпорындар, тіпті аудан, қала және жалпы қоғамдағы жетістіктерін ескеретін қайта салу құрылысы.

Аралас жүретін құрылыс – жинақтау жұмыстары сипатына қарай қайта салу құрылысы өндірісті еш тоқтаусыз, бөліктеп немесе өндірісті толық тоқтату арқылы жүргізіледі.

Қайта салу нәтижесінде: кәсіпорынның өндіріс қуаты күшейеді: шығарылытын өнімнің наменклатурасы мен түрінің өзгеруі және сапасының жоғарылауы ; өндірудің және еңбек жағдайының көтерілуі; өндірістің материал сыйымдылығының төмендеуі; қоршаған ортаға қорғауға қойылатын талаптардың жоғарылауы керек.

3 дәріс

Үймереттер мен ғимараттардың қайта салу технологиясы және ұйымдастыруы

Ұйымдастыру туралы жалпы түсінік

Қолданыстағы үймереттерді қайта салудың комплексті сипаты оның түрлері бойынша жіктелуіне ерекше мән береді. Қайта жасаудың түрлерін мына белгілері бойынша жіктеуге болады: өндіріс қорларын жаңарту коэффициенті; құрылыстың – жинақтау жұмыстарының сипаты; Қ.Ж.Ж тығыз уақытта орындалуы: қайта салынатын үйлерді конструктивті ерекшеліктері; ҚЖЖ щығындалуының шектелуі; техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың деңгейі; ҚЖЖ үймереттері салу жұмыстарымен аралас орындары: өндірістік қорларды жаңарту коэффициент бойынша қайта салуды бөледі:

  • Үлкен ( К>0.40 ), - орта ( 0.20 <K<0.40 )

  • Кіші ( K>0.20 ). Өндірістік қорды жаңарту коэф. Негізгі қорға қайта енгізілген құнының үй меретті қайта салғаннан кейінгі негізгі қордың жалпы суммасына қатынасына тең.

  • Жұмыстың тығыз орындау дәрежесі бойынша келесі жағдайда орындалады : тығыз емес, тығыздалуы аз, тығыз, өте тығыз.

Қайта салынатын үймереттердің конструктивті ерекшелектері бойынша өнеркәсіптік конструкцияларды мүмкіндігінше қолданып жасалатын қайта салу түрі; өнеркәсіптік конструкциялардың қолданбай – ақ жасалатын қайта салу.

Ішкі және цехтан тыс жасалатын жұмыс көпшілігінің қатынасы бойынша қайта салу цех ішіндегі жұмыстардың басымдылығымен; цехтан тыс жұмыстардың басымдылығымен.

Қайта салу техника қауіпсіздігі деңгейі бойынша жаңа құрылыста қарастырылатын арнайы талаптар арқылы; күшейтілген талаптар арқылы жасалады.

Құрылыстық – жинақтау жұмыстарының орындалу сипатына қарай қайта салуды бөледі: көлемдік – жоспарлау шешемдерін ешбір өзгеріссіз; салмақ түсетін конструкцияларды ауыстырумен немесе күшейтумен; әлде еш өзгеріссіз; механизацияны қолдану мүмкіндігімен; қол жұмыстарының көлемді қолдануымен; үймеретті неғұралым бұзуда аз көлемді жұмыстардың орындалуымен;

Құрылыстық – жинақтау жұмыстарының бірігуі сипатына қарай қайта салу; өндірісті тоқтатпай жүргізілуі; кезектеп тоқтатылуы арқылы; жұмысты толық тоқтатуымен.

Қайта салу түрлерінің жіктелуі басқа да белгілерді көруге болады. Мысалы, үймереттің негізгі қорларының жаңартуын күшеюі мен дәрежесіне қарай, қайта салуға қойылған мақсат, міндеттердің сипатына қарай.

Өндірістің инженерлік дайындылығы құрылыс аланыңда негізгі өндірістік процесстердің басталуына дейін орындалатын ұйымдастыру, техниканың, технологияның және жоспарлы – экономиканың сипаттарының өзара байланысқан дайындық шараларының жиынтығы.

Өндірістің инженерлік дайындық процессін екі кезеңдерге бөледі: ұйымдастыру және алдын ала дайындық.

Ұйымдастыру кезеңінде бас жобалаушы, сұраныс беруші және басмердігерлік құрылыс ұйымы техникалық - ұйымдастыру шараларын орындайды.

Басмердігер ұйымдастыру кезеңінде қайта салуды ұйымдастыру жобаларын өңдейді.

Жобада қабылданатын барлық техника – ұйымдастыру мәселелерін мердігер сұраныс берушімен ақылдаса отырып, қажет етсе қосымша мердігер ұйымдарына жүгінеді.

Осы мезгілде сұраныс жасаушы келесі міндеттерді шешеді:

  • Бас мердігерге өңделген жобалау – сметаны құжаттарды ұсынылған ережелер бойынша келістіріп, бекіттіріп береді;

  • Қаржы қорын ашады және басмердігермен объектіні қайта салу үшін келісім шартқа отырады;

  • Қорлар материалдар мен қажет жабдықтарға сқраныс жасайды;

  • Конструкция, бұйым және жабдықтарға сұраныс беру үшін басмердігерге спецификация береді;

  • Жұмыс фронтының жеткізілу кезектілігін шешу үшін құрылыс алаңын электроэнергия, жылу газымен және т.б. қамтамасыз ету үшін.

Басмердігерлік құрылыс ұйымдары бұл кезеңде:

  • Қосымша мердігерлер мен арнайы ұйымдастырушылар құрамын аңықтайды;

  • Сұраныс берушіден жобалау – сметаның құжаттарды игереді;

  • Орындаушылар мен қосымша мердігерлерге сұранысты дайындауға, қажет құрылымдарды, бұйымдар мен материалдарды жеткізу мен жинақтауға береді.

  • Өндіріс жұмысының күнтізбелік жоспарын дайындайды және қайта салу үшін материалды – техниканың және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етеді.

  • Негізгі құрылыс – жинақтау жұмыстарының өндірістік жобаларын өңдеп, келістіріп бекітеді.

Дайындық кезеніңде құрылыс алаңы мен құрылыстық – жинақтау жұмыстарының қайта салынатын учаскелерінің өндіріске дайындығына байланысты жасалатын шаралар мен жұмыстар орындалады.

Бұл кезеңнің мақсаты: ҚЖЖ орындалуға арналған қажетті техниканың, технологияның, және ұйымдастыру жағдайлары жасалады.

Дайыдық жұмыстарының атқарылатын орны бойынша сыртқы ауданы және ішкі ауданы бойынша жұмыстар деп екіге бөледі: ( үйді бұзу, инженерлік жүйелерді өшіру, бұзу және ауыстыру, өткелдер құрылысы, уақытша үй мереттерді орналастыру)

Сыртқы аудан бойынша жасалатын дайындық жұмысы үймерет территориялынан тыс аймақтарда болады және теміржол жолдары мен автокөлік жолдары құрылысыл, жерасты қатынас жолдары магистралдарын төсеуді, электроөткел сымдарын және т.б. қамтиды.

Ішкі аудан бойынша жасалатын дайындық жұмысы үймерет территориясында болады және цех ішінде; цехтан тыс болып бөлінеді.

Жұмыс өндірісінің жобасында “ Дайындық жұмыстарының өндірісі” деген үлкен бөлім бар. Мұнда жұмыстың орны, жүйелілігі, орындалу спецификасы яғни инженерлік жүйелер мен жол қатынастары; уақытша қорғаныс жобалары құрылыстың жұмыс сызбалары, қажет етсе үймереттер мен ғимараттарды бұзуға жобалау жұмыстарының өндірісі құрастырылады.

4,5 дәріс