Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
реконс.лек.на казdoc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.44 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

Басылым: үшінші

1, 2 дәріс

Ғимараттар мен үймереттерді қайта қалпына келтіру және жаңартуды ұйымдастырудың жалпы принциптері.

  1. Жалпы түсінік.

  2. Өнеркәсіптік үймерттерді қайта қалпына келтірудің техникалық жабдықтаудың жалпы принциптері.

1.Жалпы түсінік.

Қалпына келтірілетін ең көлемді обьектілерге ірі қалалардағы тұрғын қорының неғұрлым бөлігін құрайтын, 50-100 жыл пайдаланылған тұрғын үймереттер жатады. Бұлардың көпшілігі келешекте пайдаланылатын техникалық жағдайы бойынша күрделі көпқабатты құрылысты қажет етеді.

Қайта салудың мақсаты үймереттің функционалдық, конструктивтік және эстетикалық қасиеттерін нығайту немесе өзгерту болып табылады.

Тұрғын құрылыстарын қайта қалпына келтірудің әлеуметтік және қала салу міндеттері жан-жакты ескеріліп, экономикалық және техникалық тиімділігі қарастырылады.

Қайта қалпына келтірудің әлеуметтік міндеті құрылысты түп-тамырымен және тұрғын қорларының жоспарлау құрылымын жаңарту болып табылады. Бұл міндет ескі және жаңа қала аудандардағы тұрғындар өмірін заманауи және перспективті талаптармен қамтамасыз ете отырып жақсартуды және біртіндеп теңестіреді.

Қайта қалпына келтірудің қала салу міндеті қаланың жоспарлау құрылымын жақсарту, құрылыстың сәулеттік сапасын күшейту, магистральды көшелер, аудандар, транспорт және жаяу жол байланыстары жүйелерін жаңарту, сонымен қатар инженерлік жабдықтар мен коммуналдық шаруашылық жүйелерін қалыптастыру болып табылады.

Тұрғын үйлерді қайта жасау кезінде екі маңызды міндет іске асырылады: бар тұрғын қорын сақтап қалу және оның пайдалану саласын нығайту. Бірінші міндет техникалық пайдалану қағидаларын бұзбау және кезекті жөндеу жұмыстарымен байқау, екіншісі тұрғын қорларын қайта салу.

Техникалық пайдалану процесі кезінде жылына екі рет көктем және күз мезгілінде байқау жұмысы жүргізіледі.

Көктемдегі байқау (қар ерігеннен кейін )үймереттер мен территорияның техникалық жағдайдан тексереді. Яғни келесі қыс мерзіміне дейін күнделікті және күрделі жөндеулер бойынша туындайтын жұмыс көлемін құрастырады

Күзгі байқау-жылыту маусымына дейін жазғы жұмыстардың орындалуын, және үймереттің қысқа дайындығын тексеру үшін жүргізіледі.

Күнделікті жөндеу-үймереттің кейбір бөлімдерін және олардың жабдықтарын уақытынан бұрын істен шыгып қалмас үшін, с/қатар бұзылған және жөндеуге жарамсыз ұсақ бөлшектерін сақтап қалу үшін жасалады. Күнделікті жөндеу: профилактикалық және күтпеген жөндеулерге бөлінеді. Профилактикалық дегеніміз (алдын ала ескертілген жоспардағы жұмысы) әрбір үймеретке 3 жылда бір жасалады. Күтпеген жөндеу дегеніміз (апатқа ұшыраған-аврийный) күтпеген жерде пайда болған жарамсыз үймереттерді жылдамырақ жою болып табылады.

Профилактикалық күнделікті жөндеу- техникалық пайдаланудың негізгі болып табылады. Мұндай жөндеуге қаржылық 75-80% жоспарланады, қалғаны күтпеген жөндеулерге жұмсалады.

Құрылымдар (конструкциялар) пайдаланылу процесінде физикалық және моральды тозады.

Физикалық тозу дегеніміз- бұл өзінің алғашқы техникалық қасиетін табиғи факторлардың әсерінен жоғалтып алуы.

Үймереттің не оның жеке бөлшектерінің физикалық тозуы соғылу кезінде қолданылған материалдың физика–техникалық қасиеттеріне, құрылымдардың геометриялық өлшемдері мен сипаттамаларына, үймереттің орналасқан орнына, пайдалану жағдайы мен басқа да факторларына байланысты болады.

Практикада байқағандай пайдалану дұрыс болса үймерет құрылымдары физика-техникалық қасиеттерін ұзаққа сақтай алады.

Үймереттің моральді тозуы техникалық ! функционалдық немесе технологиялық бағыттарына сәйкес келмеуінен туындайды.

Моральды тозу физикалық тозудан бұрын болады.

Тұрған үймереттердің моральды тозуының белгілері: пәтерлердің жобалануы қазіргі талаптар мен нормаларға сай болмауы (бір пәтерде бірнеше жанұя тұрса, өтпелі және қараңғы бөлмелер болса); үйдің инженерлік жабдықтары қазіргі талаптар мен нормаларға сай келмеуі ; кварталдардың тығыз салынуы және көгалдандыру мен көркейтудің кемшіліктері.

Күрделі жөндеу (капитальный) - бұл құрылымдардың (конструкция) жеке бөліктерінің тозуы мен бұзылуына байланысты ауыстырылуы немесе қалпына келтірілуі. Ол комплексті, таңдамалы болып бөлінеді.

Комплексті күрделі жөндеу- үймереттің физикалық және моральды тозуын жояды. Пәтерді жаңа құрылыс бойынша қазіргі талаптарға сай көркейту, инженерлік жабдықтарға дейін қайтадан жобалау (переплонировка), яғни көркейтуді жаңғыратын (модернизациялау) және нығайтатын күрделі жөндеу болып табылады.

Тұрғын үйдің көркеюін нығайту- инженерлік жабдықтарды жаңа деңгейде жөндеуден өткізу; ванна құрылысы, ыстық сумен жабдықтау, үйдің шартымен жабдықтау т.с.с.

Таңдамалы күрделі жөндеу- физикалық тозуды құртады. Яғни дара инженерлік жабдықтарды, ешбір қайта жобалаусыз мүмкіндігінше көркейту, жаңарту.

Сөйтіп, тұрғын үйді кайта салу- бұл сыртқы мөлшерінің немесе күйінің (положения) өзгеруін немесе оның жеке бөлігін ғана өзгерту үшін (барлық үйді қайта жобдықтау, әлде тек бірінші қабатты қоғамдық үймеретке және мекемелерге беру) жасалатын қайта құрылыс (переустройства).