
- •Қоғамдық ұйымдар және олардың түрлері
- •Қоғамдық бірлестіктерді құру тәртібі және олардың құқықтық мәртебесі
- •Саяси партиялар құрудың тәртібі
- •Діни бірлестіктердің кұқықтық жағдайларының негіздері
- •Кіші декандар
- •Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамында Республикалық деңгейде жұмыс атқаратын жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері жұмыс атқарады
Кіші декандар
Кіші декандар Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Кіші декандар институттағы әр факультет студенттерінің құқығының қорғалып, тәрбиелік іс – шаралардың атқарылуына үлес қосады.
Кіші декандардың негізгі қызметтері • Кіші деканаттың жұмысына жауап беру; • Жүйелі түрде есеп беру; • Қоғамдық өмірге белсене араласып, студенттерді белсенділікке шақыру; • Студенттерді институттың нормативті құжаттарымен жүйелі түрде таныстырып отыру;
Азильханова Алуа - Педагогика - психология факультетінің кіші деканы. Иманғалиева Тоғжан- Физика математика факультетінің кіші деканы. Камзанова Жайнар - Қазақ филология факультетінің кіші деканы. Жаппар Асемгуль - Жаратылыстану факультетінің кіші деканы. Аманғали Халисан - Тарих-филология факультетінің кіші деканы.
Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамында Республикалық деңгейде жұмыс атқаратын жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері жұмыс атқарады
Студенттік кәсіподақ ұйымы
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты
«Қазақстан студенттер Альянсы»
«Жатақхана студенттік кеңесі»
«Парасат» дебат клубы
«Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымы»
«Баспасөз клубы»
«Серілер» КВН командасы«
«Студенттік құрылыс және еңбек отрядтары»
Студенттік кәсіподақ ұйымы
Студенттік кәсіподақ ұйымы 2008 жылдың 28 қарашасында құрылып ресми тіркелген. Жастар ісі жөніндегі комитеттің «Студенттік кәсіподақ ұйымының» төрайымы – Смагулова Ардақ. Студенттердің қоғамдық-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында құрылған ерікті студенттер ұйымы. Кәсіподақ ұйымы өзінің іс әрекеттерін ҚР-ның Конституциясы, заңдары, Ғылым және Білім қызметкерлерінің ережесіне сәйкес жұмысын іске асырып отыр. Ұйым құрамы төрайым, орынбасар, қазынашы және әр факультет өкілдері мен ревизиялық комиссиядан тұрады.
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты
Акабаева Мадина - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы. Жас Отан-ның Негізгі мақсаты: мықты да, беделді көш бастайтын жастардың саяси ұйымын құру.Хатшының екі орынбасары, және ұйым мүшелерінен тұрады.
«Қазақстан студенттер Альянсы»
Кабдуллина Асем - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Қазақстан студенттер Альянсы» көшбасшысы, студенттік омбуцмен. ҚСА негізгі мақсаттары студенттер мен жастардың құқықтарын қорғап, олардың қоғамдық-экономикалық мәселелерінің шешілуін қаматамасыз ететін бірден бір ұйым.
«Жатақхана кеңесінің»
Садыкова Айдана – жастар ісі жөніндегі комитеттің «Жатақхана кеңесінің» төрайымы. Ұйымның құрылымында төрайымның орынбасары, әр қабаттың старосталары және хатшы бар. Негізгі мақсаттары студенттердің күнделікті өмірінде кездесетін кикілжіңдерін шешу, жатақханадағы тәртіптің сақталуын, қабаттағы заттарға ұқыпты қарап, санитарлық талапқа сай тазалықтың сақталуын кадағалау.
«Парасат» дебат клубы
Нұрымханова
Еңлік –
жастар ісі жөніндегі комитеттің «Парасат»
дебат клубының координаторы.
«Парасат» дебат клубы студенттерді
төзімділікке, көшбасшылық, ораторлық
қабілетін шыңдауға баулитын ерікті
қоғамдық ұйымдардың бірі. Дебат клубының
мақсаты жаңашыл, талантты студенттермен
жұмыс жасау. Сонымен қатар Ұйымның
құрамында орыс дебат клубының координаторы
және пікір-сайысшылар. Айта кететін
жайт СМПИ-ның Парасат дебат клубы
қалалық, аудандық, Республикалық тіпті
халықаралық турнирлердің жеңімпаздары.
«Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымы»
Советхан Саяхат - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымының» төрағасы. СҚК әрбір шарада олар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шара барысында тыныштықтың сақталуын да қадағалайды. Сонымен қатар барлық ұйымдармен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды.
«Баспасөз клубы»
Дүйсенбекова Айдана - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Баспасөз клубының» төрайымы. Жастар ісі жөніндегі комитетіндегі атқарылып жатқан шараларды қалалық баспасөз беттеріне, сонымен қатар институт сайтына мақала жазу арқылы студенттерді ғана емес, қоғамды Семей мемлекеттік педагогикалық институтының шаңырағында ұйымдастырылып жатқан шаралармен таныстырып отыратын – Баспасөз клубы жұмыс атқарады. Клубтың құрамында 8 меншікті тілші жұмыс атқарады.
«Серілер» КВН командасы
Алтыбаев
Мейіржан -
жастар ісі жөніндегі комитеттің КТК
(КВН) лигасының президенті, «Серілер»
командасының капитаны. Семей мемлекеттік
педагогикалық институтының КТК лигасы
орыс және қазақ лигасынан тұрады. КТК
лигасының мақсаты шығармашыл, орынды
әзілімен көзге түскен студенттермен
жұмыс атқару. Институттың «Серілер»
КТК командасы Республикалық ойындарының
жүлделі ойындарының иегерлері.
«Студенттердің
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымының»
Мухамадиева Гульмира - «Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымының» командиры студенттердің демалыс уақытында қоғамға да, өзіне де пайдалы іспен айналысуға шақыратын ерікті студенттер ұйымы. Мақсаты екінші дәрежелі жұмыспен қамти отыра, еңбекқорлыққа, қоғаммен жұмыс жасауға баулу.
Сәлеметсізбе құрметті респондент. Біз сіздерден «Қоғамдық ұйымдар» тақырыбына жасаған кішігірім зерттеу жұмысымызға қатысты сауалнама сұрақтарына жауап бергендеріңізді сұраймыз.
Қатысқаныңызға рахмет! Сауалнама сұрақтарына көшсек.
Қоғамдық ұйым құрамында барсыз ба?
Иә
Жоқ
Қандай қоғамдық ұйым мүшесісіз?
Жастар ісі жөніндегі комитеті
Қазақстан студенттер Альянсы
"Жас Отан" жастар қанаты
Жасыл Ел
"Парасат" дебат клубы
Туған қалам Семейім
_________________________________
Қоғамдық ұйымға қандай мақсатпен кірдіңіз?
Өзімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін
Көп адаммен араласқанды жақсы көрем
Белсенді студенттер қатарында болу үшін
_________________________________
Қоғамдық ұйымның жұмысына қанағаттанасызба?
Иә
Жоқ
Қоғамдық ұйым құрамында болғаныңыз дұрыс деп санайсызба?
Иә
Жоқ
Сіздің ойыңызша қоғамдық ұйымдардың пайдасы барма?
Иә
Жоқ
Қоғамдық ұйымнан жеке тұлға ретінде не аласыз?
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сауалнама жүргізген СМПИ ФМФ 1-ші курс студенттері
Тасқали Әсемжан және Сағидолла Ляззат.
Біз өзіміздің дайындаған сауалнамамыздың қорытындысын айталық. Отыз балаға сауалнама сұрақтары беріліп, жауаптары алынды. 30 баланың 27-сі қоғамдық ұйымдар құрамында тіркелсе, 3-еуі ғана қоғамдық ұйымдар құрамында жоқ екен.
Енді әрбір сұрақты пайызбен қорытындыласақ:
«Қоғамдық ұйымдар құрамында барсыз ба?» деген сұраққа
Иә 90
Жоқ 10
«Қандай қоғамдық ұйым мүшесісіз?» деген сауалға 90 Иә жауабының
Жастар ісі жөніндегі комитеті – 16,7
Қазақстан студенттер Альянсы – 6,7
"Жас Отан" жастар қанаты – 20
Жасыл Ел – 3,3
"Парасат" дебат клубы – 13,3
Туған қалам Семейім – 6,7
Өзге қоғамдық ұйымдар құрамында – 23,3
Олардың арасында Кәсіп Одақ ұйымының құрамында 6,6. Ал қалған респонденттердің ішінде 2 қоғамдық ұйымның мүшелері де бар. Бұл қуантатын жағдай. Ол 16,7 құрайды.
«Қоғамдық ұйымға қандай мақсатпен кірдіңіз?» деген сұрақтың
Өзімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін – 30
Көп адаммен араласқанды жақсы көрем – 13,3
Белсенді студенттер қатарында болу үшін – 16,7
Өзге жауап берген респондент – 6,7
Ал қалғандары 2 жауапты бірдей таңдаған – 23,3
«Қоғамдық ұйымның жұмысына қанағаттанасызба?»
«Қоғамдық ұйым құрамында болғаныңыз дұрыс деп санайсызба?»
«Сіздің ойыңызша қоғамдық ұйымдардың пайдасы барма?» деген сауалдардың барлығына Иә деген жауап таңдалды.
«Қоғамдық ұйымнан жеке тұлға ретінде не аласыз?» деген сұраққа Өзімді жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін – 26,6
Тәжірибе жинаймын – 10
Болашақ мамандығыма көмегі көп – 6,7
Көп адаммен араласқанды жақсы көрем – 10
Саяси біліктілігімді дамытамын – 6,7
Белсенді студенттер қатарында болу үшін – 6,7
Мейірділік пен адамгершілік қасиеттері – 6,7
Рухани, мәдени әсер аламын – 6,7
Ораторлық қабілетімді дамытамын – 3,3
Қанағат тұтамын – 3,3
Пайдалы және қызықты уақыт өткіземін – 3,3 деп жауап берілді.
Қорыта келе қоғамдық бірлестіктердің белгілі бір құрылымы және өзін-өзі басқару жүйесі бар деген ой түйдік. Сонымен, қоғамдық бірлестіктер дегеніміз—азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, қоғамдық қызметін дамытуға, олардың сан қилы мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесетін беймемлекеттік ерікті бірлестіктер. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекетгік органдардан негізгі айырмашылығы, оларда мемлекеттік-биліктік өкілеттік жоқ. Қоғамдық бірлестіктердің көптеген түрлері болады. Біздің түйген ойымыз қоғамдық ұйымдар қоғамдық өмірдің әрбір саласында күрделі мәселелерді шешуге зор үлес қосуда.