Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
когамдык уйымдар.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
192 Кб
Скачать
☆

Діни бірлестіктердің кұқықтық жағдайларының негіздері

Республикамызда "Дін тұту еркіндігі және діни бірлестіктер туралы" Заң қабылданды. Діни бірлестіктер әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Алайда олар мемлекеттен бөлінген және мемлекет басқаруға катыспайды, бірақ мемлекет олардың түрлерін, құрылу тәртібін, қызмет режімін айқындайды, құқықтары мен міндеттерін белгілейді, олардың қызметіне, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерінің корғалуына бақылау жасайды. Діни бірлестіктер — бұл дінге сенуші азаматтардың діни кажеттіліктерін және өзге де дінге байланысты қызметтің талаптарын қанағаттандыру үшін құрылған ерікті құрылымдар. Діни бірлестіктердің түрлеріне — қауымдастықтар, шіркеулер, маңызды міндеттер, бауырластықтар, діни оқу орындары және т.б. жатады. Діни бірлестіктер мемлекет істеріне араласа алмайды және мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатыспайды. Олар қоғамның әлеуметтік-мәдени өміріне араласа алады және заңға сәйкес Құдайға құлшылык ету, митингілер мен шерулер өткізу сияқты түрлі шаралар өткізе алады. Діни бірлестіктердің міндеті Конституцияны және Қазақстан Республикасының өзге де заң шығарушылық актілерін сақтау, азаматтар мен басқа да ұйымдардың мүдделеріне нұксан келтірмеу болып табылады. Діни бірлестіктер құқықка қарсы іс-әрекеттер жасай қалған жағдайда, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Діни бірлестіктер құру үшін жиналыс шақыратын саны оннан кем емес кәмелетке толған азаматтардың ерік білдіруі қажет. Жиналыста жарғы қабылданады, ол жарғыны тіркеу жөніндегі өтінішпен бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе аумақтық заң органдарында тіркелуі тиіс. Сонымен, қоғамдық бірлестіктер дегеніміз—азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, қоғамдық қызметін дамытуға, олардың сан қилы мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесетін беймемлекеттік ерікті бірлестіктер. Қоғамдық бірлестіктердің мемлекетгік органдардан негізгі айырмашылығы, оларда мемлекеттік-биліктік өкілеттік жоқ. Қоғамдық бірлестіктердің көптеген түрлері болады.

Қоғамдық ұйымдар белгілі бір ортаға байланысты қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін шешуде белсене ат салысып, қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында құрылатын ұйым деп санаймыз.

Соған дәлел ретінде Семей  мемлекеттік педагогикалық институты студенттерінің өзін өзі басқару жүйесініің құрамдас бөлігі ретінде қалыптасқан Жастар ісі жөніндегі комитетін атап өтуге болады.

Осы комитет туралы біраз анықтама бере кетсек:

Жастар ісі жөніндегі комитет қызметтері: 1. Жастар саясатын қолдап, жүзеге асырудың жолдарын қарастыру 2. Институтта, факультетте, топта білім беру мен тәрбие процессінің жүйелі түрде жүзеге асуын, студенттер ұжымында шығармашылықтың қалыптасуын 3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 4. Бағыт бойынша байқаулар мен сайыстар ұйымдастыру 5. Институттағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын қадағалау, жастар мәселесінің уақытылы шешу Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрылымы:

М алгаждаров Мирас - жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Алдымен комитетті басқарудағы барлық әрекеттерді жүзеге асырып, жұмысының атқарылуын қадағалайды. Комитет жиналыса дауыс беру арқылы үміткер таңдалып, әлеуметтік  мәселелер және тәрбие ісі жөніндегі проректорымен төрайым бекітіліп, бір жыл шамасында жұмыс атқарады.

 

 

Еркинбаева Альмира - жастар ісі жөніндегі комитеттің қоғамдық ұйымдар жұмысын қадағалау жөніндегі төрағаның І-ші орынбасары. Ұйым жұмыстарына бағыт бағдар беріп, институттағы жастар ұйымдары мен ұжымдар жұмысын бір арнаға салып, оларды ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Абдрашева Гаухар - жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасының кіші декандар ісін басқару жөніндегі ІІ-ші орынбасары. Оның негізгі қызметіне кіші декандарға көмек беріп, олардың жоспарларының жүзеге асуын ұйымдастыру.

Парменова Ажар - жастар ісі жөніндегі комитеттің хатшысы. Комитет мүшелерін ақпаратпен қамтылуды қамтамасыз етеді.

Мақсымбаев Мадияр – жастар ісі жөніндегі комитеттің IT менеджер. Барлық шаралардың безендірілуі мен слайд-презентацияларды дайындаумен айналысады. Кез келген шараның қайталанбас етіп әзірленуін, жан-жақты қамтамассыз ететін, Жастар ісі жөніндегі комитетінің мүшесі.

Өкенова Назым - жастар ісі жөніндегі комитеттің хатшысы