
- •Қоғамдық ұйымдар және олардың түрлері
- •Қоғамдық бірлестіктерді құру тәртібі және олардың құқықтық мәртебесі
- •Саяси партиялар құрудың тәртібі
- •Діни бірлестіктердің кұқықтық жағдайларының негіздері
- •Кіші декандар
- •Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамында Республикалық деңгейде жұмыс атқаратын жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері жұмыс атқарады
Жоспар:
Кіріспе
Қоғамдық ұйымдар
Сауалнама
Қорытынды
Қоғамдық ұйымдар және олардың түрлері
Қоғамдық ұйымдар, яғни азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті бірлестіктер, әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірігуге құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген. Қоғамдық бірлестіктердің билік өкілеттігі жоқ, мемлекеттік органдардан айырмашылығы сонда. Оларға мүше болудың еріктілігі қоғамдық бірлестіктердің өзі белгілейтін тәртіп пен талаптарға бағынады. Қоғамдық бірлестіктер коммерциялық ұйымдар болып табылмайды. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңына сәйкес заңнамаға қайшы келмейтін, олардың ортак мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрылған партиялар, кәсіподақтар және өзге де азаматтардың бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады.
Қоғамдық бірлестіктерді құру тәртібі және олардың құқықтық мәртебесі
Қоғамдық бірлестіктердің көбісін құру үлгісін ең кем дегенде 10 кәмелетке толған азаматтардың ерік білдіруі кажет. Қоғамдық бірлестіктерді құру туралы шешім съезде, конференцияда немесе жалпы жиналыста қабылданады және оларда жарғы қабылданады. Қоғамдық бірлестік міндетті түрде әділет органдарында тіркелуі керек. Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабына сәйкес мақсаты немесе іс-әрекеті Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың кызметіне, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей, мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер жұмысына заңсыз араласуына жол берілмейді. Қоғамдық бірлестіктердің белгілі бір құрылымы және өзін-өзі басқару жүйесі бар. Олар өздері өкілі болып табылатын қоғамдық ұйымдар атынан сөйлейді, кабылданған және тіркелген жарғылар мен ережелер негізінде әрекет етеді. Қоғамдық ұйымдар кабылдайтын шешімдердің биліктік сипаты жоқ және міндеттілік күші де болмайды, олар осы ұйым шегінде ғана қолданылады. Қоғамдық бірлестіктер заңға қарсы іс-әрекеттер жасаған жағдайда өкімшілік жауапкершіліққе тартылуы мүмкін. Қоғамдық бірлестіктердін мынадай түрлері болады:
саяси партиялар;
қоғамдық қозғалыстар;
кәсіподақтар;
әйелдер ұйымы;
мүгедектер ұйымы;
шығармашылық одақтар, т.б.
Саяси партиялар құрудың тәртібі
2002 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасының "Саяси партиялар туралы" Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының азаматтарының, азаматтардың әр түрлі өлеуметтік топтарының аткарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы өз мүдделерін өткізу мақсатындағы және оны құруға қатысуы арқылы өздерінің саяси еркін білдіруге бағытталған ерікті бірлестіктері — саяси партиялар деп танылады. Саяси партиялардың халықтың атынан сөз сөйлеуге құқығы жоқ. Мемлекеттің саяси партиялардың ісіне заңсыз араласуына, саяси партиялардың мемлекет ісіне араласуына жол берілмейді. Сондай-ақ саяси партияларға мемлекеттік органдардың кызметін тапсыруға жол берілмейді. Азаматтардан кез келген нысанда, соның ішінде ресми құжаттарда қандай да бір партияға төуелділігін көрсетуді талап етуге тыйым салынады. Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлердің саяси партияларда ақы төленетін лауазымдық қызмет атқаруга кұкығы жоқ. Тұрақты әрекет ететін саяси партиялардың органдарында жұмыс істейтін тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, өлеуметтік корғау және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамалары қолданылады. Саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымы аумақтық қагидаттарга сай құрылады. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызмет етуіне жол берілмейді. Саяси партиялар саны жағынан бір мың адамнан астам мүшеден құралатын, саяси партияның құрылтай съезі (конференциясын) шақыратын, республиканың, облыстарының, республикалык маңызы бар калаларының, астананың үштен екісін қамтитын Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралатын топтардың бастамасымен құрылады. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырады. Саяси партияны мемлекеттік тіркеу үшін партияның құрамында кем дегенде елу мың мүшесі, облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы (филиалдары мен өкілдіктері) құрылымдық бөлімшелерінің өркайсысында кем дегенде саны жағынан жеті жүзден астам мүшесі болуы қажет. Қазақстан Республикасында бірқатар партиялар әрекет етеді. Олар: "Отан", "Асар", "Азаматтық партия", "Коммунистік партия", "Аграрлық партия", "Демократиялық партия" және т.б.