Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ЖБ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
109.72 Кб
Скачать

1.8 Глоссарий

Менеджмент – ұйымды, яғни адамдарды басқару.

Менеджер - кәсіби басқарушы, ұйымдастырушы.

Басқару, бұл – ұжымға және жеке адамдарға, олардың жүмыс процесіне мақсатты, жүйелі ықпал ету

Топ менеджмент – ұйымның жоғары деңгейіндегі басшылар.

Мидле менеджмент – басқарушылық деңгейдегі бөлімшелер мен функционалдық қызмет басшылары.

Ловер менеджмент – басқару құрылымындағы төменгі буын басшылары.

Жүйе – тұтастық құрылымын құрайтын, белгілі жоспарға немесе схемаға сәйкес реттеліп орналасқан тұтастық.

Жүйе тармақтары – дербес жұмыс істейтін, бірақ басқа бөлімдермен байланысы бар элементтер жиынтығы.

Басқару құрылымы - ұйымның басқару аппаратының өзара тікелей және көлденең байланысы.

Басқару деңгейлері – ұйым бөлімшелерінің немесе бақару құрылымының тікелей еңбек бөлінісі арқылы байланысы (бұл жағдайда басшылардың лауазымы, жауапкершілігі, әртүрлі).

Ресми ұйым – заң бойынша тіркелген, өзінің мөрі , банкте есеп шоты бар ұйымдар.

Бейресми ұйым – заңмен тіркелмеген, адамдардың мақсаттары мен ынталарының үйлесімділігі арқылы ұйымдасуы.

Тікелей еңбек бөлінісі – ұйым бөлімшелерінің немесе қызметкерлердің деңгейлеріне қарай сатылап орналасуы.

Көлденең еңбек бөлінісі – ұйымдағы бөлімшелердің немесе қызметкерлердің бір деңгейде мамандықтарына , функцияларына қарай бөлінуі.

Тейлоризм - менеджменттің ғылыми негізін қалаушы Ф.У.Тейлордың қағидаларымен жұмыс атқару.

Иерархия – бірнеше элементтердің бір-біріне тәуелді, тікелей, сатылап байланысы.

Иерархиялық құрылым – ұйымның көп деңгейлі

Жоспар – жүзеге асыру үшін таңдалып алынған мақсат, белгілі бір шешім.

Стратегия - мақсатқа жетудегі жалпы, жан-жақты негізгі жоспар.

Тактика – стратегиялық жоспарды орындаудың әдіс-тәсілдері.

Өкілеттілік – көзделген міндеттерді орындау үшін ұйымның ресурстарына иелік шегі

Өкілеттілікті беру –басқару, міндеттерді жүзеге асыру хұқын басқа адамға жүктеу.

Адаптивтік құрылым – сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделе алатын ұйымдық құрылым.

Мотивация – адамдарды жұмысқа ынталандыру жолы.

Гигиеналық факторлар – Мотивацияның екі факторлы теориясының біреуі, онсыз адамдарды жұмысқа ынталандыру қиынға соғады.

Ішкі сыйлық – мотивация жағдайында адамның өз ісіне қанағаттануы, ризашылығы.

Сыртқы сыйлық – мотивация жағдайында орындалған жұмысы үшін сыртқы марапаттау (еңбек ақы, сыйақылар).

Коммуникация – байланыс, қарым-қатынас, ақпарат алмасу.

Ақпарат – басқаруға, өндіріске, технологияға т.б. жағдайларды анықтау үшін қажетті мәліметтер жиынтығы.

Лидер – адамдарға басшылық ету қабілеті.

Миссия – ұйымның жоспарындағы негізгі мақсаты мен міндеті.

Портер-Лоулер моделі – мотивацияның күту және әділдік теорияларының элементтері біпіктіреді ол бес түрлі өлшемге негізделген: ұмтылу, нәтижелілігі , күту, марапатталу және ризашылығы.

Вербалсыз кедергілер – сөзсіз байданыс – көзқарасымен, мимикамен қол қимылымен «сөйлесу».

Семантика – сөздің өзгешелігі, сөздің мағынасын, мәнін ашу.

Эксперттік билік – орындаушылардың басшының біліміне, олардың мүддесінен шығатынына сенімі арқылы жүзеге асады.

Харизма – аса кеңпейілділік, адамдардың көңілінен шыға білу (үлгі көрсету) және тартымдылық арқылы ықпал ету.

Кәсіпкер – жаңа ұйым құру жолында немесе жаңа идеялар мен тауар өндіруге, қызметтер орындауға тәуекел ету.

Шешім қабылдау – ұсынылған нұсқалардың ең қолайлысын таңдау.

Тәуекелділік – белгізіздік, нәтижесі анықталмаған жағдай

Стандарт – өлшеу мүмкіндігі бар нақты көрсеткіш

Басшылық стилі - мақсатқа жету жолында қарамағындағыларға ықпал етудегі мінез-құлық ерекшеліктері, бұған білім деңгейі мен басқа да қарым-қатынас ерекшеліктері жатады.

Этика – жағымсыз іс-әрекеттерден жағымды іс-әрекеттерді айыра білу принципі

Этикалық нормалар – қызметкерлердің жалпы құндылықтар жүйесі мен этика ережелерін сақтауы.

Бизнес – табысқа жеткізіп, пайданы көбейтетін кәсіпкерлік іс-әрекеттер.

Бизнесмен – кәсіпкерлік арқылыпайда келтіретін адам

Коммерциялық есеп – кәсіпорында өндіріске жұмсалған шығындардың орнын толтырып, «ақша-тауар –ақша» айналымы арқылы пайданың тұрақты болуын қамтамасыз ету, бірнеше фирмалар арасындағы байланыс.

Ішкі фирмалық есеп – күрделі ұйымдағы бірнеше бөлімдердің өзара байланысы.

Нарықтық қатынастар – еркін кәсіпкерлік, еркін бәсеке, еркін баға жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық карым-қатынас.

Бақылау – бұл кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына сай алға қойылған міндеттердің орындалуын тексеру.

Индикативті жоспар – жаңа жобалар мен ұсыныстар енгізу жоспары.

Инновация –-өнідріске, технологияға енгізілетін жаңалақтар, жаңа тауар түрлерін т.б. жаңалықтарды ойлап табу.